223. «Оқиғаны басқаларға жеткіз» Әр топта 7-8 адамнан келетіндей топтарға бөлінеді. Әр топтың басында отырған оқушыға оқиға беріледі. (Әр топқа түрлі оқиға беруге де болады.) Ол жанындағы адамға басқаларға естіртпей оқиғаның желісін жеткізеді. Осылайша бәрі айтып болған соң, соңғы қатысушы оқиғаны дауыстап айтып шығады. 1-оқушы мәтінді оқиды. Қай топтың оқиғасы түпнұсқаға жақын болса, сол топ жеңіске жетеді.
224. «Оқуды реттеу» Оқушылар қайсыбір жаттығуды орындап жатқан кезде бөлмеде қозғалып жүру мұғалімге оқу үдерісі туралы ақпарат жинауға, бағалаудың әр түрлі стратегияларын қолдануға және қажет жерлерде үдеріске араласуға мүмкіндік береді.
225. «Оқу күнделігі» Оқу күнделігін бастаңыз, онда оқушылар оқу туралы және ол бойынша шолуы туралы ойларын жазып қалдыра алады. Бұған бүкіл сыныпқа арналған тапсырмалар, мақсат, тапсырма кестелері және т.б. кіруі мүмкін
226. «Оқушылардың бағалауы» Бағалау үдерісіне қатыса отырып, оқушылар тақырыпты, бағалау үдерісінің өзін және өз жұмысын орындай отырып, не жасағандарын аса тереңірек түсінуге қол жеткізеді. Бұл оларға оқудың не екенін білуге, осылайша өзінің оқуын қарастыруына көмектеседі.Оқушылар өз үй жұмыстарын немесе сыныптастардың жұмысын бағалай алады. Бұл жаттығу «ресми» немесе оқушы жасаған бағалау схемасы бойынша жұппен немесе дербес түрде орындалуы мүмкін. 227. «Оқушылар сұрақ қояды» Оқушыларға сұрақтар қоюға мүмкіндік жасаңыз. Сұрақтар сыныптастарға, мұғалімге қойылуы мүмкін немесе талқылауды дамыту құралы ретінде қолданылуы тиіс. Жазбаша түрдегі сұрақтарға арналған «Сұрақтар қорапшасы» оқушылар үшін қарым-қатынас жасаудың өзгешелеу түрі болып табылады.
Оқушылардың жұмыс туралы сұрақтарды дауыстап айтуына уақыт беріңіз. Бұл бағалау үдерісін іске қосуға және ұғымның екіұдайы түсінілуін болдырмауға көмектеседі.