Онтогенез заңдылықтары-тұқым қуалаушылық және ағзаның дамуымен байланысты.
Тұқым қуалаушылық – тірі ағзаның ұрпаққа тұқым қуалау ақпараттарын жинақтап, сақтап және бере білу қасиеті. Тұқым қуалау белгілерін беру және сақтауды ДНҚ және РНҚ қамтамасыз етеді. Тұқым қуалаушылық ақпараттарын беруде ДНҚ-ның маңызы жоғары.
Белгілі бір ерекшеліктердің ақпараттарын сақтайтын ДНҚ молекуласының бөлігі ген деп аталады. ДНҚ әрбір молекуласында жүздеген гендер бар және олар түрлі белгілердің даму бағдарламасы мен ағзаның қасиеттерін көрсетеді.
Онтогенез заңдылықтары
ДНҚ молекулалары айрықша ақуыздармен біріге отырып, хромосоманың ядросын құрайды. Адамның соматикалық жасушаларының ядроларында 46, ал жыныстық ядроларда 23 жұп хромосома болады. Дүниеге келген ағза белгілердің жартысын анасынан, жартысын әкесінен алады.
Ол белгілердің комбинациясы әртүрлі болуы мүмкін. Сол тұқым қуалау арқылы берілген комбинация адамның «гендік кескіні» - генотипті анықтайды. Тіршілік барысында бойға сіңірілген ағзаның қасиеттер жиынтығы адамның фенотиптік кескінін - фенотипті анықтайды. Сонымен, әрбір балаға дамудың дербес гендік бағдарламасы тән.
Түйіндеме
«Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы» пәнін оқу барысында, болашақ мамандар ағзаның жас ерекшеліктерімен, балалардың денсаулығын сақтау, нығайту заңдылықтарымен тәрбие жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптармен танысады.
Бақылау сұрақтары
1. Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәні нені зерттейді?
2. Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәннің оқу-тәрбие жұмысы кезіндегі маңызы.
Тест сұрақтары
Жасқа байланысты адам денесінің құрылысы мен қызметін зерттеудің дамыған мерзімін атаңыз?