Сабақтары және өздік жұмыстарын өткізудің Әдістемелік ұсынымдары оқУ-Әдістемелік қҰралы


Орындауға байланысты әдістемелік ұсынымдар



Pdf көрінісі
бет28/37
Дата14.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#57256
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
Байланысты:
treatise18657 (1)

Орындауға байланысты әдістемелік ұсынымдар: студентке тарихнамалық 
деректердің арасынан екі немесе үш еңбекті таңдап алу құқығы беріледі. Сол 
зерттеулердің қысқаша мазмұнын көрсетіп, автордың екі немесе үш 
тұжырымын дәптеріне жазып келуі тиіс. Сонда студенттің тарихнамалық 
дерекпен жұмыс істегені анық көрінеді. Авторлар тұжырымдарын өзара 
салыстырып, ғылымда орныққан қорытындыға сәйкестігін айқындау Алтын 
Орда тарихнамасындағы үрдістерді анықтауға мүмкіндік береді. 
Әдебиеттер: Қазақстан тарихы бойынша парсы деректемелері. - Алматы., 
2006.; Қазақстан тарихы бойынша араб деректемелері. - Алматы., 2006. 
 
Тақырып: XІІІ-XV ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттік 
құрылымдар тарихын зерттеу. 
Мақсаты: Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Әбілқайыр хандығы тарихнамасын 
талдау 
Өткізу формасы: жазбаша (өздік жұмыс өткізу) 
Тапсырма: Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Әбілқайыр хандығын зерттеудің негізгі 
бағыттарын айқындау және осыған орай еңбектердің мазмұнын көрсететін, 
оларда көрсетілген тұжырымдарды бойынша жазбалар дайындау. 
Әдістемелік ұсынымдар: тәуелсіз Қазақстан кезеңінде жарық көрген 
еңбектерге назар аударып, мәселенің этникалық тұстарын зерттеуге көңіл 
бөлген жөн. Студенттің қалауы бойынша бір тарихнамалық дерек таңдап 
алынады. Соған сәйкес талдау жасалып, автордың белгілі мемлекеттік 
құрылымға қатысты тұжырымдары дәптерге жазылуы тиіс.
Әдебиеттер: Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в ХV-XV вв.: 
история, политика, дипломатия. – Алматы: “Дайк-Пресс”, 1998.; Қинаятұлы 
З. Монғол үстіртін мекен еткен соңғы түркі тайпалары ІХ-ХІІ ғғ. - Астана 
2000. ; Ахмедов Б.А. Государство кочевых узбеков. - М., 1965.; Мұхаммед 
Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. - Ташкент.,1996.; Кәрібаев Б. Қазақ 
хандығы. -Алматы, 1996. 
 
Тақырып: Абылай хан және оның билігінің ғылыми әдебиеттерден 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет