Байланысты: Зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтар қысқаша сипаттама
92. Олейн қышқылдарының эладинге изомерленуі. Матиралдар : олейн қышқылы, мыс ( диаметірі 0,5 – 1 мм). Прабиркаға 2мл олейн қышқылын құйып және тазаланған мыс сымды ( 0,1 – 0,2г) салып, оған 1 мл конц. HNO3 қосады.Пробирканы тығындап, азот қышқылының мыспен әрекеттесу нәтижесінде азот тотықтарының олейн қышқылдарына жақсы сіңуі үшін , жаймен сілкиді.
Прабиркадағы қоспа қызады, прабиакадағы қоспаның қысымы көтеріліп кетпеу үшін тығынын ашып - жауып тұрады. Бірнеше минуттан соң бөлінген газдың көпіршіктері тоқтаған кезде, пробирканы мықтап жауып, штативке қалдырады.
Шамамен 1 сағат өткен соң көгерген сулы – қышқыл қабаттарының бетіндегі олеин қышқылының қабаты қатты қоюланады немесе тығыздалады, пробирканы аударғанда төгілмейді.