Сабақтарына дайындалу мен оны жоспарлаудың Әдістемесі



бет53/106
Дата21.07.2023
өлшемі3,53 Mb.
#104605
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   106
Байланысты:
sagymbekova-bastauysh-synyptardyn

Сабақты қорыту.


Қызықты әзіл есептер шешу арқылы сабақты қорыту:

    1. Екі адам тоғыз құмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?

    2. Бір жұмыртқа 4 минутта піседі. Тӛрт жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек?

    3. Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?

    4. Айдың, аптаның күндерін атамай 5 күнді ретімен кім атап шығады?

  1. Үйге: 6-мысал.

  2. Бағалау. Сабаққа жақсы атсалып қатысқан оқушыны мақтап, мадақтап бағалау.

Алтыншы сабақ


Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау.


Сабақтың мақсаты: Білімділік: 4 санын қосу кестесін және азайтудың сәйкес жағдайларын тиянақтау, қарапайым әріпті ӛрнектермен, теңдеулермен, есептеулермен байланыстыра отырып әр алуан іс-әрекет барысында кестелік қосу мен азайтуды орындауға машықтандыру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, ұлттық тағылымдардар туралы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды бүгінгі ӛмір талабына сай рухта ұйымшылдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың кӛрнекілігі: Плакат, математикалық жұмбақтар, суреттер, оқулық.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: Бақылау, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.


Оқушыларды тынышталдырып, назарларын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 58-беттегі 3-мысал. Ӛрнекті жазып және оның мәнін табу.
Үй тапсырмасын 3-4 оқушыға оқытып тексертемін.
Оқушылардың алдыңғы сабақтарды қаншалықты меңгергенін анықтау мақсатында тест жұмысын аламын.
Пысықтау жаттығулары.
а) Алдыңғы сабақтарда ӛткен санға 2-ні, 3-ті, 4-ті қосу және азайту амалдарын еске түсіремін:

3 + 4 = 7

7 + 3 = 10

2 – 9 = 3

4 + 4 = 8

8 + 4 = 12

3 – 8 = 5

2 + 2 = 4

9 + 3 = 12

2 – 4 = 8

3 + 3 = 6

9 + 4 = 13

13 – 4 = 9.

ә) Ал, балалар, осы санға байланысты қандай мақал-мәтелдер білеміз?
Кәне, кім айтады?

  • Тӛрт кісіге шәй құйғанша, түйемене қос айда.

  • Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болма.

  • Ерке бала екі жылар.

  • Досыңды 3 күн сынама, 3 жыл сына.

  • Ат баспаймын деген жерін 3 басады.

  • Тӛрт аяқты жылқы да сүрінеді.

  • Бір жылы сӛз - бір күнге азық.

б) Олай болса, балалар:
Қаздың да екеу аяғы, құрдың да екеу аяғы. Екеуінің аяғы - тӛрт болады баяғы.

  • дей отырып 4 санын қосу және азайту туралы ұғымды тиянақтаймыз.

Тақтамен жұмыс.
1-мысал:
8 + 4 = 12 12 – 4 = 8 4 + 8 = 12 12 – 8 = 4

2 2 2 2 6 2 6 2
9 + 4 = 13 13 – 4 = 8 4 + 9 = 13 13 – 9 = 4

1 3 3 1 3 6 6 3


2-мысал. Теңдеуді

шешу:




4 + х = 11




11 – х = 4

х – 4 =7

х = 11 – 4




х = 11 – 4

х = 7 + 4

х = 7




х = 7

х = 11

4 + 7= 11




11 – 7 = 4

11 – 4 = 7

11 = 11




4 = 4

7 = 7.



Сергіту сәті.
4 дегенің жақсы баға, Алады оны жақсы бала. 5 дегенің үздік баға, Оқитын бала үздік ғана.
Ӛзіндік жұмыс.
3-мысал:
а + 4 а = 50, 53, 9.
50 + 4 = 54 53 + 4 = 57 9 + 4= 13.
а – 4 а = 54, 47, 13.
54 – 4 = 50 57 – 4 = 53 13 – 4 = 9.
Математикалық жұмбақтар:



Екі сиыр, бес ешкі, Екі қоян, үш түлкі,
Таба алмасаң бол күлкі.
(12.)

2 лақ, 2 ешкі,
4 қозы, 2 қой.
Бәрі нешеу айта ғой.
(10.)

Екі лақ, Неше құлақ.
(4.)



Кітаппен жұмыс.


4-есеп:

1) Жүк м – 9

Шешуі:

(9 + 4 ) – 5 = 8.

Жеңіл м – 4

Жауабы:

8 машина.

Жӛнделді – 5







Жӛндеу керек - ?







2) Жүк м – 9 Шешуі: 9 + 4 = 13.

Жеңіл м – 4 ?
Жауабы: 13 машина.

Екі есептің қысқа жазылуы мен шешуін салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығы неде екенін талдау.

Кӛрнекілікпен жұмыс. 6-мысал. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыта түсуге арналған жаттығу:
11 – 4 = 7 теңдігін пайдаланып, қандай екі таңбалы сандардан 4-ті азайтуға болады? (Кесте арқылы түсіндіріп, ізделінді екі таңбалы сандарды жазғызамын.)
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған

1, 2, 3, ... , 99 сандарында 5 цифры неше рет кездеседі?

стандартты емес жаттығу:


Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта түсу.
Нұсқау: Тапсырманы орындау қиындық тудырған жағдайда берілген сандарды ондықтар бойынша бӛліп алуды ұсыну керек, сонда ол біршама оңайлайды.



1-10

аралығында

5

цифры

1

рет

кездеседі.

11-20

аралығында

5

цифры

1

рет

кездеседі.

21-30

аралығында

5

цифры

1

рет

кездеседі.

31-40

арапығында

5

цифры

1

рет

кездеседі.

41-50

аралығында

5

цифры

2

рет

кездеседі.

51-60

аралығында

5

цифры

9

рет

кездеседі.

61-70

аралығында

5

цифры

1

рет

кездеседі.

71-80

аралығында

5

цифры

1

рет

кездеседі.

81-99

аралығында

5

цифры

1

рет

кездеседі.

Шығармашылық тапсырманың жауабы: 1 мен 99 сандарының арасында 5 цифры 11 рет кездеседі.
«Кӛршілерін ата» ойыны.
Ойынның шарты: арнайы «терезе» етіп жасалған құралға 1, 2, 3, 4 сандарының біреуін кӛрсетеді де, олардың оң жақтағы, сол жақтағы кӛршілерін ата дейді.
V. Үйге: № 5 - есеп және 2 - мысалдың қалғаны.


VІ. Бағалау. Сабаққа ӛте жақсы қатысқан оқушыларды мақтап, мадақтап бағалау.
VІI. Сабақтың қорытындысы.

ОНДЫҚТАН АТТАП ҚОСУЖӘНЕ АЗАЙТУ


Бірінші сабақ




Сабақтың тақырыбы: Ҥшбҧрыштың, тік тӛртбҧрыштың


(шаршының) периметрін табу.

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Сызбаларды пайдалану арқылы үшбұрыштың және тік тӛртбұрыштың (шаршының) қабырғаларының ұзындықтарын ӛлшеу және олардың периметрін табу, екі амалмен шығарылатын есепті пысықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, геометрияның алғашқы мағлұматтарын игеру.
Тәрбиелік: Оқушыларды достыққа, ынтымақтастыққа, татулыққа тәрбиелей отырып, тапқырлыққа баулу.
Кӛрнекіліктер: Ертегі елінің картасы, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, дидактикалық материалдар, жай және логикалық есептер.
Сабақтың тҥрі: Ертегі сабақ.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды тыныштандырып, назарларын сабаққа аудару. ІІ. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Оқушылар ертегі еліне саяхат жасау үшін екі топқа бӛлінеді. Әрбір топтың жол бастаушылары, топтың жетекшілері, үздік оқушылардан сайлап алынады. Осыдан кейін ертегі сабақтың мақсаты оқушыларға былай түсіндіріледі.

  • Балалар! Бүгін біз сіздермен ертегі еліне барамыз. Қайда дейсіңдер ғой? Алыс ертегілер елінің "Фигуралар" шаһарына барамыз.

  • Балалар! Біз сонда кӛп нәрсе кӛреміз, жаяу да жүреміз, судан да ӛтеміз қайықпен де жүземіз, орманға да енеміз, қамалға да келеміз, шаһарды да кӛреміз, ертегі елінің жәрмеңкесінде де боламыз. Сондықтан біз жол кедергілеріне кӛп кездесеміз. Сол кедергінің бәрін жеңіп, кӛңілді оралуымыз керек. Қай топ тез жеңеді, сол топтың мүшелері "Алтын фигураларға" ие болады.

Ал, енді ертегілер еліне баруға әзірміз бе? Міне, тақтада ертегі еліне барар жолдың картасы ілулі тұр. Ол карта ӛткен жолғы сабақта "Қожанасыр кӛмбесінен" табылғанын сендер жақсы білесіңдер. (Тақтада үлкен кестеде түрлі-түсті етіп салынған ертегі еліне барар жолдың картасының беті жабулы тұр. Оны біртіндеп ашып отыру керек.)
Ал, балалар, балалар, Ертегіге енейік, Талай жерді кӛрейік. Асулардан асайық, Түзу жолды жасайық.
Білімге тез енейік, Кедергіні жеңейік.

  • деп оқушыларды ертегі еліне бастайды. Карта біртіндеп ашылады. Қалың орман іші, гүл-бәйшешектер құлпырып, желмен орман іші ақырын шуылдайды. Әртүрлі құстардың сайраған үні құлаққа келеді. Міне, алдымызда таңқаларлық үлкен екі себетте алмалар толып тұр. Кенет пыр еткен дауыс естіліп, сыпырғыға мінген сиқыршы пайда болды.

    • О, амансыңдар ма, ботақандарым! Қайда тарттыңдар бәрің?

    • Ертегілер еліне. Мынау алмадан бізге бермейсіз бе?

О, бұл алманы талай адам алам деп ала алмаған. Мұнда алманың екі сорты бар. Себеттегі сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер алманы аласыңдар. Шешуін білмесеңдер, сыпырғының астында сабалып қаласыңдар.
а) 1-мысал. Екі топқа 2 тапсырма.

Әр түсті бӛліктерден құрастырылған кесінділердің ұзындығын есептеп шығар:
3 + 2 + 7 = 12 (см).

Үшбұрыштың әр қабырғасын ӛлше және периметрін тап:


Р = 3 + 2 + 4 = 9 (см).


Қай топтың мүшесі есепті дұрыс шешсе, алдағы жолды солар бастайды. Әрі қарай орманнан шықтық, алдымызда үлкен ӛзен. Ӛзеннің екі жағалауын екі кӛпір жалғап жатыр. Кӛпір үстінде есептер және тӛмендегідей сӛз жазылған.


Ойла, ойла тереңнен, Жақсы емес кӛп бӛгелген. Есептерді шешпесең,
Ӛте алмайсың кӛпірден.
ә) 2-мысал. Мына тӛртбұрыштардың әрқайсысының қабырғаларын ӛлше және периметрін тап.


Р = 2 + 2 + 4 + 4=12 (см). Р = 2 + 2 + 2 + 2 = 8 (см).


Әр командадан талапкерлер шығып мысалды шығарады. Тез және қатесіз шығарған оқушының тобы жол бастайды. Оқушылар одан әрі жүріп кетеді. Жазық далада атарба айдаған ақсақал қарсы жолығады. Ассалаумағалейкум, ақсақал!

    • Әлейкүм ассалам, балаларым!

    • Иә, қайда барасыңдар балақайлар.

    • Ертегілер елінің "Фигуралар шаһарына".

    • Ертегілер еліне деңдер. Онда барғанда үлкен қақпалы қамал кезігеді. Қамалға тек есеп білетіндер ғана кіреді. Есеп білмейтіндер қамалдың кілтін ала алмайды. Сендер ол жағында қаласыңдар.

    • Білеміз, ата, білеміз.

Міне, алдымыздан үлкен қамалдың бейнесі шығады. Үлкен қақпа. Қақпа аузында құлып, оны ашу үшін кілт керек. Кілт сиқырлы қалта ішінде. Тақтаға 1-1-ден екі оқушы шығып кілтті алады. Кілттің сыртында есеп, сұрақтар жазылған.
б) 3- есеп.


Шешуі: (70 + 6) + 6 + 6 = 88.
Жауабы: Барлық затқа 88 теңге тӛледі.
Тіктӛртбұрыштың қасиеті қандай? Шаршының жақын тектерін ата.
Егер барлық қабырғасы бір - біріне тең болса, онда оны шаршы деуге бола ма?
Анықтамаларды дұрыс айтып, есепті шығарса, құлыпты ашып, қақпадан кіреді.
Алдымызда мал жәрмеңкесі. Кӛп халық, әр түрлі жануарлар бейнеленген. Енді шӛлейт даланы кесіп ӛтіп, фигуралар шаһарына бару үшін түйе сатып алуымыз керек.
Біздерде бар қуыршақ, Жылқы, түйе, құлыншақ. Талай жерге жеткізер, Апар деп біз бұйырсақ.
Есеп білген маржан ғой.
Түйенің суреті салынған. Әр түйенің мойнына есептер жазылып ілінген.
Шешкендер бір-бір түйеден алып, шешпегендер жаяу қалады. в) 4-мысал. Тақтамен жұмы:
5 м 8 дм – 6 дм = 5 м 2 дм = 52 дм
57 см + 20 см + 6 см = 4 дм 8 см = 48 см
4 дм 2 см + 6 дм = 4 дм 8 см = 48см
95 см – 50 см = 45 см = 4 дм 5 см.
Оқушылардың мысалды қалай шешкендігі тексеріліп, кімнің түйесіз қалғаны анықталды.
Міне енді үлкен шаһарға да келдік.
Шаһарға кірмес бұрын 5 мысалды ӛзіміз орындайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет