разрядтан аттап қосу және азайтудың сәйкес жағдайы.
ІІ. Оқу материалын талдау.
Бұл сабақта екі таңбалы санға бір таңбалы санды разрядтан аттап қосу және екі таңбалы саннан бір таңбалы санды разрядтан аттап азайтумен байланысты есептеу тәсілдері қарастырылады. Осы есептеу тәсілдеріне тірек болатын білімдер:
а) Санға қосындыны қосу тәсілі. ә) Бір таңбалы сандардың құрамы.
б) Екі таңбалы санға бір таңбалы санды разрядтан аттамай қосу. в) Толық ондыққа бір таңбалы санды қосу.
г) Саннан қосындыны азайту.
д) Екі таңбалы саннан бір таңбалы санды разрядтан аттамай азайту. е) Толық ондықтан бір таңбалы санды азайту.
Бұдан басқа геометриялық фигуралар ішінен шаршыны ажырата және тани білу және құрылысы күрделі ӛрнек құру және оның мәнін табумен байланысты біліктер қалыптастырылады, сондай-ақ шығармашылық жаттығу және екі құрама есеп келтірілген. Есептер бірнеше бірлікке артық және кем, сонымен бірге қосу мен азайту амалдарының мән-мағыналарымен байланысты ұғымдарға берілген.
Оқушылар үшін 26+7 және 33-7 түріндегі қосу мен азайту тәсілдері жаңа материал болып табылады. Ал жоғарыдағы тірек білімдер болып табылатын тәсілдермен оқушылар бұрыннан таныс және олар алғаш рет математика оқулықтарының мына беттерінде қарастырылған болатын:
а) 52 бет;
ә) 1-сынып:
б) 96-бет;
в) 25-бет;
г) 52-бет; д) 131-бет.
№4, №5 және №6 жаттығуларға ұқсас жаттығулар бұған дейінгі сабақтарда қарастырылған. Сондай-ақ 103-беттегі сияқты шығармашылық жаттығу және 102-беттегі №2 және №3 жаттығулар оқушыларға бұрыннан таныс.
Біздің ойымызша, сабақты мынадай тапсырмалармен толықтыра түсуге болады:
Ӛрнектердің мәнін тап:
-
39+1+7
|
75+5+4
|
16+4+4
|
47+3+4
|
84+6+2
|
33+7+2
|
Ойлан! Темендегі ӛрнектердің мәндерін табу үшін жоғарыдағы теңдіктердің қайсысын пайдалана алар едің?
33 + 9 75 + 9 47 + 7
Ӛрнектердің мәнін тап:
54-4-5 25-5-1 36-6-2
83-3-2 47-7-2 92-2-5
Ойлан! Тӛмендегі ӛрнектердің мәндерін табу үшін жоғарыдағы теңдіктердің қайсысын пайдалана алар едің?
47-9 36-8 83-5
Әр бағандағы ӛрнектердің мәндері бірдей болады деген тұжырым жасауға бола ма?
39+1+7
|
84 + 6 + 2
|
16+4+4
|
39+8
|
84 + 8
|
16+8
|
Әр бағандағы ӛрнектердің мәндері бірдей болады деген тұжырым жасауға бола ма?
54-4-5 25-5-1 92-2-5
54-9 25-6 92-7
Қосындыда 6 ондығы бар сан шығатындай етіп, «әйнекшенің» орнына қандай бір таңбалы сандарды қоюға болады?
52 +
Айырмада 3 ондығы бар сан шығатындай етіп, «әйнекшенің» орнына қандай бір таңбалы сандарды қоюға болады?
46 -
Сабаққа дайындалғанда сіз осы тапсырмалардың кез-келгендерін таңдап алып, олармен ауызша жұмыстар жүргізуіңізге болады. Олар сізге оқушылардың қосу мен азайтуға байланысты жаңа есептеу тәсілдерін іздеуге бағытталатын іс-әрекеттерін тиімді ұйымдастыруға кӛмектеседі. Мұнда оқушылар бұрын игерген білімдерін, сондай-ақ әр түрлі ақыл-ой әрекет тәсілдерін (анализ, синтез, салыстыру, жалпылау) белсенді түрде қолдануға мүмкіндік алады.
Біздің ойымызша, оқулықта берілген №2 және №3 есептердің сандық мәліметтерін ӛзгерткен дұрыс сияқты. Оның мынадай себептері бар:
Есептердің мазмұны ӛмірдегі шындық жағдайға сәйкеспейді (2-сынып оқушысы 30 бет немесе 52 бет оқуы мүмкін емес, сондай-ақ бір кӛшеге бір мезетте 55 үй салынуы да ойланарлық жағдай);
Есептерді шығару барысында сабақта енгізілген жаңа есептеу тәсілі пайдаланылмайды.
