Бағалау. Балаларды жауап бергеніне қарай мадақтап бағалаймын.
Үшінші сабақ
Сабақтың тақырыбы: Кері есептер.
І-нұсқа
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кері есептерді түсіндіре отырып олардың ұқсастығы мен айырмашылыгын ажырату. Қосу мен азайту бір-біріне кері амалдар екенін ұғыну.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын, ой-ӛрісін, логикалық ойлау қабілеггерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденіске, жаңашылдыққа тәрбиелеу және математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Практикалық: Игерілген білімдерді практикада, тұрмыстық мәселелерді шешуде пайдалана білуге баулу.
Сабақтыңтипі: Аралас сабақ.
Сабақтыңкӛрнекілігі: Ойындар, есептер шарты бойынша салынған суреттер.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үйтапсырмасынсұрау. «Балықаулау» ойынын ойната отырып сұраймын. Ойынның шартын түсіндіру.
Тақтаға шыққан оқушы балықшы болып есептеледі. Ол балықтың артындағы мысалды тез есептесе, балықты аулап алған болып есептеледі:
Балықтағы мысалды шығара алмаса, балықты аулай алмағаны. Кім жаңылмай, кӛп балық ауласа «ең озат балықшы» аталады.
Балалар, осы ойнаған ойындарыңдағы амалдардың компоненттерін атап жіберейік. (Қосу амалдарының компонеті, азайту амалдарының компоненті.)
Ал, балалар, енді осы математика пәнінен біз тағы нелерді үйрендік, соны еске түсіріп жіберейік.
Қосуды, азайтуды, теңестіруді, санауды, есеп шығаруды үйрендік. Олай болса, есеп қандай бӛліктерден тұрады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқулықтағы №1 есептің берілгенін бір оқушыға оқыту.
Осы есепке шарт құрайық.
Есеп не туралы? (Ойыншықтар.)
Ойыншықтың аты қалай аталады? (Машина.)
Түстері қандай? (Қызыл және кӛк.)
Қызыл машина нешеу? (Қызыл машина 5-еу.)
Кӛк машина нешеу?
Белгілі ме? (Белгісіз, бірақ қызыл машинадан 4-еуі артық.)
Біз есеппен не істедік? (Шарт құрдық.)
Ары қарай не керек? (Сұрағы.)
Есеп нені сұрайды? (Кӛк машинаның нешеу екенін.)
Тақтамен жұмыс:
Қызыл машина - 5.
Кӛк машина - ? 4-еуі артық.
Есептің шартын құрдық. Есептің не сұрап тұрғаны белгілі. Енді не істеу керек?
Шешуі:
Кӛк машинаның 4-еуі артық, кӛп болса, қай амалды қолданамыз?
Қосу амалын.
Сонымен, шешуін қалай таптық? .
- 5+4=9 (кӛк м.)
Жауабы: 9 кӛк машина. (Шешуі мен жауабын бір оқушыға жаздыру.)
2 ші есепті оқыту:
Бұл жердегі есепте не туралы?
Ойыншықтар туралы.
Мұнда кӛк машина нешеу?
Кӛк машина – 9.
Қызыл машина нешеу?
Қызыл машина белгісіз, бірақ 4-еуі кем.
Азды табу үшін қандай амал қолданамыз.
Азайту амалын пайдаланамыз.
Кӛк машина – 9
Қызыл машина – ? 4-еуі кем. Шешуі: 9 – 4 = 5.
Жауабы: 5 қызыл машина.
Екінші есепті қандай амалмен шештік? (Азайтумен.)
Бірінде артық, кӛп болса, екіншісінде кем аз. Бірінде белгілі шама, екіншісінде белгісіз.