Сабақ Тақырып: Өзіңді тану -өмірді тану Құндылық



бет144/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,41 Mb.
#12529
түріСабақ
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   191
2)Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ барысын талқылау:
Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау


ІІ. Дәйек сөз.

Сабақты оқулықта берілген дәйексөзді талдаумен жалғастыру:

Кісіге екі дүниеді пайдалы (нәрсе)-ізгі іс немесе түзулік.

Екіншісі-ұят,үшіншісі-әділдік.

Бұл үшеуі арқылы адам шын бақытын табады.

Ж.Баласағұни.

Адамдардав бір-біріне ізгі іс немесе мінезі тұзулік,ұят,әділдік болса өмірде бақыт табылатынын түсіндіру.




ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат). (5 мин)

Адам өмірі-іс-әрекеттер тізбегінен,басқалардың әрекеттерін қабылдаудан және оларға деген түрлі көзқарастардан тұрады.Кез келген әрекеттерді дұрыс түсініп,қабылдай білу әркімнің қолынан келмейді.Алайда адамның өзін осы қабілетке баулып,тәрбиелеуге мүмкіндігі мол.

  • Неліктен «Мінез-адам көрсеткіші» болады деп ойлайсыңдар?

  • Адамның жақсы мінезіне нелер жатады деп ойлайсыңдар?

  • Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?

  • Жаман мінезді қалай түзетуге болады деп ойлайсыңдар?

Мәтінмен жұмыс

Жаңа сабақ мазмұнын аша түсу үшін және адамдар арасында қарым-қатынаста мінез-құлықтың орнын түсіндіру мақсатында оқушыларға А.Құнанбаевтың өлеңін оқу ұсынылады.

Ойға түстім, толғандым,

Өз мінімді қолға алдым,

Мінезіме көз салдым,

Тексеруге ойландым.

Өзіме-өзім жақпадым,

Енді қайда сыя алдым?
Бойдағы мінді санасам,

Тау тасынан аз емес.

Жүрегімді байқасам,

Инедейін таза емес.

Аршып алып тастауға,

Аспандағы саз емес.

Бәрі болды өзімнен,

Тәңірім салғмн наз емес.

Осыншама ақымақ болғаным

Көрінгенге қызықтым.

Ғаділетті жүректің

Әділетін бұзыппын.

Ақыл мене білімнен

Әбден үміт үзіппін;

Айла менен амалды

Меруерттей тізіппін;

Жалмауыздай жалаңдап,

Ар, ұяттан күсіппін;

Қулық пенен сұмдыққа

Құладындай ұщыппын;

«Сіз білесіз» дегенде

Күнге күйіп, пісіппін;

Мақтанбасқа мақтанып,

Деп жүріппін «пысықпын».




  • Абай айтқандай адам бойындағы міндердің бүгінгі күндегі көріністері қандай?

  • Өз бойыңыздағы мініңіз туралы ойланып көрдіңіз бе?

«Адамның мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім»-деп таусылыпты Абай. Сіздер ше , келісер ме едіңдер?

(оқушылардың пікірлері тыңдалады)

«Қорғасындай балқыған қайран жақсы»

Иә, жақсы мінез түгесілмес байлығың, жаман мінез ғұмырлық азабың-дегендей жақсы мінез-құлық адам өмірі нәрлендіретіндігін, шынайы бақытқа қол жеткізуіне, адами қарым-қатынас жасауға үлкен мүмкіндік беретіндігі сөзсіз.

Жақсының жүзі жақсы жарқылдаған,

Жақсыдан еш сыр қалмас айтылмаған.

Сұңқарға жұмыртқасын шайқатсаң да,

Қарғадан қарға туар қарқылдаған.



