Сабақ «xviii ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы» тақырыбына дидактикалық материал (1-сабақ) Қосымша-1



бет5/7
Дата24.11.2023
өлшемі52,05 Kb.
#125331
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Тәтіқара
Тәтіқара (1705, қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданы – 1780, сонда) – ақын, жырау. Абылай ханның ақылшысы ретінде біршама уақыт хан сарайында тұрған. Олжабай, Бөгенбай батырлардың қалмаққа қарсы жорықтарына қатысып, олардың ерлік істерін мадақтаған, толғауларында жауынгерлерді табандылыққа, төзімділікке үндеген. 1756 жылғы Цин империясы басқыншылары мен Абылай сарбаздары арасында өткен соғысты сипаттаған жалынды жырлары (“Қамыстың басы майда, түбі сайда”, “Кебеже қарын, кең құрсақ”, т.б.) Тәтіқара есімін халыққа кеңінен танытты.
Тәтіқара — Абылай ханның тұстасы. Қалмаққа қарсы жорыққа қатысып, сол жорықтарды жырлаған ақын.
Ш.Уалиханов Тәтіқараның кезінде ірі ақын болғандығын айта келіп, оны Абылай қолының жыршысы деп орынды ескертеді және Абылай қолының жаудан сасқан бір шағында айтқан Тәтіқара өлеңінің мазмұнын баяндап береді. Профессор Е.Ысмайылов та Бұхар мен Тәтіқараны Абылайдың қалмаққа қарсы күресін шыншылдықпен жырлаған ақындар деп көрсетеді. Соған қоса, ол Тәтіқараны өзі көрген жортуыл туралы жырлар шығарған эпик ақын деп санайды. «Ер Тарғын», «Қобыланды» сияқты жырларды оқиғаның куәсі болған Сыпыра жырау шығарып, ал онан соң Үмбетей, Тәтіқаралар таратуы ықтимал,-дейді. (Е.Ысмайылов. Ақындар. А., 1956. 44-бет).
Академик Ә.Марғұланның ескертуі бойынша, Тәтіқара жырау — ХVІІІ ғ. 1 жартысында жасаған қазақтың ірі ақыны, жыршы- импровизатор. Оның өлеңдері мен жырларынан тек ауыз әдебиетінің ерекшеліктері ғана емес, жазба әдебиетке тән сипаттар да байқалады.
Тәтіқара қол бастаған батырлар ісін, олардың ерлік дәстүрін үлгі ете сөйлеп, қалың қолды ілгері ұмтылуға үндейді. Алдағы судан да, жаудан да тайынбай, батыл шабуылға бастайды.
Тәтіқара — кезіндегі шындықты жасырмай жырлаған батыл ақын. Ол Абылай бастаған қолдың жаумен кейбір айқаста табансыздық көрсеткен жерлерінің де болғандығын жасырмайды. Ақын Абылайдың жеңістері бір өзіне байланысты емес, халық ерлігіне байланысты, қазақтың қол бастаған сан батырларының жанқиярлық пен қаһармандық көрсетулерінің жемісі дейді. Кейбір қолжазба деректер Тәтіқараны Абылайға сын сөздер айтуға батылы жеткен ақын деп танытады. Асылы, Тәтіқара да Бұхар сияқты ханның астам көңілін басарлық ауыр сөздер айтуға батылы жеткен беделді адам болса керек. Кей тұста ақын Абылайды жақтаушыдан гөрі әшкерелеуші, сыншы боп танылады («Кеше тоқыраулы судың бойынан…», «Кебеже қарын, кең құрсақ…»).
Халық аңызы бойынша, Тәтіқара кейін сарай маңынан біржола қуылып, жасы ұлғая келе жоқшылық көріп өледі. Тәтіқара шамамен 1780 жылдары 75 жасында дүние салады. Ол қартая келе мұқтаждықты көп көреді. Өзінің халін біле келген билерге айтқан қартайған кездегі бір өлеңінде Тәтіқара өз басына түскен ауыр жағдайды баяндайды. («Ассалаумағалайкум, жақсылар мен жайсаңдар»). Ол ішер асқа, қонақасыға, қонар қонысқа зар болып, өз еңбегімен күнелткен, қара лашықты кедей боп, қиындық көріп өлген, сонда да ешкімге бас имей өткен, өткір тілді шешен ақын болған.
Кебеже қарын, кең құрсақ
Кебеже қарын, кең құрсақ,
Артық туған Абылай,
Көтере көр бұл істі.
Көп қытайдың жылқысы
Тұрымтайдай құнысты.
Жау жағадан алғанда,
Ит етектен алғанда,
Ер Абылай қорыққан жоқ,
Әншейін еңкейе бере жылысты.
Бәсентиін Сырымбет
Оқ жіберіп ұрысты.
Ақыл қалмас қашқанда,
Дегбір қалмас сасқанда.
Баяндай ерді көрмессің,
Бұрылып жауды шанышқанда!..


Кеше бұл тұрымтайдай ұл еді-ау,
Түркістанда тұр еді-ау,
Қызметші боп жүр еді-ау,
Үйсін Төле билердің
Түйесін баққан теріс аяқ құл еді-ау!
Дәл жиырмаға келгенде
Ақ сұңқар құстай түледі,
Азуын тасқа біледі,
Дұшпанға найза тіреді.
Үш жүздің сонда баласы
Ақылдасып, кеңесіп,
Хан көтеріп еді!
Үш жүздің баласын
Бір баласындай көрмеді.
Ат құйрығын сүзіңдер,
Аллалап атқа мініндер,
Ханталау қылып алындар!


Қамыстың басы майда, түбі сайда, 
Жәнібек Шақшақұлы - болат найза!
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,
Ер жігіттің ерлігі осындайда.
Бөкейді айт сағыр менен дулаттағы,
Деріпсәлі, Мандайды айт қыпшақтағы!
Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айт уақтағы!
Ағашта, биікті айтсаң, қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң, Бөгембайды айт!
Найзасының ұшына жау мінгізген -
Еменәлі керейде ер Жабайды айт!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет