Сабақтарына дайындалу мен оны жоспарлаудың Әдістемесі



бет11/106
Дата21.07.2023
өлшемі3,53 Mb.
#104605
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   106
Байланысты:
sagymbekova-bastauysh-synyptardyn

Он ҥшінші қағида: математика тарихынан алынған мәліметтерді кеңінен пайдаланып отыру керек.
Он тӛртінші қағида: мұғалімнің сабақты түрлендіруі оқушылардың жазып отыруымен дұрыс ұштастырылуы керек. Бұл орайда мұғалім сынып тақтасын тиімді пайдалана білуі керек, ӛзі тақтаға дұрыс жазып, балалардан да соны талап етуі тиіс. Тақтадағы жазуларды дұрыс кӛрінетіндей етіп жазуы керек. Ондағы жазу ірі, анық болуымен қатар, ұқыпты жазылған болуы керек. Әсіресе, тақтада цифрлар мен математикалық таңбалардың дұрыс жазылуына ерекше кеңіл бӛліп отырған жӛн.
Он бесінші қағида: үйге тапсырма бергенде оқушыларға шамадан тыс күш түсірмеу жағдайын ескеру керек. Математика оқулығындағы шығармашылық жаттығулар үй тапсырмасы ретінде берілмеуі керек. Математикадан үйге тапсырма бергенде, үй тапсырманы орындау жӛнінде қысқаша нұсқау беріп, үй тапсырмасын оқушылардың күнделіктеріне жазып алуларын қадағалау керек. Сондай-ақ үй тапсырмасының коңырауға дейін берілуі керектігі мұғалімнің басты назарында болуы тиіс.
Он алтыншы қағида: оқушылардың танымдық, логикалық және шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге ұдайы кӛңіл бӛліп отырылуы керек.
Он жетінші қағида: математика сабағы міндетті түрде қоңырау соғылғанға дейін қорытындылануы керек. Мұнда мұғалім сабақ алдына қойылған мақсаттың орындалуы жӛнінде әңгіме қозғап, оқушылар білімін бағалауы, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтауы, сондай-ақ сабаққа ынта қоймаған оқушыларды атап керсетуі керек.
Бұл қағидалар бастауыш сыныптар мұғалімі математика сабағына дайындалғанда және оны жоспарлағанда жан-жақты ескерілуі тиіс. Қорыта айтқанда, жоғарыда атап кӛрсетілген қағидалар математика сабағын тиімді жоспарлау мен оны сапалы ӛткізудің шарты болып табылады.
    1. Математика сабағына дайындалу және оны жоспарлау


Қазіргі уақытта қоғамымызда болып жатқан сан-алуан ӛзгерістерге байланысты «мұғалімдер сабаққа дайындалуға кӛп уақыт жібереді, одан сабақ жоспарын талап ету дұрыс емес» деген пікірлер айтыпып қалып жүр. К.Д.Ушинскийдің: «Я вижу в педагогике не науку, а искусство», -деген сӛзін алға тарта отырып, мұғалім ӛз пәнін жетік білсе болғаны, қалғанын сабақ үстінде ӛзі ойлап табуы тиіс, яғни ол шығармашылықпен жұмыс істеуі қажет, сондықтан оған еркіндік берілуі керек деушілер де кездеседі. Олар мұғалімді актермен салыстырады, бірақ актердың сахнада қандай да бір бейнені жасау үшін жан-жақты дайындалатынын, яғни ол үшін рольді дұрыс ойнап шығу ұзақ уақыт дайындықты қажет ететінін ескере бермейді. Біздіңше, сабақ туралы да осыны айтуға болады.


Қазіргі мектеп тәжірибесіне қарағанда, тағы да бір мынадай келеңсіз жағдайдың орын алып отырғанын байқауға болады: кейбір мұғалімдер сабақ жоспарын мектеп әкімшілігінің тексеруі мен бақылауынан құтылу үшін ғана дайындайды, ал кейбір тәжірибелі деген мұғалімдер бұрынғы оқу жылдарындағы сабақ жоспарын ешқандай ӛзгертулер мен қосымшаларсыз пайдалана берумен шектеледі. Біздіңше, бұл дұрыс емес. Еркіндік және шығармашылықпен істеу дегенді бұлай түсіндіруге болмайды. Мұғалім қандай болғанда да сабақтағы қалыпты жағдай мен ӛзінің жұмыс ырғағын, сондай-ақ оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруды алдын-ала болжап, соған жан-жақты дайындалуы тиіс. Онсыз сабақтың сапалы және нәтижелі болуына қол жеткізу мүмкін емес.
Жалпы алғанда, сабаққа қалай дайындалу керек және сабақтың жоспарын қандай түрде жазу керек деген сұрақтарға бір мәнді жауап беру мүмкін емес. Біздің ойымызша, ол, ең алдымен, мұғалімнің, теориялық және әдістемелік тұрғыдағы дайындық деңгейіне, шеберлігіне, шығармашылық ізденісіне байланысты түрліше шешілетін мәселе.
Соңғы жылдардағы педагогикалық әдебиет пен озат мұғалімдердің іс- тәжірибесін зер сала зерттеу бастауыш сыныптар мұғалімінің математика сабақтарына дайындалуының мына сияқты жалпы сатыларын анықтауға мүмкіндік береді: 1) Мұғалімнің оқу жылына дайындығы; 2) Сабақтар жүйесіне дайындық; 3) Күнделікті сабаққа дайындық.
Математика сабақтарына дайындалудың алғашқы сатысы бастауыш математикалық білімнің мемлекеттік стандарты, оқу жоспары мен оқу бағдарламасы сияқты нормативті құжаттарды оқып-үйренуден басталады. Осылардың негізінде оқу жылына немесе жарты жылдыққа арналған кҥнтізбелік жоспар жасалады.
Математика сабақтарына дайындалудың келесі кезеңінде мұғалім пәннің ерекшелігі мен тақырыптың мазмұнын жан-жақты ескере отырып, сабақтар жүйесін жасауға, яғни тақырыптық жоспар жасауға тиіс.
Алдындағы тарауда бұл мәселелерге жан-жақты тоқталғанбыз. Математика сабақтарын жоспарлағанда мұғалім сондағы айтылган кағидаларды басшылыққа алады, бірақ мұнда математика пәнінің ерешеліктерін ескереді.
Математика сабақтарына дайындалудың аса маңызды кезеңі күнделікті сабаққа дайындалу болып табылады. Сондықтан оған толығырақ тоқталайық:
Математика сабағына дайындалу сабақтың тақырыбын анықтаудан басталады. Содан кейін мұғалім оқулық бойынша осы сабаққа арналған оқу материалын талдауға кірісуі керек. Мұнда ол теориялық материалдың оқулықта қалай баяндалғанымен танысады. Ондағы материал сабақ үшін жеткілікті ме, кӛп пе, немесе аз ба, осы жағын тексереді. Егер жеткілікті болмаса нені қосу керек және қосымша материалды қайдан алу керек, осы жағын ойластырады. Бұны ойдағыдай шешу үшін аталмыш тақырыпқа байланысты ғылыми әдістемелік әдебиеттерді оқып, танысады.
Мұның ішіндегі ең маңыздысы мұғалімдерге арналған кӛмекші құралдармен танысу болып табылады. Әдістемелік құралдың сабақтарға нұсқаулар деген бӛлімі бойынша мұғалім сәйкес сабақтың білімдік міндетін анықтайды. Алайда, ол оны ӛзгертуі немесе оған ішінара ӛзгеріс енгізуі ықтимал. Ал сабақтың нақты тәрбиелік, дамытушылық және практикалық міндеттерін ӛзі анықтайды және оларды жалпылама түрде емес, дәл, нақты және қысқа түрде тұжырымдайды.
Мұнан кейін қойылып отырған мақсатқа байланысты сабақтың типін
анықтап алған жӛн.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуындағы маңызды жұмыстардың бірі – сабақ барысын, яғни сабақтың типіне орай оның кезеңдері бойынша ұйымдастырылатын жұмыстарды талдау және жоспарлау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет