ТҦРҒЫДАҦЙЫМДАСТЫРУДЫҢНЕГІЗІ Бастауыш сыныптардағы математика сабағыМатематикасабағы – математика пәнінің ӛзіндік ерекшелігін ескере
отырып, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде дидактика анықтаған сабақтың ӛзіндік кӛрінісі, дербес түрі. Сондықтан бастауыш мектептегі математика сабақтарында білімдік, тәрбиелік, дамытушылық және практикалық сияқты міндеттер іске асырылады.
Математика сабақтары ең алдымен, оқушыларды математикалық білім, білік және дағдылардың жүйесімен қаруландырады, яғни ол білімдік міндет атқарады. Математика сабақтарында математикалық білімнің мазмұны және оқытудың әдіс-тәсілдері, оқушының іс-әрекетін ұйымдастырудың формалары мен орындалатын жұмыстың түрлері, оқушының бойында қандай да бір сапалық қасиеттердің қалыптасуын жүзеге асырады, демек математика сабақтарында тәрбиелікміндет те шешіледі. Сондай-ақ сабақ барысында оқушыларға әралуан іс-әрекеттер, соның ішінде ақыл-ой іс-әрекеттерін (салыстыру, жалпылау, абстракциялау, топтастыру, жүйелеу және т.б.) орындауға тура келеді. Ендеше, математика сабақтары дамытушылық міндет те атқарады. Осының бәрі баланы ӛмірге бейімдейді, дайындайды, демек математика сабағы практикалықміндеттерді де атқарады.
Бұл міндеттер, ең алдымен, сабақ барысында қарастырылуға тиісті іріктеліп және таңдалып алынған білімнің мазмұны арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, сабақтың тақырыбы «қосудың ауыстырымдылық заңы» болсын делік. Сабақта «қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні ӛзгермейді» деген қосу амалының заңын игерту мақсаты кӛзделеді, яғни бұл жерде оқушынын, игеретін білімі - қосудың ауыстырымдылық заңы. Демек, сабақтын білімдік міндеті оқушыларға осы заңды игерту болып табылады. Ал, осы заң оқушыларға бірден хабарлануы мүмкік, яғни оны мұғалім оқушыларға дайын күйінде айтып бере алады. Мұндағы оқытудың әдісі – әңгіме. Ал, бұл заңды нақты мысалдарды қарастыра отырып, әңгімелесу арқылы да баяндауға болады.
3 + 2 = 5
2 + 3 = 5
деп жазып қойып, оқушыларға осы мысалдарды салыстыруға мүмкіндік береді. Осының нәтижәсінде балалар олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. Осылайша берілген мысалдардағы әр санның қосудың компоненті ретінде қалай аталатындығын анықтау жұмысы жүргізіледі. Соның нәтижесінде тиісті қорытындыны балалардың ӛздері жасайды. Демек, бұл жағдайда әңгімеден ӛзгеше оқыту әдісі қолданылады. Олай болса, оқыту әдісі сабақтың негізгі міндетінің шешілуіне ӛзіндік әсер етеді, яғни оқыту әдісі аркылы да сабақ міндеттері жүзеге асырылады. Осы тақырыпты оқып-үйрену кезінде
оқушылардың іс-әрекеті әр түрлі нұсқада (бүкіл сыныппен, топпен, жекелеген оқушылармен) ұйымдастырылуы мүмкін. Оның қей түрінің таңдап алынуына байланысты сабақтың міндеті де түрліше шешіледі. Демек, сабақтың мақсаты оқушылардың іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру формалары арқылы да жүзеге асырылады. Ендеше сабақтың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық және практикалық міндеттерін дәл анықтау және соларға орай оқытудың мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру формаларын және құралдарын анықтау мен іріктеу сабақтың нәтижелі де сапалы, сондай-ақ қойылып отырған талапқа сәйкес болуының алғы шарты болып табылады екен.
Математика сабағы туралы айтқанда, оның типін анықтап алу ең басты мәселе болып табылады. Сабақтың типі қойылып отырған дидактикалық мақсатқа орай анықталуы тиіс. Олай болса, ӛткен материалдарды қайталау, жаңа материалды оқып-үйрену, оқып-үйренген мәселелерді тиянақтау, бекіту, оқып үйренген материалды қорытындылау және жалпылау, оқушылардың білімін тексеру және т.с.с. міндеттердің қайсысы нақты сабақтың негізгі мақсаты болуына орай қайталау, жаңа материалды игеру, білімді тиянақтау және бекіту, білімді қорытындылау және жинақтау, білімді тексеру сияқты сабақ типтерінің болуы мүмкін. Алайда, сабақта жоғарыда аталған міндеттердің әрқайсысы жеке-жеке алынбай, олардың бәрінің де бір сабақтың ӛзінде қамтылуы мүмкін. Осы тұрғыдан алып қарағанда, типін аралас сабақ деп атайды.
Математика сабағының мазмұнын, құрылымын және ұйымдастыру формасын анықтаудағы ең басты құрал оқулық болып табылады. Бастауыш сыныптардың жаңа буын математика оқулықтары жекеленген сабақтарға лайықталып жасалған. Оқулық әр сабақтың үлесі болып табылатын жаттығулардың бірнеше тобын қамтиды. Атап айтқанда:
Ӛткен материалды (алдыңғы сабақта ӛткен, екі-үш күн, бір апта, бір ай немесе бір жыл бұрынғы –П.С.) қайталаумен және пысықтаумен байланысты жаттығулар тобы.
Сабақта қарастырылуға тиіс мәселеге оқушыларды дайындаумен байланысты жаттығулар тобы.
Тікелей жаңа материалмен байланысты жаттығулар тобы.
Ілгеріде қарастырылатын қандай да бір күрделі мәселеге оқушыларды алдын ала дайындауды және танымдық қабілеттерді дамыта түсумен байланысты жаттығулар тобы.
Шығармашылық деп аталатын, балаларға бұрыннан белгілі үйреншікті түрде ұсынылатын жаттығулардан ӛзгеше стандарт емес, үйреншікті емес түрдегі жаттығулар тобы.
Математика оқулықтарында әр сабақтың үлесіне тиетін жаттығулардың осындай жүйемен берілетіндігіне сүйеніп, бастауыш сыныптардағы математика сабақтары, негізінен, аралас сабақ деуге толық негіз бар. Алайда, бұған қарап бастауыш мектептегі математика сабақтарының барлығы да бірдей аралас сабақ болуы тиіс деуге болмайды, яғни ара-тұра сабақтың басқа типтері де кездесіп отырады.
Кейінгі уақыттардағы педагогикалық және әдістемелік мерзімді басылымдарда математика сабақтарының әр алуан жаңа түрлері де жиі кедесіп жүр. Олар панорамалық, интеграцияланған, сайыс, жарыс, аукцион, саяхат,концерт, ертегі сабақтар және т.б. Бұл атаулар сабақтың типін емес, оның түрін анықтайды.
Жалпы алғанда, сабақтың түрі оның белгілі бір типіне орай, әр түрлі орындаушының жүргізетін сабақтары бойынша анықталуы тиіс. Мысалы, бір ғана тақырып бойынша ӛткенді қайталау деп аталатын сабақ типіне орай әр мұғалім ӛзінше сабақ ӛткізуі мүмкін. Сондай-ақ бір ғана тақырып бойынша әр түрлі сабақтар да ӛткізілуі әбден мүмкін.
Бастауыш сыныптардағы математика сабақтарының нәтижелі болуы, ең алдымен оған қойылатын негізгі талаптарды ескеруге тікелей байланысты болып табылады. Бастауыш сыныптардағы математика сабақтарына қойылатын мынадай негізгі талаптар бар:
Математика сабақтарында жалпы сабаққа қойылатын психологиялық, гигиеналық және педагогикалық талаптар ескерілуі тиіс, ӛйткені математика сабақтарына қойылатын талаптар педагогика ғылымында анықталған талаптардан туындайды және математика пәнінің ӛзіндік ерекшелігіне орай жүзеге асырылады.
Сабақ мақсаты комплексті түрде жоспарлануы және бағдарлануы тиіс.
Сабақтың мазмұны оның мақсатына орай тиімді түрде іріктеліп алынуы керек (сабақта қарастырылатын оқу материалы сабақтың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық және практикалық тұрғыдан анықталған нақты мақсаттарды шешуге бағытталуы тиіс).
Сабақта қойылатын оқыту әдістерінің ара-қатынасы дәл анықталуы керек, ӛйткені сабақтың сапасы оқытудың бір ғана әдісін әмбебап (универсал) әдіске айналдырумен анықталмайды, керісінше, әр түрлі әдіс-тәсілдерді үйлесімді ара-қатынаста қолданумен анықталады.
Оқытуды ұйымдастырудың тиімді формасы таңдап алынуы керек, яғни бүкіл сыныппен, жекеленген оқушылармен немесе олардың топтарымен орындалатын жұмыстар үйлесімді болуы тиіс.
Сабақ нақты нәтижеге жетуге бағытталуы тиіс және сол нәтижеге қол жеткендігі сабақтың үстінде айқын кӛрінуі керек те, соған сүйеніп дәлелденуі тиіс.
Сабақ үстінде оқушылардың ӛздігінен жұмыс орындауы ұйымдастырылуы тиіс және оған ұсынылатын тапсырмалар әр оқушының дайындығының деңгейіне сәйкес болуы керек.
Сондай-ақ бастауыш сыныптардағы математика сабақтарына оқу материалының мазмұны жағынан және қолданылатын әдістер жағынан қойылатын талаптарды да кӛрсетіп беруге болады:
Материалының мазмұны жағынан дұрыс құрылған сабақ мынадай болуы керек:
а) теория жағы толық болғаны, яғни оқылатын нәрсені негіздеу үшін керекті барлық материал болуы тиіс;
ә) мазмұны түрліше болуы керек (яғни теориялық және практикалық материалдардың бір-біріне қатысы дұрыс болу керек);
б) тиісті жерде оның материалы басқа пәндермен ұштастырылып отырылуы керек, яғни пәнаралық байланыс ескерілуі тиіс.
Қолданылатын әдіс жағынан алғанда математика сабағына қойылатын талаптар мынадай:
а) бір сабақ үстінде әртүрлі әдістерді қолдану сол сабақтың ерекшеліктеріне (оқу материалына, оқушылардың дайындық деңгейіне, оқушылардың сол сабақ кезіндегі күйіне т.б.) сәйкес болуы керек;
ә) оқыту әдістерінің дұрыс кезектесіп отырылуы (мәселен, сұрақ-жауап әдісі, әңгіме әдісімен -П.С.) жан-жақты ескерілуі тиіс;
б) оқыту әдістері балалардың сабақ барысындағы белсенді іс- әрекетін ұйымдастыруға ықпал жасайтындай болуы тиіс;
в) сабақ барысында қандай әдіс қолданылса да мұғалімнің сӛйлеу мәнері, тілі жеңіл, нақтылы түрде болуы тиіс.
Жоғарыда келтірілген талаптар математика сабақтарын дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттары болып табылады. Алайда, олар математика сабағын қалай ұйымдастыру керек? деген сұраққа толық жауап бере алмайды. Сондықтан, біздің ойымызша, осы талаптар негізінде математика сабағынтиімдіұйымдастырудыңжалпықағидаларынтұжырымдау қажет.