Сабақ тақырыбы: §


ТӘЖ Тәж дегеніміз – температурасы миллион гардустан жоғары болатын плазма. Қалыңдығы 2000000 км VI. Есептер шығару



бет89/102
Дата28.11.2022
өлшемі18,15 Mb.
#53300
түріСабақ
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   102
Байланысты:
Саба та ырыбы тербелмелі контурда ы электромагниттік тербеліст

ТӘЖ
Тәж дегеніміз – температурасы миллион гардустан жоғары болатын плазма.
Қалыңдығы 2000000 км
VI. Есептер шығару. №10.4.1, №10.4.2.
VII.орытындылау.
VШ Бағалау.
Үйге тапсырма: §10.4 . №10.4.3.
11-сынып.
Сабақ тақырыбы: §11.1. Жұлдыздың планеталық жүйесі. Күн жүйесі.
Сабақ мақсаты:

  • Оқушыларға жұлдыздың планеталық жүйесі, күн жүйесі туралы түсінік беру.

  • Оқушыларды ө­з бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар, видеокассета.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. «Жұлдыздар және Күн» тарауын қортындылау. Өздік жұмыс 20 минут.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Кеңістікте Күнге жақын орналасқан өлшемі үлкен, өзіне тән қозғалысы бар бірнеше жұлдыз табылды.



Бірнеше жылғы бақылаулар осы жұлдыздардың бірі кеңістіктегі өзіне тән траекториядан шын мәнінде де периодты түрде ауытқып отыратыны байқалды. Осы ауытқулар арқылы жұлдыздың күңгірт серіктерінің массалары анықталды.
Планеталар жүйесін спектроскопиялық әдіспен іздеудің де болашағы зор.
2005 ж. Наурыз айының соңында Күн жүйесінен тыс табылған планеталар жүйесінің саны 152-ге жетті. 134 жұлдыздың планеталар жүйесі бар екені белгілі болып отыр. 14 жұлдыздың бірден артық планетасы бар.
Күн жүйесі жөніндегі түсініктің дамуы.
Өзінің дүние жүйесі туралы поляктың ұлы астрономы Николай Коперник (1473 – 1543) ол өзі қайтыс болған жылы жарық көрген “Аспан сферасының айнала қозғалысы жөнінде” деген еңбегінде жазған еді. Оның ілімі бойынша, дүние центрінде Жер емес, Күн тұр. Жерді айнала Ай қозғалып жүреді. Жердің өзі Күннен қашықтығы бойынша (Меркурий мен Шолпаннан кейін) үшінші ғаламшар болып саналады. Ол Күнді айнала және өз осінен айналады. Жердің орбитасының сыртында Марстың, Юпитердің және Сатурнның орбиталары орналасқан. Коперник “жылжымайтын жұлдыздар сферасын” Күннен өте қашыққа орналастырды.
Коперник ұсынған дүние жүйесі гелиоцентрлік деп аталады. Ол ғаламшарлардың тұзақ тәрізді қозғалысын біздің Күнді айнала қозғалатын ғаламшарларды қозғалмайтын Жерден емес өзі де Күнді айнала қозғалатын Жерден бақылайтындығымыздан бізге солай көрінеді деп қарапайым және табиғи түрде түсіндірді.

Күн жүйесіндегі заңдылықтарғы қарамай планеталар ішкі құрылымдарымен, өз осьтерінен айналу периодтарымен, атмосферасының құрамымен өзгешеленеді.

Планеталардың Күнге дейінгі орташа қашықтығы Тициус-Бодэ заңына бағынады:

Егер Күннің бірінен кейін бірі түсірілген бірнеше фотосуреттерін салыстырар болсақ, онда барлық дақтардың орын ауыстырғандарын байқауға болады. Бұл Күннің айналуы себебінен болады. Күн айналысы біртұтас қатты дененің айналысына ұқсамайды. Күн экваторы маңында жақын орналасқан дақтар орта ендіктерде орналасқан дақтардан ылғи озып отырады. Демек, Күннің әр қабатының айналу жылдамдығы әр түрлі. Күннің өз осінен бір айналуы экватор аймағында 25, ал Күннің полюсіне жақын аймағында - шамамен 30 Жер тәулігінде өтеді. Күн экваторындағы сызықтық жылдамдық 2 км/с. Бақылаулардың көрсетуінше, барлық дақтар (Күннің) щығыс жиегіненбатыс жиегіне қарай орын ауыстырады. Демек, Күн өз осін оның төңірегінде ғаламшарлардыңқозғалу бағытымен айналады.
Күннің өлшемдері, массасы және жарқыраулығы. Күн радиусы Жердің радиусымен салыстырғанда одан 109 есе6 ал к-лем3 шамамен 1 300 000 есе зор. Күн массасы да орасан зор. Ол Жер массасынан 330 000 еседей және оның төңірегіндеқозғалатын барлық ғаламшарлардың жалпы масасынан 750 еседей көп.
Жердің Күнненалатын энергиясының мөлшері Күн тұрақтысы деп аталатын шамамен сипатталады. Күн тұрақтысы деп 1 с-та Жер атмосферасынан тысқары, Жердің Күннен орташа қашықтығында күн сәулесіне перпендикуляр орналасқан, ауданы 1 м алаңша бетіне түсетін толық энергия мөлшерін атайды.
Күн тұрақтысын өлшеу үшін биік тау бекетінде арнаулы ыдыстағы судың Күн сәулелерімен қыздырылған қара түсті металл шарықтан алған жылу мөлшерін анықтайды.
Инфрақызыл және ультракүлгін сәулелердің Жер атмосферасында жұтылуын ескеріп, атқарылған мұқият өлшеулер нәтижесінде Күн тұрақтысы 1400 Вт/м-ге тең (дәлірек шамасы бұдан біршама кем) болып шықты.
Күн тұрақтысын өлшеу көп жылдар бойы атқарылып келді. Оның мәні іс жүзінде өзгермейді екен. Яғни уақыт бірлігінде шығаратын толық энергиясы тұрақты. Егер Күн тұрақтысын радиусы Жердің Күннен орташа қашықтығына тең сфераның ауданына көбейтсе, Күннің уақыт бірлігінде шығаратын жалпы энергиясы табылады. Бұл шама Күннің жарқыраулығы .
Күн зат-ң қандай күйде болатындығын білу үшін, алдымен Күннің температурасын білу керек. Күннің температурасын анықтаудың бірнеше тәсілдері бар. Олардың бәрі Жерде ашылған және Ғаламның бүкіл бақыланбалы бөлігінде орындалатынфизика заңдарына жүгінеді. Күн және басқа жұлдыздарды қоса алғанда энергия шығаратын барлық реал денелердібелгілі бір шектелген дәлдікпен ғана абсолют қара дене деп қарауға болады. Күннің көрінерлік жоғарғы қабаттарын құрайтын заттардың қасиеттерін зерттеу, шынында да, ол заттардың сәулені жақсы жұтатындығын көрсетеді. Бұл суретте Күннен шығатын энергияның шамның қыздырылған вольфрам қылы мен шырақ жалыны шығаратын сәулелердің толқын ұзындығына тәуелділігі көрсетілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет