Сабаққа шолу Сабақтың тақырыбы: pisa оқу сауаттылығы дегеніміз не? (Шолу)



бет57/90
Дата13.03.2022
өлшемі221,45 Kb.
#27764
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   90
Білім алушылар үшін

Педагогтер үшін

Білім беру мекемесі әкімшілігі үшін



Сауалнама мақсаты

Анкеталық сауалнама жүргізу білім беру мекемесінің әкімшілігіне, жергілікті билік органдарына, саясат қалыптастыруға жауапты ведомстволарға, сондай-ақ жалпы қоғамдастыққа оқу ғимараты мен аумағын тиімді пайдалану және оның базасында ХХІ ғасырдағы оқу-педагогикалық қызметті жүзеге асыру мүмкіндіктері жайлы құнды ақпарат алуға жол ашады.

Бұл сауалнамада не жазылады?

Білім беру мекемесі туралы жалпы мәлімет, сонымен қоса оқу ғимаратын бөлу және техникалық құралдарды пайдалану жайлы ақпарат.



Мазмұны

1-БӨЛІМ:

Сіз туралы ақпарат



1-БӨЛІМ:

Білім беру мекемесі туралы ақпарат



1-БӨЛІМ:

Білім беру мекемесінің құрылымы және ұйымдастырылуы






2-БӨЛІМ:

Сіз пайдаланатын оқу ғимараты мен аумақ



2-БӨЛІМ:

Сіз туралы ақпарат



2-БӨЛІМ:

Білім беру мекемесіндегі материалдық-техникалық жағдай






3-БӨЛІМ:

Жайлылық


3-БӨЛІМ:

Білім беру мекемесінің басшылығы туралы ақпарат



3-БӨЛІМ:

Білім беру мекемесіндегі техникалық құралдар






4-БӨЛІМ:

Кеңістікті ұйымдастыру



4-БӨЛІМ:

Сіз пайдаланатын оқу ғимараты



4-БӨЛІМ:

Жалпы көңіл толушылық деңгейі






5-БӨЛІМ:

Психикалық-физикалық қауіпсіздік және игілік



5-БӨЛІМ:

Жайлылық








6-БӨЛІМ:

Білім беру мекемесіндегі техникалық құралдарды пайдалану



6-БӨЛІМ:

Білім беру мекемесіндегі техникалық құралдарды пайдалану









7-БӨЛІМ:

Жалпы көңіл толушылық деңгейі



7-БӨЛІМ:

Психикалық және физикалық қауіпсіздік және игілік












8-БӨЛІМ:

Білім беру мекемесіндегі техникалық құралдарды пайдалану












9-БӨЛІМ:

Жалпы көңіл толу деңгейі






Сұрақ саны

29

39

18

Анкетаны толтыру уақыты

15 минут

20 минут

10 минут

Тұрақты түрде осындай сауалнама жүргізу арқылы білім беру мекемелері физикалық оқу ортасын пайдалану динамикасын бақылап отыра алады. Білім беру ғимараттарын жаңғыртуға бағытталған инвестицияның тиімділігін бағалау үшін де осындай әдіске негізделген сауалнаманы жүргізуге болады. Сауалнамалар білім беру мекемесі үшін ғана емес, жергілікті билік органдары, саясат қалыптастыруға жауапты ведомстволар, сондай-ақ жалпы жұртшылық үшін де пайдалы, өйткені сауалнама оларды оқу ғимараты мен аумағын тиімді пайдалану және оның базасында ХХІ ғасырдағы оқу-педагогикалық қызметті жүзеге асыру мүмкіндіктері жайлы құнды ақпаратпен қамтамасыз етеді. Тағы бір айта кетерлік жайт, анкета әдетте негізгі жағдай (электрмен жабдықтау, санитарлық жағдай, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін әлгі ортаның қолжетімділігі, интернетке қосылу және оқуға керекті компьютерлердің болуы) туралы үш сұрақтан тұрады.

Сауалнама ғимарат пен аумақты пайдалану, объектілерді, жиһазды, техникалық құралдарды кеңістікте орналастырудың әртүрлі схемасы жайлы деректерді, сондай-ақ ғимарат қолданушыларының температураны, ауа сапасын, шуды және қауіпсіздікті қалай бағалайтыны жөніндегі ақпаратты жинауға мүмкіндік береді.

Әрбір анкета респондентке сұрақты түсіну және оған жауап беру жеңіл болатындай етіп құрылымдалған. Сұрақтардың көбі балл жүзіндегі шкала бойынша бағалауды талап етеді, бірақ бірнеше ашық сұрақ та бар. Деректердің сапасы мен респонденттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауаптар анонимді түрде болуы керек, яғни респонденттердің жеке ақпараттары жарияланбауы керек.

Білім беру мекемесіндегі анкеталық сауалнамалар білім алушылардың оқудағы жетістігін бағалау құралы болып та, педагогтер жұмысын бағалау құралы болып та саналмайды.

Білім ортасын қалыптастырудың инновациялық жолдары жөніндегі соңғы зерттеу деректері білім беру мекемесін жаңғырту мен қайта жобалаудың білім алушылар үлгеріміне оң әсер ететінін көрсетеді. Деректерге сүйенсек, дұрыс жобаланған, қондырма техникамен жабдықталған ғимараттар оқытудың инновациялық әдістерін енгізудің қолда бар мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануға жол ашады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет