Сабақ «xviii ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы» тақырыбына дидактикалық материал (1-сабақ) Қосымша-1



бет3/7
Дата24.11.2023
өлшемі52,05 Kb.
#125331
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Бұқар жырау
Бұқар жырау Қалқаманұлы – әйгілі жырау. Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Бұқар жырау Баянауылдағы Далба тауы бойында 1693 ж. өміргі келіп, кіндік қаны тамған жерінде 1787 ж. тоқсан төрт жасында дүние салған. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Бұқар жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Жырау азаттық жолында ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады. Жыраудың «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «Басыңа біткен күніңіз», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», «Ал, айтамын, айтамын» атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады.
Бұқар жыраудың толғаулары, шын мәнінде, Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел «Көмекей әулие» Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды. Бұқар жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді.
Бұқар жырау дәуір, өмір, тұрмыс-тіршілік құбылыстарын және олардың себеп-салдарын түп-тамырынан қозғап қана қоймаған, білгір дана қиял қанатында самғап, келешек заманның кереметін де көре білген, көрегендікпен болжай таныған: «Әлемді түгел көрсе де, Алтын үйге кірсе де, Аспанда жұлдыз аралап, Ай нұрын ұстап мінсе де, – Қызыққа тоймас адамзат!»
Бұқар жырау шығармаларының текстологиясы әлі күнге ретке келтірілмеген. Бұхар - XVIII ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақын. Бұхар жырау Арғынның бір бұтағы саналатын Қаржас, оның ішінде Алтын торы Қалқаманұлы. Әкесі Қалқаман батыр атанған деседі. Бұхар Баянауылда туып, сол жерде өлген. Моласы Далба тауының ішінде көрінеді.Бұхар жөніндегі нақтылы тарихи дерек - XVIII ғасырдың екінші жартысында хандық құрған Абылайдың кезінде өмр сүруі. Бір сөзінде Абылайды 11 жасынан бері білемін дегенді айтады. Абылай 1710 жылы туып, 1781 жылы өлген. Ал Абылай өлгенде Бұхар жырау тірі. Өйткені оның өлер алдында Абылайға көңіл сұрап келіп айтқан сөзі күні бүгінге шейін сақталған.
Бұхардың бізге жеткен өлеңдері: «Ай, Абылай, Абылай», «Керей, қайда барасың?», « Айналасын жер тұтқан», « Бірінші тілек тілеңіз», «Жал құйрығын қаба деп», «Сен он бір жасыңда», «Қалданменен ұрысып», «Кәрілік туралы».


Қилы заман” толғауы
Күнбатыстан бір дұшпан,
Ақырында шығар сол тұстан.
Өзі сары, көзі көк,
Діндарының аты боп,
Күншығысқа қарайды.
Шашын алмай, тарайды,
Құдайды білмес, діні жоқ,
Жамандықта міні жоқ, Затсыз,
тексіз бір кәпір,
Аузы-басы жүн кәпір,
Жемқорларға жем беріп,
Азды көпке теңгеріп,
Ел қамын айтқан жақсыны,
Сөйлетпей ұрар ұртына.
Бауыздамай ішер қаныңды,
Өлтірмей алар жаныңды,
Қағазға жазар малыңды.
Есен алар пұлыңмен,
Солдат алар ұлыңнан,
Күндердің күні, Абылай,
Жаяулап келер жұртыңа,
Жағалы шекпен кигізіп,
Балды май жағар мұртыңа,
Есе тимес өзіңе, Есіктегі құлыңнан.”


Өзің қонған Көкшетау,
Кәпір қала салды, ойла!
Жарқайың деген жерлерге,
Шашылып шеті барды, ойла!
Атбасар мен Қалқұтан,
Балығы тәтті су еді.
Өзен бойын шаңдып ап,
Сүзекісін салды, ойла!
Нұрада бар Ақмола,
Есілде бар Қараөткел,
Екі өткелдің аузынан,
Қараөткелді салды, ойла!
Баянауыл, Қызылтау,
Оны да кәпір алды, ойла! ….
Кетпейін десе жері тар,
Кетейін десе алды-артын,
Қарқаралы деген тауларға,
Қарқарасын шанышты, ойла!
Ұлытау, шеті Созақтан,
Берекелі жерлерден,
Көкорай шалғын көре алмай,
Шұбырып қазақ кетті, ойла!
Қоршап алған кәпір бар.
Ұйлыққан қойдай қамалып,
Бүйірден шаншу, қадалып,
Сорлы қазақ қалды, ойла!”.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет