Сабақтары Әдістемелік құрал Исабаева Айман Турсымбековна Балқаш қаласы Шахмат сабақтары


XIX ғасырда шахмат өнері дамыған елдер мәдениетінен кеңінен орын ала бастады. Халықаралық жарыстар, чемпиондардың турнирлермен матчтарда кездесулері басталды



бет3/15
Дата24.11.2022
өлшемі52,78 Kb.
#52302
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Шахмат үйрену сабақтары

XIX ғасырда шахмат өнері дамыған елдер мәдениетінен кеңінен орын ала бастады. Халықаралық жарыстар, чемпиондардың турнирлермен матчтарда кездесулері басталды.
Қазақстанда әйелдер арасында өткен 1934 жылғы біріншілікте петропавлдық шахматшы Ольга Стрелова жеңіске жетті. Кейінгі кездегі өткен чемпионаттарда спорт шебері Аида Мүсілімова Қазақстанның он дүркін чемпионы болды. 1981-1982 жылдары Қазақстанның екі дүркін чемпионы атағын спорт шебері Гүлнар Сахатова иемденді.
III. Шахмат ойынын үйрету.
IV. Қорытынды.


Сабақтың тақырыбы: Әлем, Қазақстан чемпиондары
Сабақтың мақсаты: Әлем, Қазақстан чемпиондарымен таныстыру. Олардың шахмат мәдениетіне қосқан үлестері жайлы әңгімелеу.
Көрнекілігі:
I.Ұйымдастыру кезеңі. Шахмат таратып, екі ойыншыдан отырғызу.
II. Кіріспе әңгіме.
Үйірме барысы:
Өткенді пысықтау.
Шахмат ойыны туралы аңызды сұрау. Шахмат ойынының тарихы жайлы әңгімелесу.
Әлем, Қазақстан чемпиондары.
Орыстар немесе москвалықтар шахматты зор шебер-лікпен ойнайды. Бұл ойынды олардың шебер ойнайтындығы сондай, тіпті мен олармен тең түсетін халықтың бар-жоғын білмеймін.
Павел Одерброн
XIX ғасырда Францияда-Л.Лабурдоннэ, Англияда-Г. Стаунтон, Германияда-А. Андерсен, АҚШ-та П. Морфи таңдаулы шахматшылар ретінде танылды. Россияда шахмат тақтасына қарамай ойнаудың асқан шеберлері П. Шиллинг, К. Яниш, Сергей Урусов пен оның інісі Дмитрий, шахмат есебін құрастырушы және күшті тәжірбиелі ойыншы И. Шумов, А. Петров шахмат мәдениетін дамытуға айтарлықтай үлес қосты.
М. Чигорин-көрнекті орыс шахматшысы. Ол ширек ғасыр бойы үздіксіз Россия чемпионы болды және халықаралық жарыстарды сол кездегі мықты шахматшылар
В.Стейницті, Э. Ласкерді, Г. Пильсбериді, Д. Блекбернді, З. Таррашты және шетелдердің басқа да таңдаулы шахматшыларын тізе бүктірді. Әлемнің алтыншы чемпионы атағын совет азаматы М. Ботвинник жеңіп алды. Матчқа дайындық кезінде шахмат тақтасы үстінде А. Алехин кенеттен қайтыс болады. Совет гроссмейстері Анатолий Карпов әлемнің он екінші чемпионы деп жарияланды.
Қазақ халқы ежелден спортқа бейім болған. Сол сияқты біздің халқымыз ой спорты түрлерінен де құралақан қалмаған. Той-думандарда, жиындарда болмаса, спорттық жарыс, сайыс арнайы ұйымдастырылмады. Жаңа дәуірмен бірге өркен жайған таланттың бірі-әйгілі шахматшы, спорт шебері қостанайлық Анатолий Гаврилович Уфимцев еді. Ол Қазақстанның он дүркін чемпионы. Петербург шахмат мектебінің түлегі 1909 жылдан шахмат шебері Сергей Николаевич Фрейман, оралдық Шәмшит Мырзағалиев, астаналық Хәкім Омаров, шымкенттік Константин Коханов, алматылық Серікбай Бейсембаев, Евгений Браун-әйгілі шахматшылар. Аида Мүсілімова-Қазақстанның он дүркін чемпионы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет