Сабақ «xviii ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы» тақырыбына дидактикалық материал (1-сабақ) Қосымша-1



бет4/7
Дата24.11.2023
өлшемі52,05 Kb.
#125331
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Үмбетей жырау
Үмбетей Тілеуұлы 1697 жылдар шамасында осы еліміздің Ерейментау өңірінде дүниеге келген. Әкесі – Тілеу қаһармандық жырларды, көне аңыздарды, шешендік сөздер мен қиссаларды жақсы білетін шежіре, сонымен қатар халықтың музыка өнерінен көп хабары бар шебер қобызшы, ел ішінде абыз атанған адам екен. Үмбетейдің өмірдегі, өнердегі мектебі — өз әкесі, дәріс алған тұстаздары – сол кездегі әкесі тәрізді көнекөз қарттар. Ақындық қабілеті ерте байқалған Үмбетей ауыл арасында ғана емес, жалпы жұртқа да өзіндің ерекшелігімен өте тез танылады. Жоңғар шапқыншылығы кезінде ат жалын тартып мініп, найзасы мен жалынды жырларын жауына қатар сермеген Үмбетей жырау халқының құрметіне бөленеді. Сыртқы жаулармен күресте аты шыққан батырларды мадақтау оның өзекті тақырыбына айналады.
Үмбетей – Бұхар жыраудың әрі замандасы, әрі тілектес-ниеттес ең жақын досы болған адам, XVIII ғасырдағы ең атақты, ірі жыраулардың бірі. Ол өзі көрген, басынан кешкен тарихи оқиғаларды жеріне жеткізе шыншылдықпен жырлайды. Оның бұл қасиетін Бөгенбай батырды жоқтауынан және оның дүниеден өткенін Абылайға естіртуінен айқын аңғарамыз. Үмбетейдің жыраулық, ақындық өнерінің ерекше қасиеттерін Шәкәрім Құдайбердіұлы шеберлікпен суреттейді. Қарақұм құрылтайында қазақ жүздерінің күш біріктіруі арқасында Бөгенбай бастаған халық жасағының 1711 жылы жоңғарлармен соғыста үлкен жеңіске жетуі де Үмбетей жырларына арқау болады.
Абылай хан тапсырмасымен Бөгенбай батырдың жанында болған Үмбетей жырау 1761 жылы Абылайдың Әділ деген баласына еріп Қытаймен келісім жасауға барады. Сөйтіп, Қазақ елі мен Қытай арасында бейбітшілікті нығайтуға үлес қосады.
Үмбетейдің Бөгенбайға арнаған екі ұзақ жыры бар. Оның бірі Бөгенбайды жоқтау да, екіншісі – Бөгенбай өлімін Абылай ханға естіртуі.
Бөгенбай жоңғарларға қарсы
XVIII ғасырдағы қазақ ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – Үмбетей жыраудың бізге жеткен қиссаларының көрнектісі – «Жантай батыр».
Жантай батырдың ерліктерін баяндайды.
Жарқабақ, кең жауырын, түлкі құсақ, 
Көзі отты, кеудесі өр, бойы сұңғақ. 
Білектей дойырын быр тастамайды, 
Дұшпанның мысын басар осымен-ақ. 
Қасқырдың қызыл жонды арланындай. 
Бұл – Ниязұлы батыр Жантай, — дейді Үмбетей оған нақтылы сипаттама беріп.
Үмбетей жырау көлемді толғау жыр жазады. Негізінде ол өз толғауларында халықты адамгершілікке, ізгілікке, пенде баласына қиянат жасамауға шақырады.
Жыраудың өлең-жырларын шөбересі Бопы Кенжеғараұлы, Атқыбай Байкенжеұлы, көзіміз көрген шөпшегі Имақан Атқыбайұлы, Аманжол Әлжанұлы сынды ақындар ауызба-ауыз айтып осы заманға жеткізген, қағазға түсіріп, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтына тапсырған.

Батырың өтті - Бөгенбай



Қазақтың ханы Абылай,
Абылай ханым, бұл қалай?
Ақиықты аспанға
Ұшпастай ғып торлады.
Құлағанға ұқсайды
Қазақтың қамал-қорғаны.
Қайғырмаңыз, ханзадам,
Айтпасыма болмады,
Батырың өтті - Бөгенбай!
Қиядан қиқу төгілсе,
Аттың басын тартпаған,
Қисапсыз қол көрінсе,
Қорқып жаудан қайтпаған,
Қазақ деген халқынан,
Батыр шыққан даңқынан,
Қарсыласқан асылдар

Қорғасындай балқыған,
Батырың өтті - Бөгенбай!

Биік тауға жарасар


Биік тауға жарасар
Ығынан тиген панасы.
Терең сайға жарасар
Тобылғылы саласы.
Ер жігітке жарасар
Қолына алған найзасы.
Би жігітке жарасар
Халқына тиген пайдасы.
Ақсақалға жарасар
Тілеуқорлық айласы.
Бәйбішеге жарасар
Еміздіктеген сабасы.
Келіншекке жарасар
Емшектегі баласы.
Қыз он беске келгенде
Шашынан көп жаласы.
Бұл жалғанда бір жаман -
Ағайынның аласы.

Уа, Алатаудай Ақшадан


Асып тудың, Бөгенбай!
Болмашыдай анадан
Болат тудың, Бөгенбай!
Қалақайлап дулатқан,
Қалдамандап шулатқан
Қалмақты алдың, Бөгенбай!
Құбыла көшкен байтақтың
Ордасындай Бөгенбай!
Темір жұмсап, оқ атқан
Қорғасындай Бөгенбай!
Жар басына қонбаңыз,
Дауыл соқса, үй кетер.
Жатқа тізгін берсеңіз,
Жаламенен бас кетер.
Жаманмен жолдас болсаңыз,
Көрінгенге күлкі етер.
Жақсымен жолдас болсаңыз,
Айрылмасқа серт етер.
Ит жүгіртіп, құс салсаң,
Киген тоның түлкі етер.
Сыпайы сырын білдірмес,
Ақырын ғана бүлк етер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет