Сабақтары және өздік жұмыстарын өткізудің Әдістемелік ұсынымдары оқУ-Әдістемелік қҰралы



Pdf көрінісі
бет26/37
Дата14.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#57256
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37
15 семинар. Аралық бақылау. 
 
СӨЖ бойынша әдістемелік ұсынымдар 
Тақырып: Тас және қола дәуірлері тарихын зерттеу.
Мақсаты: Қола дәуіріндегі Қазақстан тарихнамасын талдау 
Өткізу формасы: Жазбаша және ауызша (сұраққа жауап, мысалдар келтіру, 
талдау жасау, салыстыру).
Тапсырма: тарихнамалық деректер негізінде конспект дайындау, қола 
дәуірінің кезеңдері туралы ғылыми тұжырымдар бойынша кесте құрастыру. 
Орындауға байланысты әдістемелік ұсынымдар: Қола дәуірінің 
археологиялық ескерткіштері және олардың орналасуын көрсететін 
еңбектерге шолу жасай отырып, қола дәуірінің кезеңдері туралы 
тарихнамалық фактілер бойынша кесте дайындау қажет. Кесте құрастырып 
қана қоймай, оған талдау жасау жауаптың құндылығын арттырады. Қола 
дәуірінің мәдениеттерін зерттеудің бағыттары мен қорытындыларын 
конспект түрінде дайындаған дұрыс, өйткені ол студенттерді тарихнамалық 
деректермен тікелей жұмыс жасауға, әрі олардың мазмұнын бір-бірімен 
салыстыруға дағдыландырады.
Әдебиеттер: Кляшторный С.Г., Султанов Т. И. Казахстан: летопись трех 
тысячелетий. – Алма –Ата: “ Рауан”, 1992. 
 
Тақырып: Сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары тарихының зерттелуі.
Мақсаты: Сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары тарихының тарихнамасын 


талдау 
Өткізу формасы: жазбаша (сұраққа жауап, мысалдар келтіру, талдау жасау, 
салыстыру). 
Тапсырма: Сақ, ғұн тайпалары тарихының тарихнамасына қатысты 
еңбектер бойынша конспект әзірлеу. 
Орындауға байланысты әдістемелік ұсынымдар: ең алдымен тақырыпқа 
қатысты библиография құрастырып, тарихнамалық деректерді жүйелеп, 
оларды жекелеген тайпалардың тарихына орай топтастырған ұтымды. Сонда 
көрсетілген тайпалар тарихының қайсысының тереңірек зерттелгендігі 
көрнекі түрде көрініп тұрады. Тарихнамалық талдауды мерзімдемелік әдіс 
бойынша жүргізу тиімді, әрі мәселенің зерттелу деңгейін және қандай 
кезеңде жан-жақты қарастырылғандығын анықтауға қолайлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет