Әр адамның бойында абырой,намысы болса,алмайтын асуы қалмайды,ұлттық салт-дәстүрін,ана тілін құрмет тұтып,патриоттық сезімі жоғары болатынына ешқандай күмәнің болмайды.Бұл да-ұлттық тәрбиенің қайнар бұлақтарының бірі.
Қандай жағдайда ішкі дауысыңды тыңдайсың?
Адамның өз арын адал сақтауына қандай қасиеттер көмектеседі?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
I-топ: «Ар намыс керек адамға .......... өйткені» постер қорғау
II-топ: «Ар-ұят, бедел, құрмет, қадір-қасиет» талдау жасау
Халық нақылы Ар-намысыңның пәктігі –
Жан-дүниеңнің шаттығы.
Мұзафар Әлімбаев Ұят жүрген жерде абырой төгілмейді,
Абырой бар жерде ар шапаны сөгілмейді.
Халық нақылы
Абырой – ар еңбегі.
Халық нақылы
IV – топ: Намысы бар жігіттің, нар күшіндей күші бар,
Намысы жоқ жігіттің, намыспенен несі бар?
Халық нақылы
Бұрқ етті қазақ баласы,
Кеудеде өршіп наласы.
Алаңға қарай ағылды,
Таусылып барлық шарасы.
Қазақтың намысын оятқан Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына тоқталу.
Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков туралы шығарма жазу.
Топпен ән айту.
«Намыс» әні
Намыс деген нақты шындық білгенге,
Намыссыз ер нағыз өмір сүргенбе?
Намыс үшін нақақ кетсем өкінбен,
Найзағаймын намысыма мінгенде.
Намысымда нәзіктігім бардағы,
Намысымның биік - биік арманы.
Азаматтық ақиқатқа сүйеніп,
Намысымды жоғалтпасам болғаны.
Намыс нардың көтереді жүгін де,
Намыс ерлік еңіреген бүгінде.
Намыспенен жүріп өтсем тағдырды,
Өшпестей боп қалар менің ізім де.
А. Калетаев
Б.Үсенбаевтың
Үй тапсырмасы. 78 -беттегі Балқар аңызын оқу,талдау