Сабаққа шолу Сабақтың тақырыбы: pisa оқу сауаттылығы дегеніміз не? (Шолу)


«Біріктіру және интерпретация» деңгейіне тапсырма құрастыруға арналған ұсыныстар



бет33/90
Дата13.03.2022
өлшемі221,45 Kb.
#27764
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   90
«Біріктіру және интерпретация» деңгейіне тапсырма құрастыруға арналған ұсыныстар

Интепретацияға арналған тапсырмаларда оқушылар оқыған мәтінді терең және толық түсінгендерін көрсете алулары керек. Бір қарағанда өзара байланыс жоқ сияқты болып көрінетін мәтін бөліктерінің арасындағы байланыстарды анықтай алуы қажет.

Біріктіру және интерпретация мәтіннің нақты мағынасын ашу мақсатында оқылатын ақпаратты өңдеуді қамтиды.

Біріктіру мәтіннің нақтылығын көрсетуге және түсіндіруге бағытталған. Ол қатар тұрған сөйлемдер арасындағы байланысты анықтаудан бастап, бірнеше параграф арасындағы байланысты және бірнеше мәтін арасындағы байланысты анықтауды қарастырады. Ұқсастықтар мен ерекшеліктерге сілтеме жасауға, салыстыруға, себеп-салдарлық байланысты түсінуге негізделеді.

Интепретация оқырмандардан оқыған ақпараттан толық әрі нақты түсінік алуды, түсініктерін дамытуды, бастапқы жалпы көзқарастарын кеңейтуді талап етеді. Бұл санаттағы тапсырмалардың көбі логикалық түсінікті талап етеді.

Біріктіру де, интерпретация да кең түсінік қалыптастыруды талап етеді.

Мәтінге интепретация жасаумен байланысты дағдыларды дамыту үшін оқушыларға келесідей тапсырмалар ұсынған жөн:


  • мәтіннен қажет ақпаратты табу;

  • мәтіннің атауын түсіндіру (пікір білдіру);

  • мәтіннің негізгі ойын (идеясын) анықтау;

  • негізді ойды беріп тұрған сөйлемді мәтіннен табу;

  • мәтінде берілген әртүрлі ақпаратты салыстыру немесе қарама-қайшылықтарды анықтау;

  • автор ұсынған ойға дәлелдер табу;

  • автордың мақсаты туралы қорытынды шығару;

  • өз көзқарасын дәлелдеу үшін мәтіннен алынған ақпаратты қолдану;

  • мәтін бөліктері немесе екі (бірнеше) мәтін арасындағы мағыналық байланыстарды анықтау;

  • мәтін бөлігін оның идеясымен байланыстыру;

  • мәтінді талдау негізінде қорытынды шығару.

Бұл деңгейдегі тапсырмаларды орындау үшін оқушылар мәтінді зерттей оқу техникасын меңгерулері қажет.

Зерттей оқу мәтінді талдай отырып, оның мән-мағынасын түсінуді көздейді.

Оқу мақсаттарына жету үшін мәтінді интепретациялауға бағытталған төмендегідей белсенді оқу стратегияларын қолдануға болады:


  • Графикалық органайзер;

  • Барлық факторды қарастыр;

  • Бұрыш;

  • Ромб;

  • Өнер шиыршығы;

  • Кластер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет