бет 78/191 Дата 06.01.2022 өлшемі 3,41 Mb. #12529 түрі Сабақ
Байланысты:
9 сынып 218-2019 Аңыз әңгіме.
Хан баласына көп қазына береді де өзіңе дос жина дейді. Баласы 1-2 күн сапарлатып келеді де 100 дос тауып келдім дейді. Қырық жыл хан болып , менде бір жарым ғана дос бар. Сен қалай бір жолғы сапарда 100 дос таптың дейді әкесі.
Нағыз достың қандай болатынын түсіндірейін деп , бір жарым достың тарихын айтады. Оның бір досы - бай, жарты досы - кедей екен. Хан сол екі досын сынамақ болады. Мен үшін жаныңды қи , сонда мен тірі қаламын,-дейді хан бүтін досына ауырып жатқан болып. Ол жанымды емес , малымды ал, балаларым көп еді дейді. Хан кедей досын шақырады. Оған да соны айтады.
-Қидым,-дейді кедей.
-Неге?-деп сұрайды хан.
-Менің жаным халықтың ханын сақтап қалуға жараса , одан артықтың керегі не маған,-дейді кедей.
Содан соң хан кедейді бүтін, байды жарты досым депті. Ал балам , сенің жинаған жүз досың ның қайсысы осы әрекетке бара алады,-деген екен.
Аңыздың мағанасына байланысты сұрақтар?
Аңыз әңгіменің мағанасынан нені түсінуге болады?
Ханның «байды жарты, кедейді бүтін досым» деп айтуына не себеп болды?
Нағыз досты қай кезде біле аламыз?
Достыққа адал болудың сыры неде?
Достар арасында дұрыс әрекеттің көрінісін сипаттайтын өз тәжірибелеріңізден мысалдар келтіріңіздер.
Достар арасында қандай жалпыадамзаттық құндылық маңызды?
Интернеттен алынған
6.Шығармашылық жұмыс: « Халықтар достығы тақырыбы аясында сценарий жазу.
1. Халық арасындағы татулықты қалай сақтауға болады ?
2.Мемлекетімізде тыныштықтың сақталу себебі неде?
Топпен жұмыс.
Әр топ берілген тақырыпқа байланыстырып сценарий жазады
7. Топпен ән айту.
1. Бірге тойлап ,бірге өткізген ,
Жалындаған жас жаным.
Талай қызық күнді өткізген,
Қайдасыңдар ,достарым?
Қайырмасы:
Достар,достар жүрсің қайда,
Бірге еді ғой жанымыз.
Еске алысып осындайда кел шырқайық бәріміз
2.Бәріміз де таптық бүгін,
Бақыт жролыын іздеген.
Дос үміті-достық сенім,
Әрқашанда бізбенен.
3.Жүрсек дағы қиыр шетте ,
Досты ұмытқың келмейді.
Достық жалын бар жүректер ,
Суымайды,сөнбейді.
«Қайдасыңдар достарым»
сөзін жазған :Қ.Ыдырысов
Әнін жазған : Ә.Еспаев
8.Үй тапсырмасы: Ж.Бейсенбаевтың «Сәлемдесу әдебі» мәтінін оқу
9.Қорытындылау. Соңғы тыныштық сәтi. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар .
1.Сабақтан нені үйрендік?
2.Сабақтан не алдық?
Достарыңызбен бөлісу: