Сабақ Зейін мен психофизиологиялық ерекшеліктері және теориялары. Зейін түрлері Егер адам қабылдағанына, не істеп жатқанына өзінің



бет2/3
Дата24.10.2022
өлшемі24,62 Kb.
#45077
түріСабақ
1   2   3
Ырықсыз зейіннің психологиялық әдебиеттерде бірнеше синонимі бар. Кейбір зерттеулерде ол пассивті зейін, енді бір құралдарда эмоциялық зейін деп аталады. Бұл екі түрлі атау да мәні жағынан ырықсыз зейіннің ерекшелігін көрсетеді. Пассивті зейін нәрсеге бағытталған сананы шоғырландыру үшін ерік күшінің қажет емес екендігін білдіреді. Ал ырықсыз зейінді эмоциялык деп атау зейіннің объектісі және соған байланысты көңіл-күй мен эмоциялар, қызығулар, мақсат-мүдде арасындаеы арақатынастың мәнісін білдіреді. Сонымен, ырықсыз зейін деп сананың белгілі объектіге бағытталып, соған шоғырлануын айтамыз. Сан қилы тітіркен-діргіштер ішіңен күші басьш тітіркендіргіш зейінді өзіне еріксіз аударады. Мысалы, сөреде қатар тұрған кітаптар арасынан мұқабасы қызыл кітап бірден көз тартады. Мұның себебі — қызыл түстің көзге әсер ету коэффрциентінің күшті екендігінде. Осы орайда, мәнерсіз бірқалыпты айтылған сөз баскалардың назарын өзіне жөнді аудара алмайды. Ал мәнерлі, әсерлі сөздер адамның зейінін өзіне еріксіз тартып алады. Қез-келген тітіркендіргіштің адам зейінін өзіне аударуы оның әсерлілігіне байланысты. Сондай-ақ, тітіркендіргіш-тердің жаңалығы да ырықсыз зейін тудырады. Мәселен, жаңа маркалы автомашина, не қабырға газетінің жаңа нөмірін көріп қалсақ, оған еріксіз назар саламыз. Зейіннің осындай қасиеттерін ескеріп, сабақта түрлі көрнекі кұралдарды пайдалану жемісті нәтижелер бермек. Әсер етіп тұрған тітіркендіргіштің басталуы мен аяқталуы — ырықсыз зейінді тудырудың қайнар көзі,
Адамның таным әрекетінде көңіл-күйге қатты әсер ететін нәрселер де ырықсыз зейін тудырады. Мысалы, бояуы қанық заттар, құлаққа жағымды әуенді дыбыс-тар, хош иісті өсімдіктер мен нәрселер, Адамды таңдандырып, сүйсіндіретін нәрселер де зейінді өзіне еріксіз аударады. Көркемөнер туындыларының адам сезіміне күшті ықпал етуі де ырықсыз зейін тудырып, танымдық процестер мен ойлау әрекетін күшейте түседі. Ырықсыз зейіннін, тұрақты болуы адамның ықылас-ынтасы мен қызығуының артуына байланысты.
Ырықты зейін ерікті немесе активті зейін деп те аталады. Мұндай атаулардын бәрі сананың белгілі объектіге шоғырлануындағы адамның шешуші рөлін көрсетеді. Сананың әрекеттің белгілі шарттарымен банланысты болып, бір объектіге бағытталуьш ырықты зейін дейміз. Ырықты зейіннің псадологиялык мазмұны адамның іс-әрекетіндегі алға қойған мақсатьшен, ерік күшімен бай-ланысты. Машина жүргізуші шофер, есеп шығарушы бухгалтер, тәжірибе жүргізуші ғалым алдын-ала мақсатың белгілеп, оны орындап шығу үшін соған саналы әрекетін бағыттайды. Олай етпеген жағдайда мақсатты ісінсн нәтиже шығара алнас едІ.
Мектептегі оқу-тәрбие істерінін, бәрі де балалардыа ррықты зейінін қальштастырьш, дамытыи отыруды қажет етеді, Бұл үшін бастауыш сыныптарда оқу әрекеті балалардың шама-шарқына қарай қызықты етіп ұиымдастырылуға тиісті. Талпынысының нәтижелі болуы ба-ланын өзіне деген сенімін арттырады. Сабақты оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай түрлендіре жүргізіп, әр түрлі әрекет жасатып, ырықсыз зейінін ырықты зейінге аударып отыру керек.
Жұмыс орнының қолайлы болуы —• ырықты зейіннің. тұрақты болу шартының бірі. Жұмыс орнында кісіні көңілін бөгде тітіркендіргіштер алаңдатпауы керек. Мысалы, сабақ үстінде айтылған артық сөз баланың белсенді.жұмыс істеп отырған көңілің бөледі. Ырықты зейінді дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты — адамның психикалық күйі. Шаршап-шалдығып отырған адамның зейіні тұрақсыз болады. Адамның сырқаты, жан қинайтын бөгде ойлар т. б. ырықты зейіннін. сапасын нашарлатады. Ырықты зейінді күшейту үшін сөз арқылы қайталап айтып, алға қойған мақсатты тұрақғандыруға болады. Әрқилы жағдайларда жұмыс істей білу мен адамның әдетгері де ырықты зейіннін, тұрақты болуьша ықпал етеді.
Адамнын күрделі мәселелерді шешуі, орфографиялық ережелерді қолданып жазба жұмыстарын дұрыс орындауы, жаңа терминдер мен шетел тілін меңгеруі — мұның бәрі де ырықты зейін арқылы іске асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет