Сабақтарына дайындалу мен оны жоспарлаудың Әдістемесі



бет2/106
Дата21.07.2023
өлшемі3,53 Mb.
#104605
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
Байланысты:
sagymbekova-bastauysh-synyptardyn

С

4306010500

00105 -05



ББК 74. 262. 21.


ISBN 9965-9639-7-5

Сағымбекова П.С., Тлеубаева Э.Ы., Тортаева А.С.


2013

Алғы сӛз


Қазақстан Республикасының білім беру саясатын айқындайтын құжаттарда («Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 5В010200-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) оқыту процесін жаңа техника мен технологияны, кәсіптік білім беруді пайдалана отырып дамытушылық сипатта және шығармашылық іс- әрекет негізінде ұйымдастыру қажеттілігінің атап кӛрсетілуі жайдан жай емес. Ӛйткені қазіргі заманның ӛскелең талаптары (Білім беру құрылымының Халықаралық білім берудің стандарты жіктеу ішіне сәйкес келтірілуі, оқытудың 12 жылдық моделін енгізу үшін жағдайлардың жасалуы, Қазақстанның Еуропалық білім кеңістігіне енуі, Болон Декларациясына қосылуы, адами ресурстарды дамыту еліміздің 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарындағы басымдықтардың бірі ретінде айқындалуы) оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан- 2050» атты бағдарламасында Егемен еліміздің инновациялық-индустриялық дамуын белгілей келе, бүгінгі және болашақ жастардың жан-жақты білімді, ғылыми-техникалық прогрестен хабары мол жеке тұлға ретінде дамып қалыптасуын ӛз бағдарламасына негіз етеді.
Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы, т.б. тарихи маңызы зор құжаттарда ұлттық менталитеті жетілген, бүгінгі қоғамдық қатынастарға еркін араласа алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Олай болса қоғамдық қатынастарға еркін араласа алатын, логикалық ойлау қабілеті жоғары, бәсекеге қабілетті тұлға дайындауда – бастауыш мектепте оқытылатын математика сабағының маңызы зор.
Республикамызда халық ағарту жұмысы кең қанат жайып, мектептер саны кӛбейіп, олардың материалдық базасы нығаюда. Бүгінгі күні білім беру, дамыту және тәрбиелеу дейтін тығыз бірлікте алынған үш егіз процестің міндеттері де арта түскен. Осы міндеттер тек оқыту процесін дұрыс ұйымдастырғанда ғана шешіледі.
Оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ екендігін бірнеше ғасыр бұрын ӛмір сүрген чех педагогы Я.А.Коменский данышпандықпен дәлелдеді. Ал, сабақтың нәтижелі және сапалы болуы оны ғылыми негізде ұйымдастырып, оқушылардың бағдарламалық материалдарды толық игеруіне қол жеткізу үшін, мұғалім сабаққа жан-жақты дайындалуы және оны дұрыс жоспарлай білуі керек.
Сабаққа дайындалу және оны жоспарлау педагогикалық мәні бар ӛзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселеге педагогика классиктерінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі кӛптеген ғалым-педагогтардың еңбектері арналған. Ұлы ғалым-педагогтардың (Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Б.А.Сухом- линский, Ы.Алтынсарин, Ж.Аймауытов және т.б.) мұғалімнің сабаққа
дайындалуы мен оны жоспарлау мәселесіне баса назар аударғаны тегін емес.
Аталмыш мәселе дидактика мен математика әдістемесі оқулықтарының барлығында дерлік негізгі мәселелердің бірі ретінде қарастырылып келеді. Ол сондай-ақ Т.С.Калмыков, Е.П.Есипов, М.А.Данилов, В.П.Стрезикозин, М.И.Махмутов және тағы басқалардың еңбектерінде тереңірек қарастырылған. Бұл орайда, әсіресе, мұғалімнің осы бағыттағы педагогикалық еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру мәселесін педагогикалық проблема ретінде қарастырған И.П. Раченконың еңбектерін ерекше атап айтуға болады. Бастауыш сынып мұғалімінің сабаққа дайындалуы мен оны жоспарлау мәселесіне қазақстандық педагогтар Т.С.Сабыровтың, С.Р.Рахметованың, P.M.Қоянбаевтың, Т.Қ.Оспа- новтың, Б.М.Қосановтың, Ж.Қайыңбаевтың, Т.Б.Бегалиевтің, Қ.Т.Ыбырайымжановтың, К.Ж.Бұзаубақованың және т.б. еңбектерінде де айтарлықтай кӛңіл бӛлінген.
Бастауыш сыныптарда математикадан жүргізілетін сабақтардың негізгі мақсаты – әрбір баланың бойындағы табиғи қасиеттерін ашып, қарқынды дамып бара жатқан қоғамда ӛмір сүруге бейімделген жеке тұлғаны қалыптастыру; олардың практикалық дағдылары мен білімдерін тереңдете түсу; логикалық ойлауын, тапқырлығын, математикалық қырағылығын дамыту; неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды таныта білу, олардың ой-ӛрісінің әрі қарай дамуына кӛмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру; тәртіпке, ұйымшылдыққа, табандылыққа, еңбекке, ұжымдыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Дарынды, білімді жастар ғана егемен елдің экономикасын жетілдіріп, еліміздің ертеңін ойлай алады. Сондықтан да уақыт талабы оқушыларға сапалы білім берумен бірге олардың ӛзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруді, ақыл-ой белсенділігін дамытуды міндет етіп қойып отыр.
Алайда, мектеп тәжірибесіне қарағанда, соңғы кездері сабаққа дайындалу мен оны жоспарлау мәселесіне байланысты келеңсіз жағдайлардың орын алып отырғанын байқауға болады. Соңғы жылдардағы қоғамымызда болып жатқан ӛзгерістерге байланысты мұғалімнен сабақ жоспарын талап ету дұрыс емес, ол ӛз пәнін терең білсе болғаны, ал қалғанын мұғалім сабақ үстінде ӛзі ойлап табуы тиіс деген пікірлер бар. Мұғалімдер арасында бастауыш сыныптардың оқу материалының мазмұны күрделі емес, сондықтан оған сабаққа дайындалудың қажеті шамалы деген пікірлер де айтылып қалып жүр.
Осы сияқты жағдайлар қойылып отырған мәселенің теория жүзіндегі қарастырылуы мен оның мектеп тәжірибесінде жүзеге асырылуы арасында қарама-қайшылықтардың орын алып отырғанын аңғартады.
Осындай жағдайларға және бастауыш сынып мұғалімдерінің алдына қойылып отырған ӛскелең талаптарға байланысты, бұрын жарық кӛрген
«Бастауыш сыныптар математика мұғалімнің сабаққа дайындығы» жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптары мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралды жан-жақты талдап, бүгінгі күннің талабына сай толықтырып қайта шығарудың қажеттілігі туындады.
Екінші рет жаңа мазмұнда ұсынылып отырған оқу құралының негізгі мақсаты – қазіргі заманғы педагогика ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, мұғалімнің сабаққа дайындалуы мен оны жоспарлауы мәселесін педагогикалық проблема ретінде қарастыру және бастауыш сыныптардың математика сабақтарына дайындалу мен оны жоспарлау технологиясын кӛрсету.
Студенттерге нақты әдістемелік кӛмек кӛрсету мақсатында жазылған бұл оқу құралы тӛрт тараудан тұрады.
Бірінші бӛлімнің бірінші тарауында сабаққа дайындалу мен оны жоспарлаудың теориялық негіздері баяндалады, ал екінші тарауында бастауыш сыныптардың математика сабақтарына дайындалу және оны жоспарлау технологиялары келтірілген.
Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең. Сондықтан да бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға бағдарлама белгілеп берген белгілі бір кӛлемдегі білім, білік және дағдыларды меңгерту – бүгінгі күннің талабы. Бұл, әрине, мұғалімнен кӛп ізденісті талап етеді. Сондықтан әр мұғалім бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде мүмкіндігінше озат тәжірибені жинақтап, талдап, ӛз шеберлігінде қолдануға кӛңіл бӛлулері тиіс.
Екінші бӛлімде Ш.Смаханұлы атындағы №44 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімдері - Ф.Қарғабаева, З.Әбілдаева, Ж.Керімбаева, Р.Тұржанованың; Керімбай атындағы №12 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері - А.Күзембаева, С.Жанпеисованың, Д.Сипотаеваның; Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері - А.Жаңбырбаева, А.Жұманазарова, М.Оспаналиева, Г.Таубалдиева, Ф.Назаврбекованың; Б.Момышұлы атындағы
№45 қазақ классикалық гимназисыяның бастауыш сынып мұғалімі Г.Тойшыбекованың; Тӛле би атындағы №8 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімдері - Ш.Сүгірбекова, С.Мырзатаева, К.Қарымбаева, С.Байқұлова, Г.Байбулованың және Жамбыл атындағы №5 мектеп- гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері - А.Нарымбетова, М.Асемова, Б.Нұрғожаеваның озат іс-тәжірибелері жинақталып, бастауыш сыныптардағы математиканы оқыту әдістері сараланған.
Үшінші бӛлімде Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы ұжымының «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы үшін
«Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі» пәніне жазылған және Б.М.Қосанов, П.С.Сағымбекова, А.С.Тортаеваның «Бастауыш мектепте
математиканы оқыту әдістемесінің тарихы, практикалық сабақтар» атты оқу құралының тест тапсырмалары үлгі ретінде басшылыққа алынды.
Оқу-әдістемелік құрал студенттердің сабаққа дайындалу мен оны жоспарлау мәселесіне үлкен мән беріп, ӛзінің педагогикалық еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыруына біршама жеңілдік келтіреді деген сенімдеміз. Сондай- ақ, оқу-әдістемелік құралдың қойылып отырған мәселеге қатысты ӛзіндік тың ойлармен, дәстүрлі емес кӛзқарастармен ерекшеленетіндігін ескерте кетуге тиіспіз.
Бұл еңбегімізді Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 45 жылдық мерей тойына арнаймыз. Институтымыздың гүлденіп ӛркендеуін, жоғарғы деңгейден кӛрінініп кӛркейе беруін тілейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет