V.Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
2 тапсырма
Өзіңді жақсы көресің бе?
Сұрақтарға мүмкіндігінше тез, көп ойланбастан «иә» немесе «жоқ» деп жауап бер.
Өзіңді осы қалпыңда жақсы көресің бе?
Сәтсіздік сені қудалай бере ме?
Шешім қабылдамас бұрын айналаңдағылардың пікіріне жүгінесің бе?
Ұйықтар алдында осы күнгі барлық қылықтарың мен сөздеріңді қайта бастан кешіру жиі бола ма?
Басқа біреу егер сенің орныңда болса, өзіе қалай ұстайтынын жиі елестетесің бе?
Өзіңді көзіңше мақтаған кезде ұяласың ба?
Сен ұзақ уақыт жалғыздықта бола аласың ба?
Сенің көңіл-күйің материалдық жағдайыңа байланысты ма?
Бір нәрсенің жамандыққа соқтыратынын алдын ала сезесің бе?
Өз сезіміңді айтып жеткізу-саған проблема ма?
2-тапсырмадағы тестің кілті
0-10ұпай
Сен өзіңді тіптен жақсы көрмейсің. Жамандық күту-сенің қалыпты жайың.Бұл күтулердің жиі болып тұратыны таңқаларлық емес. Өзіңді жек көретін сәттер болады жіне осының нәтижесінде асығыс және қате шешім қабылдайсың. Саған өзіңе көбірек саеу керек!
11-34 ұпай
Саған өзіңді жақсы көру туралы тақырыпта ойлану маңызды емес. Мүмкін сен мұның қаншалықты қажетті екенін білмеген де боларсың. Сен өз қабілеттеріңді толықтай және қажетінше көп пайдаланбайсың, кемшіліктер мен сәтсіздіктерге көңіл бөлесің. Тек өзіңдікіне емес, өзгелердікіне де. Осындай сәттерде өзіңді жақтырмау сезімі сенің басқа адамдарға көңіл бөлу және жақсы көру мүмкіндіктеріңе кедергі келтіреді.
35-50 ұпай
Сен өзіңнен де басқаның абыройын бағалай аласың. Бұл саған қарым-қатынаста көмектеседі және дау-жанжалдан аулақ болуға мүмкіндік береді. Сен өзіңнің барлық кемшіліктеріңді жақсы білесің, бірақ олар үшін бұғып қалмауды үйренгенсің. Олар саған өзіңді жақсы көруге кедергі жасамайды, өйткені сен оған лайықтысың. Ал мұның өзі көбінесе сенің табыстарыңды айқындайды және қуанышты көңіл күй сыйлайды.
Шығармашылық жұмыс орындау оқушылардың сабақта алған білім-біліктерін, іскерліктерін іс жүзінде дәлелдеуге жағдай туғызады.
«Егер адам ақылға салып,табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып,гигиеналық тәртіпті бұзбай жүрсе,денсаулығына зиян келтірмей ұзақ өмір сүрген болар еді». Ж.Брэггтің сөзін талдау жасау.
|