Сабақтарды орындаудың НҰСҚаулығы бекітілген зертханалық және студиялық сабақтарды орындаудың нұсқаулығы негізінде


Қышқыл және сілтімен жұмыс істеу тәртібі



бет2/13
Дата03.10.2023
өлшемі43,7 Kb.
#112774
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Қышқыл және сілтімен жұмыс істеу тәртібі
1.Қышқылмен және сілтімен жүргізілетін барлық жұмыстарды сақтандарғыш көзілдірік немесе маскамен жүргізу керек. Қышқыл мен сілті теріге, көзге тисе ауыр зардапқа әкеледі.
2.Қышқыл мен сілтіні сифон мен пипетка арқылы ауызбен соруға болмайды.


Өте қауіпті және улы заттармен жұмыс істеу тәртібі
Броммен жұмыс істеу
1.Бромды тек қалың қабырғалы ыдыста, тартпалы шкафта, ішінде құмы бар металл жәшікте сақтау керек.
2.Бром кілегей қабыққа күшті әсер етеді, егер теріге тисе күшті күйдіреді. Сондықтан резина қолғаппен, тартпа шкафта көзілдірікпен жұмыс істеу керек.
3.Бромды склянкаларды тек су моншасында құмы бар ыдыста тасымалдауға болады.

Металл натриймен жұмыс істеу
1.Металл натрий немесе калиймен жұмыс істеген кезде аса сақ болу керек. Олардың сумен және галогентуындылармен жанасуына мүмкіндік бермеу керек.
2.Натриймен барлық жұмысты қорғағыш көзілдірікпен, су құбырынан алыста жүргізу керек.
3.Металл натрийді қалың қабырғалы шыныда сусыздандырылған керосинде, жоғары қайнайтын инертті көмірсутекте немесе трансформатор майында сақтау керек. Натрийі бар банка кеуек тығынмен тығындалып, металл астауда, құмы бар ыдыста сақталады.
4.Жұмыс істеуге керек натрийді банкадан пинцет немесе қышқыш алады. Керекті мөлшерін фильтр қағаздың үстіне пышақпен кесіп алып, бірден керосин, толуол, ксилол, құрғақ эфирге салу керек.
5.Кесілініп алынған натрийдің сыртқы қабығын тазалап, фильтр қағазбен керосинін сорғызып, реакцияға қосады. Сілтілік металдардың кесінділерін эксперименттен соң керосині бар банкаға салады.
6.Натрий қалдықтарын қоқыс жәшікке, раковинаға тастауға тиым салынады.

Улы заттармен жұмыс
1.Цианидтермен, диметилсульфат, хлорангидридтің төменгі қышқылымен, фосгенмен жұмысты тартпа шкафта қолғаппен істеу керек.
2.Фенолмен, галогеннтроқосылыстармен, қанықпаған қышқылдармен, алифатты галогенқышқылдармен, гидрозинмен жұмысты қолғаппен, қорғағыш көзілдірікпен жүргізу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет