Оқушыларға әдеп,адамгершілікті сипаттайтын сөздер жазылған жетондар таратылады. Оқушылар жетондағы сөздерге байланысты мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтады. Жетондағы сөздер тізбегі: Әдеп, сыпайылық ,қамқорлық, үлкенді сыйлау, кешірім,сәлем беру, сөйлеу әдебі,қарапайымдылық,кішіпейілділік.1.Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді.2.Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергені.3. Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады./Абай/.4. Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен.5. Үлкеннің ақылын тыңдау, сөзге тоқтау, үлкен-кішіні сыйлау- инабаттылық көрінісі.6. Шынайы сыпайыгершілік адамдарға тілектестікпен қараудан құралады.7. 8. Жақсы кісі кешірімді болады.9. Жұтпай тұрып шайнап ал, Сөйлемей тұрып, ойлап ал.10.Қарапайымдылық-моральдық сұлулықтың басты шарты.11.Кішіпейілділіктің жетімсіздігі –ақылдың жетімсіздігі.