Сабақ «xviii ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы» тақырыбына дидактикалық материал (1-сабақ) Қосымша-1



бет7/7
Дата24.11.2023
өлшемі52,05 Kb.
#125331
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дидактикалық материал 8 сынып XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы 1-сабақ

Жанкісі жырау
Жанкісі жырау (1772-1849 ж.). Бағаналы найман ішінде Қарабала—Шағыр руынан шыққан Барлыбай бидің інісі. Ақын Арқада туып - өскен және өз заманының ділмар билерінің бірі болған. Ғасырдың алғашқы жартысында, аумалы-төкпелі заман кезінде Қоқан билігіндегі Сыр бойына қоныс аударған сияқты. Ел аузында Жанкісінің қоқандықтар қолынан өлгені және өлім арты құн даулаған үлкен толқынысқа ұласқаны туралы дерек сақталған.
Жанкісі Басыбайұлы (1772-1849) - белгілі би, шешен, ақын. Орта жүз Найман тайпасының Бағаналы тармағынан шыққан. Қарағанды облысының Ұлытау ауданының Ұлытау ауылында дүниеге келген.
Жасынан зерделі де зерек өскен ол ел арасындағы даулы мәселелерді шешуде тапқырлығымен, шешендігімен, әділдігімен көзге түскен.
Кейбір аңыз әңгімелерде Жанкісінің шын аты - Жанқиса және ол қоқан хандығы әскерілерімен қақтығыста қайтыс болған делінеді. Жанқисаның жанама аты Жанкісі екенін Ермахан Бекмаханов та атап көрсеткен. Жанкісі Басыбайұлының шығармаларының көпшілігі сақталмаған. «Мақпал - Cегіз» дастанының үзіндісі, «Қоқан ханына айтқаны», «Қожыққа айтқаны» толғаулары ғана жеткен.
Мақпал атты сұлу бойжеткеннің өнері асқан жігіт – Сегіз серіге ғашықтық хикая¬сы баяндалған жырлар негізінен Жайық, Ойыл, Сыр өзендерінің аралы¬ғындағы ежелгі эпикалық кеңістікте тараған. Эпос зерттеушілері «Мақпал қыздың» сюжеттерін әлеуметтік теңсіздік, феодалдық, қоғамдағы әйел тағдыры, махаббат, еркіндік мәселе¬леріне жақындатады.
Сүлеймен су аяғы Көкше теңіз,
Өсімтал байдың малы табады егіз.
Әлеумет, құлақ салып тыңдасаңыз,
Өтіпті ғашықтықпен Мақпал-Сегіз.
Жанкісі Басыбайұлының «Қоқан ханына айтқаны» толғауы «Ай-заман-ай, заман-ай» жинағына енген. Осы толғауында Жанкісі би Қоқан ханын, оның салықшы беттерінің әділетсіздігін өткір сынаған. Кейін оларға қарсы ашық күреске шыққан.
Жанкісі Басыбайұлының «Қоқан ханына айтқаны» толғауы 1830 жылы орыс тіліне аударылып, «Песня о временах владычества коканцев» деген атпен «Образцы киргизской поэзии в песнях эпического и лирического содержания, переложенных в русские стихи» жинағында жарық көрген (1885,Орынбор). Кейбір шығармалары Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында сақтаулы тұр.

Қосымша-2

Тәуелсіздік



бостандық, азаттық

Елбірлігі



елдің татулығы, ынтымағы, достығы

Отан қорғау



Еліңе қауіп төнгендегі жауға қарсы іс-әрекетің

Ерлік



батылдық, батырлық, өжеттік

Жұмылдыру



ортақ мақсаттың орындалуы үшін түсінік жүргізу, ұйымдастыру

Мадақтау



мақтау, дәріптеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет