3. Еркіндік пен жауапкершілік: Ж.П. Сартр. Еркіндік және абсурд: А. Камю. Н.А. Бердяевтің еркіндік концепциясы.
Жауапкершілік – еркіндіктің керісінше жағы, оның екінші «мені», ол еркіндікпен үздіксіз байланысқан, еркіндіктің имманентті шектеушісі болып табылады. Адам о баста табиғатпен туылса да, оған берілген еркіндік пен жауапкершілік, оны айналадағы болмысты зерттеп, тануға қызықтырады. Сондықтан бұларды иеленгендер қашанда белсенді позицияда тұрады. Таңдау еркіндігі арқылы әрекеттене отырып, адам тәжірибесін байытады, өзін көрсету мүмкіндігіне ие болады. Олар өз еркімен әрекет етіп, ойлай алатын мүмкіндіктен тұрады.
3. Еркіндік пен жауапкершілік: Ж.П. Сартр. Еркіндік және абсурд: А. Камю. Н.А. Бердяевтің еркіндік концепциясы.
Еркіндік пен жауапкершілік тұлғаның өмір сүруінің шарттары, адамдар өз әрекетінің мақсатын анықтағанда едәуір еркіндікті иеленеді. Еркіндік те, жауапкершілік те абсолютті үғымдар емес. Еркіндік бізді күреске итерме-лейді, адамдық қуаныш пен ләззаттан бас тартуға сүйрейді. Қайғыру, тәуекел, жеңіліс арқылы болған еркіндіктің өзі өмірімізді жақсы ете алады, сондықтан оған адам ғана таңдау жасайды.
3. Еркіндік пен жауапкершілік: Ж.П. Сартр. Еркіндік және абсурд: А. Камю. Н.А. Бердяевтің еркіндік концепциясы.
Еркіндік пен жауапкершілік мәселесі өздерінің әлеуметтік мәнінде қоғамдық өмірде, саясатта, заң, басқа да заңды актілерде, өнерде, көркем әдебиетте кең тарағандықтан антропо-логия, саясаттану, заң ғылымдары, психология, мәдениеттану, әлеуметтану, этика, қоғамтану пәндерінің орталық мәселесі ретінде көреміз.
3. Еркіндік пен жауапкершілік: Ж.П. Сартр. Еркіндік және абсурд: А. Камю. Н.А. Бердяевтің еркіндік концепциясы. Философиялық сөздікте де жауапкершілік пен еркіндік өзінше анықталып жүр. Анықтамасы бойынша: «Жауапкершілік – этика және құқық саласымен байланысқан, ерекше, әлеуметтік және моралді, құқықтық тұлғаның қоғамға, адамзатқа қатынасын білдіреді, ол өнегелік парыз атқарумен сипатталына-ды». Анықтамада көрсетілгендей, шындығында, қазіргі кезде жауапкершілік этика мен құқық саласында ең көп қолданыс тапқан, өнегелік парыз сезімімен байланысқан. Дегенмен, бұл анықтаманы толық, жан-жақты деп айту қиын, себебі, адам онтологиясының осы мәселеге қатысты келесі маңызды көрінісі – еркіндікпен байланыссыз қарастырған. Жауапкершілік – еркіндіктің керісінше жағы, оның екінші «мені», ол еркіндікпен үздіксіз байланысқан, еркіндіктің имманентті шектеушісі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |