Атақты ғалым, физиолог И.П. Павловтың қосқан үлесі зор.
Атақты ғалым, физиолог И.П. Павловтың қосқан үлесі зор.
Балалар ағзасының қалыпты физиологиясын білу олардың денсаулығын сақтауда маңызды деректер берді. Жасқа байланысты адам денесінің құрылысы мен қызметін зерттеудің дамыған мерзімі ХХ ғасырдың 60 – 80-ші жылдары. Бұл кезде балалардың денесіндегі зат алмасу, энергия алмасуы, тыныс жүйесінің ерекшеліктері, жүрек-қан тамырлары жүйесінің өсіп дамуы және ерекшеліктері толығынан зерттеледі.
Осыған орай мектептерде аурудың алдын алу шаралары күшейтілді.
Осыған орай мектептерде аурудың алдын алу шаралары күшейтілді.
Бала ағзасына әсер ететін жағдайларды зерттеп қана қоймай, сол әсерлерге қарсы жұмыстар ұйымдастырудың маңызы зор. Оның ішінде балалардың түрлі жағымсыз жағдайларға бейімделу қабілетін анықтап, ағзаның мүмкіншіліктерін пайдалану жолдарын тауып, мектептерде санитарлық жұмыстарды жөнге келтіру қажет.
Мектеп гигиенасы ғылымының нағыз қалыптасуы ХІХ ғасырдың ортасында бастауыш және орта мектептерде жүргізілген бақылаулар мен тәжрибелік зерттеулердің материалдарын жинап жүйеге келтірумен байланысты. Балаларды тәрбиелеу жағдайларына байланысты олардың денесінің дамуы анықталады. Ғылыми зерттеулер арқылы балалардың өсуі мен дамуы тікелей олардың денсаулығына байланысты екені анықталды. Кейбір созылмалы аурулар балалар бақшасының ересектер тобында жүргенде пайда болып, олардың мектептегі оқуына әсер ететіні анықталды.
Онтогенез заңдылықтары
Онтогенез (ағзаның дербес дамуы) – ағзаның ұрық болып пайда болғаннан бастап, өмірінің соңына дейінгі тіршілігінің барысы.
Онтогенездің дамуының салыстырмалы түрде екі даму кезеңі бар: перенаталды және постнаталды кезеңдер.
Перенаталды кезең ұрық пайда болғанда басталып, бала өмірге келгенге дейін, постнаталды кезең өмірге келгеннен бастап, адамның өлуіне дейін жалғасады. Бірінші кезең шамамен алғанда 280 күнге созылады. Екіншісінің ұзақтығы түрлі адамдар үшін әртүрлі. Оның ерте, ересек және соңғы (қартаю, егде тарту) даму кезеңдерін бөліп көрсетуге болады.