Мінездің түрлері:

8.Тік мінез- бірбеткей, өткір



12. Шайпау мінез- ашушаң, долы

15. Түйеден түскендей мінез-тұрпайы

16.Ойнақы мінез- аумалы-төкпелі

17.Бір мінезді- қалыпты, тұрақты

18. Сабырлы мінез- салмақты, орнықты

19. Ауыр мінез- күрделі

1.Ашық мінез-жайдары

7. Қисық мінез-қыңыр

2.Бала мінез- наз, еркелік


3. Бұйығы мінез- ұяң


4. Сыр мінез-сыралғы, танымды


5. Ер мінез- батыл, өжет, қайсар


6.Сынық мінез-жабырқау, жасық

9. Томырық (тоң) мінез-дүңк етпе

10. Нойыс мінез- дөкір дөрекі


11. Тойтаң мінез-ерсі, шолжаң

13. Шырт етпе мінез- шапшаңшыл, кінәмшәл, өкпешіл

14. Ит мінез- айтақшыл, арсылды


Көгентүп көнелер адамның келбетіне, бас қондырысына, көзіне, сөзіне, дене бітіміне қарап мінезін таныған, баға берген.Атақты ғұлама Жүсіп Баласағұн:

«Құрсақта біткен мінез қара жерге енеді, сүтпен біткен мінезді өлгенше өзгерте алмайсың».

Қазақта да: «Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді» деген мақал бар.

Мұхаммед пайғамбар:

«Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім. Алланың мінезінен үлгі алыңдар»-деп мінездің тәрбиелік және көркемдік маңызына назар аударға


Тапсырма

( Берілген мәтінді оқып, ойын ортаға салады) В.А. Сухомлинский



  • Адам бойындағы қандай жағымды, жағымсыз қасиеттер болады?

  • Өз мінезің туралы не айтар едің?

  • Мына мінездердің қайсысы сенің мінезіңе сәйкес келеді?

Жібектей есілген мінез- үй-ішіне, айналасына жұғымды, қайырымды, мейірімді, үлкенді құрметтеп, кішіні-ізеттеп, кісі бетіне, жел боп тимей тұратын кішіпейіл адамға тән.

Тентек-ұрыншақ, періншек, көп нәрсенің байыбына бармай, барса да ақырын тоспай айтып тастайтын, қағу көрмей өскен, тыюсыз, әл жеткенді ұрып жіберуден тартынбайтын адамға тән. Халық кейде біреулерді «ақылды тентек қой» деп те жатады.

Дөкір-сезімі аз, өзіне сенімі мол, көп сөзге жоқ дүңк етпе, бал-сауаппен санаса бермейтін, тоңмойын, томырық адамға тән.

Кесір-жөн істі теріске балап, өз пікірімен ғана есептесіп әр сөзге кесірленіп, қитығып, алдағанға көнбейтін, айдағанға жүрмейтін адамға тән.

Кербез-бойын түзеп, баптанып, кез-келген адмға әсем көрінгенсіп, жақсыны-киіп, жылтырақты-жиып, сөйлеген сөзі, істеген ісі ішіңді пыстыратын адмға тән.

Паң-тал бойына кісі баласын шақ тұтпай, тең санамай астамсып қарайтын күпірлігі көп адамға тән.

Мақтаншақ-жел сөзге әуес, жоғын-бардай, түйірін нардай ғып көрсетіп, болмасты-болдырып, оңбасты-оңдырып, ауызбен қырман орып, жақсы атансам деген адамға тән.

Ерке-сөзінен де, ісінен де еркіндіктің, ойнақылықтың, кайымсыздықтың лебі есіліп тұратын адамға тән.

Тура мінез- қара қылды қақа жарып бұлтақсыз сөйлемейтін, шыншыл, тәуекелшіл, қиянат, өсек-аяңға жаны қас адамға тән.

Шапшаңшыл- ыссылай қауып айтып қалатын, асығыстай, іс тындыратын, төзімі аздау, тыпырлап қалған тынышсыз адамға тән.

Өзінің мінезін ашық айта алу да, мінезіндегі міндерді мойындауда -ерлік. Берілген мінез түрлеріне қарай отырып, әрбір оқушы өзінде бар жақсы мінезін айтып, кейбір мінезінің міндерін түзеуге болатындығын бүгінгі сабақтағы ғұлама, данышпан ұлылардың сөзінен де үлгі алатындығын басым айтты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет