Бұл кезең бойынша ұйымдастырылатын жұмыстың негізгі мақсаты ӛткен материалды қайталау, толықтыру және тереңдете түсу болып табылады. Сондай-ақ мұнда оқушылардың біліміндегі кемшіліктер мен олқылықтар анықталады. Бұл кезеңде де жүргізілетін жұмыстардың нәтижелі болуы тікелей оқытудың әдістерін тиімді таңдап алуға байланысты болады. Кӛпшілік мұғалімдер ӛткен материалдың игерілуін тексеруге сұрақ-жауап әдісін жиі пайдаланады. Бұл жағдай да сұрақтарды, оларға оқушылардың берген жауаптарында материалдың мазмұны біртендеп айқындала түсетіндей етіп, белгілі бір жүйеде қойған жӛн. Демек сұрақтарды мұғалім сабаққа алдын-аладайындап әкелуікерек. Ӛткен материалдың игерілуін тексеруде әңгімелесу әдісіде қолданылуы ықтимал. Әңгімелесу барыснында мұғалім жеке оқушылардың немесе бүкіл сыныптың білім дәрежесін анықтауы мүмкін. Сондай-ақ мұнда ол ӛзінің оқытуды ұйымдастыра алу шеберлігінің қандай екендігін де тексере алады. Әңгімелесу кезіндегі сұрауларды оқушыларға оларға жүйелі түрде жауап беруге кӛмектесетіндей етіп, ӛздерінің білетіндерін белгілі бір жүйемен баяндап беруге үйретерліктей етіп қою керек.
Демек, ӛткен материалмен ұйымдастырылатын жұмыс та тікелей оқыту әдістерін тиімді таңдап алып, оған жан-жақты дайындалуды қажет етеді.
ІІІ. Жаңа материалмен жҧмыс.
а) Жаңа материалды игеруге дайындық .
Тӛменгі сынып оқушыларын жаңа мәселелермен таныстыру алдында оны игеруге біршама дайындап алу міндетті болып табылады, ӛйткені олардың жаңа мәселені қабылдауға тірек боларлық математикалық білім қоры ӛте аз.
Сондықтан мұғалім бұл мәселеге алдын-ала жан-жақты тиянақты түрде дайындалуы тиіс.
Мәселен, екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосуға кірісердің алдында олардың тірек білімдерін анықтап алу керек. Айталық, 36+28 түріндегі қосуды орындау үшін оқушылар толық ондықтарды қосуды, қосындысы 10-нан артық болатын бір таңбалы сандарды қосуды, толық ондықтарға екі таңбалы сандарды қосуды білулері керек. Сондықтан жаңа материалды игеруге дайындық кезеңінде оқушылар 20+40, 6+8, 30+16 түріндегі қосу жағдайларын еске түсірулері керек. Бұл бір жағынан ӛткен материалды қайталауды және оны жаңа материалмен ұштастыруды қамтамасыз етсе, екінші жағынан, жаңа материалды түсіндіруді жеңілдетеді.
Сабақтың бұл кезеңіне байланысты жүргізілетін жұмыстарға дайындық жасау барысында да тиімді оқыту әдістерін таңдап ала білу маңызды болып табылады. Кӛбіне, бұл кезеңде проблемалық ситуациятуғызуға баса кӛңіл аударып отырған жӛн деп ойлаймыз.