Сондықтан бұл есептерді былайша түрлендіріп ұсынған дұрыс болар еді:
№2.
Сандуғаш кітапты 3 күнде оқып бітірді. Ол бірінші күні 9 бет, екінші күні одан 3 бет артық оқыды, ал үшінші күні бірінші және екінші күні барлығы қанша оқыса, сонша бет оқыды. Сандуғаш үшінші күні неше бет оқыды?
№3.
Бір кӛшеге 14 үй, екінші кӛшеге одан 6 үй кем салынды. Ал үшінші кӛшеге бірінші және екінші кӛшелерге қанша үй салынса, сонша үй салынды. Үшінші кӛшеге қанша үй салынған?
Есептерді осылай түрлендіріп ұсынғанда олардың мазмұны ӛмір шындығына жақындайды және ең бастысы, оларды шығару барысында оқушылар осы сабақта оқып-үйренген есептеу тәсілін қолдануға мәжбұр болады, яғни № 2 есеп 9 + (9 + 3), ал №3 есеп 14 + (14 - 6) ӛрнегімен шығарылады.
№6 жаттығуды орындау барысы едәуір қиындықтар тудыруы - мүмкін.
Сондықтан оны былайша түрлендіруге болар еді:
№6.
7 онд. 4 бірл. + бірл. = онд. 2 бірл. 8 онд. бірл. – 8 бірл. = онд. 4 бірл.
Сынып алдын-ала 4 топқа, әр топ 2 нұсқаға бӛлінеді. Алдын-ала парталар біріне бірі қарама-қарсы қойылады. Сабақ оқытуды ұйымдастырудың топтық формасы бойынша жүргізіледі.
Ӛзіндік жұмыс ретінде «Математикаға арналған дидактикалық материалдар» атты оқу құралындағы Т-17 тапсырмалардың №1 және №2 жаттығуларын ұсынуға болады (62,67 және 167, 169 беттер). Осы құралды пайдаланып, ӛзіндік жұмысты оқушыларды 4 топқа және әр топты 2 нұсқаға бӛле отырып, ұйымдастыруға болады.
Ӛзіндік жұмысқа арналған материал.
І топ (білімді дайын күйінде пайдаланатын топ)
1 нұсқа
1) 16+9; 74-7;
43+8; 93-6;
2) Шешей 16 шелпек пісірді. Оның бірнешеуін балаларға үлестіріп бергеннен кейін, 9 шелпек қалды. Қанша шелпек үлестірілді?
|
2 нұсқа
1) 26+8; 56-7;
63+9; 83-6;
2) Қорада 23 қой бар еді? Оның бірнешеуін қырыққаннан кейін тағы қырқылатын 8 қой қалды. Неше қой қырқылды?
|
II топ (білімді біршама өзгерген жағдайда пайдаланатын топ) 1 нұсқа 2 нұсқа
Тиісті сұрақ қойып есепті шығар:
Шешей 16 шелпек пісірді. Оның бірнешеуін балаларға үлестіріп бергеннен кейін, 9 шелпек қалды.
Салыстыр:
14+8 * 14+9 15+7 * 14+9
37-8 * 38-9 77-7 * 77-8
|
Қорада 23 қой бар еді? Оның бірнешеуін қырыққаннан кейін тағы қырқылатын 8 қой қалды.
Салыстыр:
13 + 8 * 13 + 8 52 + 9 * 51 – 9
61 – 6 * 62 – 7 43 – 8 * 43 – 9
|
ІІІ топ (білімді жаңа жағдайда пайдаланатын топ)
1 нұсқа 2 нұсқа
Есеп құрастыр және оны шығар:
1) Пісірілді-16 шелпек
Қалды -9 шелпек Үлестірілді -?
|
1) Барлығы-23 қой
Қырқылмағаны-8қой Қырқылғаны-?
|
|
2) Салыстыр:
17+6-4 * 17-4+6 35+8-7 * 35-7-8
24+8-8 * 25-9+9 56+9+2 * 56+9-2
|
2) Салыстыр:
14+8-4 * 14-4+8 23+9-2 * 23-2-945+7-7 * 46-8+8 65+8+3 * 65+8-3
|
IV топ (білімді шығармашылық жағдайда пайдаланатын топ) 1 нұсқа 2 нұсқа
1) 16-9 ӛрнегі арқылы шығары- латындай есеп құрастыр және оны шығар.
23-8 ӛрнегі арқылы шығарыла- тындай есеп құрастыр және оны шығар.
А әрпінің орнына тиісті цифрды қой (А әрпі бір ғана цифрды білдіреді):
3) 14 = 22
32 5 = 18
3) 37 = 43
63 7 = 48
Осыдан кейін жоғарыда келтірілген схема бойынша әрекет ете отырып, сабақ жоспарын құруға болады. Соның бір нұсқасын келтірейік.
Достарыңызбен бөлісу: |