«Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәнінің мақсаты:
Оқушылардың жеке мүшелері мен жүйелерінің құрылысын, қызметтерін, ерекшеліктерін, биологиялық маңызын және әр түрлі жас кезендеріндегі тіршілік әрекеттердің өзгерістерін зерттеп білу.
«Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы» пәнінің негізгі міндеттері:
- түрлі мүшелердің, жүйелер мен ағзаның қызмет ету ерекшеліктерін зерттеу;
- түрлі жас кезеңдерінде ағзаның қызмет ету ерекшеліктерін және ағзаға әсер ететін экзогенді және эндогенді факторларды анықтау;
- жастың шынайы келбетін анықтау (жасқа сай нормалары);
- дербес дамудың заңдылықтарын анықтау.
Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәні мынандай мәселелерді шешеді:
1. Мұғалімдерге балалар мен жасөспірімдердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін түсіндіреді.
2. Өсу мен дамудың негізгі биологиялық заңдылықтары туралы дұрыс түсінік қалыптастырады.
3. Оқыту және тәрбиелеу жұмысында маңызды орын алатын шартты рефлекстердің негізімен таныстырады.
«Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы» – жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің, ақыл-ойын дамытудың, дені сау, сымбатты, сұлу етіп өсірудің негізі. Ол балалар мен жастардың денесінің дұрыс өсіп дамуын, ақыл-ойының жетілуін қамтамасыз етіп, оған қажетті жағдайларды ұсыну арқылы түрлі аурулардың алдын алады, еңбек қабілетін күшейтеді, дене шынықтыру жолдарын, күн кестесі мен түрлі еңбек кестелерінің бала ағзасына тиімді түрлерін анықтайды.