Сабақтарды орындаудың НҰСҚаулығы бекітілген зертханалық және студиялық сабақтарды орындаудың нұсқаулығы негізінде


ІІ. Лабораториялық жұмыс: Органикалық қосылыстарға сапалық реакциялар



бет5/13
Дата03.10.2023
өлшемі43,7 Kb.
#112774
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтар қысқаша сипаттама

ІІ. Лабораториялық жұмыс: Органикалық қосылыстарға сапалық реакциялар
16. Органикалық қосылыстардағы азотты, күкіртті, галогандерді анықтау.
Керекті құрал жабдықтар: Қандай да бір органикалық зат (аналин, оның хлоргидраты, тиомочевина, иодоформ, сульфанил қышықлы), металл натрий, қорғасын нитраты, натрий (прусс) нитропруссиді, темірсульфаты (ІІ), хлороформ немесе бензол.
Жұмыс барысы.Бірнеше кристалл немесе тамшы анықтайтын затымызды пробиркаға саламыз. Пробирканы қиғаш ұстап, жоғарғы жағына қабығына тазартылған, фльтр қағазды кептірілген бидай дәніндей металл натрий саламыз.
Пробирканы горизонталь бағытта алдымен натрийді балқығанға қыздырамыз, сосын натрийдің ыстық тамшылары анықтайтын затқа түскенше вертикаль бағытта ұстаймыз. Қоспаны қатты қыздырып, 5-6 мл суы бар ыдысқа салып, пробирканы сындырамыз. Бұл тәжірибені тартпа шкафта орындайды.
Құйманың қара бөлшектерін майдалап, ыдыстағы сұйықтықты пробиркаға құйып, қайнағанша қыздырамыз. Сілті сұйықтығын фильтірлеп, күкіртке, азотқа, галогендерге деген әсерін байқаймыз. Сұйықтық түссіз болуы керек.
Күкіртті анықтау
А. 1 мл қорғасын нитратына алғашқы тұнба ерігенше натрий гидрооксидін тамшылатып құйамыз. Сосын бірнеше сілті сұйықтығын қосамыз. Қошқыл қоңыр түсті немесе қорғасын сульфидінің қара тұнбасының пайда болуы, анықтаған затымызда күкірттің болғанын көрсетеді.
Б. 1 мл сілті сұйықтығына 1-2 тамшы натрий нитропруссидін қосамыз. Егер күкірт болса, онда қоспа тез немесе біртіндеп ашақ күлгін түс береді.

Азотты анықтау.
Сілті сұықтығына темір купоросының кішкене кристалын салып, 1-2 мин. Қайнатып, 3-5 мин. Суытып, сұйыттұз қышқылын қосамыз. Берлин лазурінің көк тұнбасының пайда болғанын азоттын барын көрсетеді.

Галогендерді анықтау.
Сілті сұйықтығын азот қышқылымен қышқылдандырамыз. Тартпа шкафта бірнеше минут қайнатамыз. Суытып бірнеше күміс нитратын қосамыз. Ауыр мақта тәріздес тұнбаның пайда болғаны галогеннің барын көрсетеді. AgC1-ақ, MeBr-сарылау, MеJ-сары; Егер Br немесе J бар екенін анықтау үшін 1 мл хлороформ қосып, сілки отырып, 1-2 тамшы KМnO4 қосамыз. Күлгін түс- J қызыл сары- Br бар екенін көрсетеді.

15. Органикалық қосылыстардағы көміртегі мен сутегін анықтау


Керекті құрал жабдықтар: Қандай да бір ұшқыш зат (қант, нафталин) мыс оксиді, ізбес немесе барит суы.
Жұмыс барысы: 0,2-0,3 анықтайтын затты шыныда 1-2 г. Мыс оксидімен ( ұнтақ ) арластырамыз. Қоспаны құрғақ пробиркаға салып, газ өткізгіш түтігі бар тығынмен мықтап бекітеміз. Пробирканы штативке горизонталь бағытта бекітеміз. Түтік ұшын 2-3 мл түссіз әкті немесе барит суы бар пробиркаға тиер-тиместей етіп ендіреміз. Қоспаны әуелі жәй кейін күштірек қыздырамыз. Пробирка мен түтіктің салқын қабырғаларындағы тамшылырдан судың пайда болғанын және көмір қышқыл газының пайда болғанын, калций немесе барий көмір қышқыл тұнбасының пайда болғанынан көреміз.

17. Галогендерді бейльштейн тексеруі


Керекті құрал жабдықтар: Құрамында галогени бар аса ұшқыш емес органикалық зат (хлорбензол, бормбензол, хлорсірке қышқылы, йодоформ).
Жұмыс барысы: Жіңішке қызыл сымның ұшын диаметрі 1-2 етіп ілмек жасап, қыздырамыз. Қарайған сымды суытып, ілгішпен анықтайтын затымызды алып, жалында ұстаймыз.
Егер галоген болса, онда жалын жасыл түс береді. Сымды тазалау үшін тұз қышқылына малып, қайта қыздырамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет