Сабақ түрі: дәріс Қарағанды 2023 Жоспары


«Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы



бет3/6
Дата01.10.2023
өлшемі0,97 Mb.
#112160
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

«Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы

  • Анатомия - ағзаның құрылысын зерттейтін биологиялық ғылым.
  • Анатомия термині гректің: кесемін деген сөзінен алынған. "Осып, кесу" анатомияның зерттеу әдістерінің бір тәсілі болып саналады. Профессор Х. Досмұхамедов 1925 ж. анатомияны "Тәнтану" деп, физиологияны "Тән тірлігі" деп балама берген.
  • Анатомия — биологиялық пәндердің негізі. Анатомиясыз палеонтологияны, антропологияны, физиологияны, гистологияны, эмбриологияны, эволюциялық ілімді, психологияны және педагогиканы түсіну мүмкін емес.
  • Физиология ғылымы ағзаның тіршілігін, оның барлық мүшелері мен торшаларының қызметін зерттейтін, сонымен қатар, олардың қызметтерінің реттеу жолдарын анықтайтын ғылым. Ол өмір сүру, экология, сыртқы орта және ішкі жағдайларға байланысты өтіп жататын ағзадағы құбылыстарды бақылайды. Физиология ғылымы ағзаның жеке мүшелерін белгілі бір жүйеге келтіріп, олардың қызметтерін бір – бірімен қарым – қатынастарын сол тұрғыдан қарастырады.

Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәніне кіріспе

  • Мектеп гигиенасы – балалардың денсаулығын қорғау және нығайтуға, үйлесімді дамуына және дұрыс тәрбиелеуге бағытталған ғылым. Соның негізінде балалар ағзаларының қызмет ету мүмкіндіктерін үйлесімді дамыту мен жетілдіруге бағытталаған гигиеналық нормативтер мен талаптар құрылады. Бұл пәннің негіздері жалпы гигиена мен медициналық гигиена, биохимия, биофизика, психология, педагогика, генетика және т.б. биологиялық , табиғат тану ғылымдарының табыстарына сүйенеді.
  • Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы анатомия мен физиология ғылымдары дамуына байланысты пайда болған физиология ғылымының үлкен саласы. Адам ағзасының жас ерекшеліктерін зерттеу осы екі ғылымның дамуының негізінде пайда болған.
  • Мектеп гигиенасы жалпы гигиена ғылымымен байланысты. Гигиена адам денсаулығына қажетті сыртқы ортаның экологиялық жағдайларын және аурудың алдын алуға бағытталған шараларды зерттейтін ғылым. Адам денсаулығы табиғи және әлеуметтік – экономикалық әсерлерге байланысты қалыптасқандықтан, гигиена ғылымы оған қажетті түрлі сауықтандыру жұмыстарын ұйымдастырып, бақылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет