Сабақ Тақырып: Өзіңді тану -өмірді тану Құндылық



бет181/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,41 Mb.
#12529
түріСабақ
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   191
Байланысты:
9 сынып 218-2019

2)Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ барысын талқылау:
Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау


ІІ. Дәйек сөз.

Отбасының өнегесі – Отан өнегесі. /Б. Момышұлы/
Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей сапар шекпес. /Қорқыт ата/
Отан отбасынан басталады. /В.А. Сухомлинский/.
Ұлт болам десең, бесігіңді түзе! /М. Әуезов/





ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат). (5 мин)

   Саламатсыңыздар ма? Сабағымызды бастамас бұрын кесінділерді таңдайық.
/«әке», «ана», «бала» сөздері жазылған кима сөздерді ұсынамын/ 2-3 мин.
-Олай болса таңдап алған сөздерге байланысты топтарға бөлінейік. Әр топқа тапсырма таңдаған сөздерге байланысты топқа ат қою, ұран даярлау, сосын бір шумақ өлең айту /2-3 мин.
- Әр топқа қорғауға. 3-4 мин.
Мағынаны тану сатысы: 
- Қалай ойлайсыздар қандай ниетпен біздер «әке», «ана», «бала» болып үш топқа бөліндік?
- Бұл үш сөз арқылы отбасы, жанұя деген ұғымды қарастыруға болады. Отбасы, жанұяны сөздерін естігенде қандай ой пайда болады? Олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Адам мен отбасы»
- Мәтінмен жұмыс.


Оқулықтың 114 беттінде «Мен оны пір тұтамын» атты әңгіме берілген талқылайық. Әр топқа тапсырма: мәтін бойынша пікірлерді жинақтап, өз пікіріңді ұсын.
Айтылған пікір Менің пікірім
Біздің қолымыздан енді ешнәрсе келмейді. Тезірек үйіңізге алып кетіңіз. 
Мұрат, жаман айтпай жақсы жоқ деген, жолда олай бұлай болып кетсе қайтесің.
Нағыз бақыт жұмыр басты пенде үшін екі аяғынан жер басып тұру екен ғой. 
Қиын қыстау күндері қасымда болып, басымды сүйеді. Өмірдің қызығын да, қиыншылығын да қатар бөлісті. 
- Олай болса сендердің ойларыңша «отбасы» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
- Жалпы жауаптарыңызды салыстырайық. 
- Келесіде, «отбасы жарастығы» неге байланысты деп ойлайсыздар?
Сіздердің ойларыңызды салыстырайық.
Бейнероликке көңіл аударайық. /Өмір мектебі/
- Адамға өмірде ең қымбат ол оның - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдылық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре , түсіне білгенде отбасы берік болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет