Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер және ойындар Қ ұрметті ұстаздар!



бет4/16
Дата13.03.2023
өлшемі1,5 Mb.
#73714
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
« ДОМИНО» әдісі
(сөздерді ретімен орналастыру);

Келтірілген сөздерді мынадай ретпен орналастыру керек:келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы керек.


Сөздер: Файл – телеграф – килобайт – робот – дюим – процессор – монитор – тире – разряд – диск.




«Бұрыштар тәсілі»


Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін төрт жауабын сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын топтық жұмыста тұжырымдайды және өздерінің ккөз қарастарын дәлелдейді.


«Stop-кадр»


Stop-кадр –видеофильмнің бәр сәтімен (кадр) жұмыс. Кадрды экранда тоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогқа тартуға болады. Сыныпта жұптық жұмыс ұйымдастыруға да болады: оқушылардың біреуіне кадрды көрсетіп, екіншісіне осы көріністі толықтай сипаттап беруін тапсыруға болады, екінші оқушы оған нақтылау сұрақтарын беру арқылы көмектесуіне болады.


«Ойлан-жұптас-бөліс»


Берілген тапсырма (сұрақ) бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі; бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады.
« Көшбасшы» ойыны
Екі топтың көшбасшыларына сұрақтар қойылады. Қай топ бірінші қоңырауды басып сұраққа жауап берсе, сол топқа 5 ұпай беріледі.
«Бәйге» ойыны
Бәйге ойынында тапсырмалар мен сұрақтар беріледі, оқушылар сол тапсырмаларды орындау арқылы өз тұлпарларын алға жылжытады.

«Конверттегі-сұрақ»
2 -3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз (оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындаңыз. Әрқайсысына екі минут беріңіз: оқушы стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет