ІХ. Екі және үш томды спирттер.
№ 50 Глицериннің дегидратациясы .
( Тәжірибе тартпа шкафта жүргізіледі )
Материалдар:глицерин, калий немесе натрий бисульфаты (ұнтақ).
Құрғақ прабиркаға бірнеше тамшы глицерин және 1г калий немесе натрий бисульфатын салып, қоспаны сілкиді, баяу қыздырады, өзіне тән ащы иісті акролеин түзіледі.
№ 51. Копатомды спирттердің комплекс түзілуі.
Материалдар . глицерин, маннит, этил спирті, этиленгликоль, бура ( крист ).
А) Сұйытылған CuSO4 ерітіндісіне күйдіргіш сілті ертіндісін артық мөлшерде құйып, пробиркада Cu(OH)2 ерітіндісін алады.
Алынған тұнбаны сүзеді де, сүзіндіні шыны таяқ пен аздаған мөлшерде бірнеше пробиркаға салады. Одан соң порбиркаға 0,5 – 1 мл су мен 5 тамшы сұйық спирт немесе 0,1г қатты спирт (маннит) қосады. Салыстыру үшін Cu(OH)2 бір порбиркаға спирт қоспайды. Барлық прабиркаларды шайқап тұндырып, пробиркадағы сұйықтардың түсінің өзгеруін байқады.Бұдан кейі бұл еріттіндіге сұйыттылған тұз қышқылының еріттіндісін қосып, түсінің өзгеруін байқайды.
Б) Пробиркаға 0,5 – 1г кристалды бура мен 10 – 15мл суды қосып , шаиқайды. Ерімеген бураны тұндырады , қаныққан бура еріттіндісін 1 - 2 тамшы фенолфталейн ерітіндісін тамызады. Бірнеше пробиркада шайқап отырып сыиалатын спирттердің ерітіндісін дайындайды (5 – 7 тамшы немесе 0,1 – 0 спирт және су 2 -3 мл қосып).
Әр дайындалған спирт еріттіндісіне 1 тамшы фенолфталеин, 1 тамшы сұйытылған сілті ерітіндісіне қосады. Сол кезде порбиркадағы ерітінді ашық малина түске боялады. Одан соң әр бір пробиркаға боялған бура ерітіндісінің біраз көлемін қосады. Екі сілтілі ерітінді арасында, кей бір пробиркалардың түстерінің жойылуына қышқыл реакциялы сұйықтардың түзілуін байқауға болады. Оны сілтілі реакцияға айналдыру үшін еріттіндісінің көп мөлшерін қос керек.
Х. Лабораториялық жұмыс: Альдегидтер. Кетондар.
№56. Спирттерді тотықтыру арқылы сірке альдегидін алу.
Материалдар: этил спирті, К2Cr2O7 / ұнтақ/.
Жұмыс барысы: газ өткізгіш түтігі бар пробиркаға 0,5 г калий бихроматын салып, одан соң 2 мл сұйытылған H2SO4 және 2мл спирт құйып, қоспаны шайқайды. Қоспаның түсі өзгеріп, жылудың бөлінген байқалады.
Пробирканың газ өткізгіш түтігін жалғап орнатады, газ өткізгіш түтіктің екінші ұшын 2 мл салқын суы бар қабылдағыш пробирканың түбіне дейін салады. Қабылдағыш пробирка салқын суы бар стаканға салынады. Реакция қоспасын бірқалыпты қыздырады. 2 – 3 мин. Соң қабылдағыштағы сұйықтықтың көлемі болғанда қыздыруды тоқтатады. Қабылдағыштағы өнімнен сірке альдегидінің өткір иісі байқалады. Алынған сұйықтықты келесі жұмыстарға пайдаланады.
№57. Сутегін ыдырату арқылы спирттерден альдегидтерді алу.
Материалдар: метил спирті, металл мыс.
Жұмыс барысы: пробиркаға ағаш дайындайды. Сосын жұқа мыс торды алып, сол пробиркаға еркін кіріп тұратындай және цилиндр етіп орайды.
Құрғақ пробиркаға 3 мл спирт және 2 мл су құяды. Оралған мыс торды қыздырады. Бұл мыс қараяды. Ыстық торды спирті бар пробиркаға тез салып, пробирканың аузын бостау етіп /тез/ жабады. Спирт қатты қызады. Альдегидтерге тән иіс сезіледі. Ал мыс тор ашық қызыл түске айналады.
Спирттің қайнауы аяқталғанда тығынды қаттылап жабады және пробирканы суық суы бар стаканда салқындатады. Сосын тығынды алып таста, сұйықтықтың көлеміндей су құйып, оны сұықтығы бар пробиркаға құяды.
Формальдегидтің (метил спиртінен) және ацетальдегидтің (этил спиртінен) сулы спирттік ерітіндісі алынады. Бұл алынған формальдегид пен ацетальдегидті келесі жұмыстарға пайдаланады.
№59. Альдегидтердің әсерінен ІІ валентті мыс қосылыстарының тотықсыздануы.
Материалдар: формальдегид(еріт. №57 тәж.) ацеталдегид (56 – 57 тәж.)
Жұмыс барысы: 1 мл альдегидке 0,5 мл сұйытылған сілті ерітіндісін және CuSO4 ерітіндісін тұнба түзілгенше тамшылатып құяды. Алынған қоспаны қайнағанша қыздырады. Сол кезде тұнба түсі өзгереді.
№60. Альдегидтердің әсерінен күміс қосылыстарының тотықсыздануы.
Материалдар: формальдегид (№57 тәж – гі еріт.) ацетальдегид (№56 – 57 тәж – гі еріт.)
Жұмыс барысы: 4 – 5мл AgNO3 ерітіндісіне сұйытылған аммиак ерітіндісін алғашқы тұнба жойылғанша қосып, күмісоксидінің аммиактағы ерітіндісін дайындайды.
Альдегид ерітіндісін 1 тамшы 2 пробиркаға құйып, әр пробиркаға 1 тамшыдан жаңадан дайындалған күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісін қосады. Сол екі пробирканың біреуіне 2 – 3 тамшы сұйытылған сілті ерітіндісін қосады. Пробирканы сілкіп, штативке орнатады. Қай пробиркада өзгеріс тез байқалады? Егер күміс жылтыры түзілмесе пробирканы сұйықтығымен бірнеше сулы монша (50 - 60 ºС ) қыздырады.
Ескерту: Пробирка қабырғасындағы күмістің айна тәрізді қабатын алу үшін тәжірибеде алдында пробирканы ыстық сілті етітіндісімен және дистилденген сумен жуып жіберу керек. Күміс оксидінің аммиатағы ерітіндісімен жұмыс жасап болған соң тез арада ыдысты жуу керек.
№61 Альдегидтердің күкірт қышқыл фуксинмен реакциясы.
Материалдар: формальдегид, ацетальдегид (56 – 57 тәж.), күкірт қышқыл фуксин (еріт).
Жұмыс барысы: екі пробиркаға 1 мл – ден түссіз күкірт қышқылын фуксин ерітіндісін құйып және сол екі пробирканың біреуіне бірнеше тамшы формальдегид ерітіндісін, ал екінші пробиркаға сондай мөлшерде ацетальдегид ерітіндісін қосады. Пробиркадағы қоспалардың түстерінің өзгеруін бақылайды. Одан соң екі пробиркаға да 0,5 мл – ден концентрациясы НСІ (немесе сұйытылған H2SO4 ) құйып, тағы да түстерінің өзгеруін бақылайды (бірден және 5 – 10 минуттан кейін).
№65. Уротропиннің реакциясы.
Материалдар: уротропин.
А. 0,2 – 0,5 уротропинге 1 мл сұйытылған H2SO4 қосады. Осы қоспаны қайнағанша қыздырады. Формальдегидтің өткір иісі пайда болады. Қоспаны қайнағанша қыздырып, шыққан будың иісін иіскейді.
Б. 2 – 3 г уротропинді ерітіп, оны 2 –ге бөледі. Біріншісіне бірнеше иамшы AgNO3 тамызады, екіншісіне уротропин ерітіндісін құяды. Бұдан соң байқалған құблысты бейнелейді.
В. Уротропиннің бірнеше кристалын құрғақ пробиркада қыздырып, біраз уақыт қойы қояды. Нәтижесінде иісі бар газ тәрізді өнімнің пайда болғанын бақылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |