Ж ұппен оқып, жұппен мазмұндау Сынып оқушылары жұппен (А, Б оқушы) отырады. Берілетін мәтін 2-ге бөлінген. 1-ші бөлімін А, 2-ші бөлімін Б оқушы оқиды. Сосын бір-біріне оқығандарын айтады. Екеуі бірігіп мәтін бойынша сұрақтар дайындайды. Сынып болып сол сұрақтарға жауап береді.
Топпен де орындауға болады. Топта 4 оқушы болса, екеуден бірігіп мәтіннің 1 бөлігін оқиды. Қалған екеуі мәтіннің келесі бөлігін оқып, бір-біріне баяндайды.
Стикер
Стикерлерді оқу үдерісін талдау үшін қолданыңыз. Оқушылар топтарда, жұппен немесе дербес түрде мынадай сұрақтарға жауап бере алады:
мен нені үйрендім?
Маған не қиын болып көрінді?
Не күрделі болды?
Мен енді нені үйренгім келеді?
Дөңгелек стол
Топқа 1 парақ беріледі. Топ оқушысының бірі сол параққа осы тақырып бойынша 1 сөйлем жазады. Екіншісі оның жазған ойын әрі қарай жалғастырып, екінші сөйлемді жазады. Соңында тақырып жайлы мәтін шығады. Бір оқушы мәтінді оқиды, сынып болып талдайды.
жүйесін іздестіру мәселелеріне мән берілуде. Балалардың интеллектуалды қабілеттерін анықтау және дамыту үрдісі орталықтың құрылымдық бөлімшелерінде әрбіреуінде бірегей білім беру ортасын құру арқылы жүзеге асады. Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін анықтап, оны одан әрі дамытуда дамыта отырып оқыту технологиясының маңызы зор.
Ойын элементтерін білім беру үрдісінде қолданғанда төмендегідей әдістемелік талаптарға сүйенген жөн:
Ойынға кіріспес бұрын оның жүргізілу тәртібі мен шартын оқушыларға әбден түсіндіру;
Ойынға сыныптағы , топтағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету;
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу – бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады.