Сабақтарында физикалық мазмұнды есептерді шешу



бет2/5
Дата23.09.2024
өлшемі66,04 Kb.
#145270
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
мат физ

Курстың өзектілігі: Жаңартылған білім мазмұнындағы өзекті мәселе білім сапасын көтеру болып табылады. Оның мәні оқушының мектеп қабырғасында алған білімін өз өмірінде қажетке асыра білуі
. Сондықтан, бұл курс қолданбалылық ұғымына құрылған. Бағдарлама оқушылардың математика пәнінде алған білімдерін басқа пәндерді, соның ішінде физиканы оқып-үйренуге қолдануға қолайлы жағдай жасауды көздейді. Бұл курсты оқу барысында пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады, оқушыларда қоршаған әлем туралы білім жүйесі қалыптасады. Сұйық пен газдың қысымы, лақтырылған дененің қозғалыстарымен байланысты физиканың әр түрлі тұжырымдамалары, техникалық және физикалық мазмұны бар есептерді құрастыру және шешу алгебра курсының жалпыдүниетанымдық әлеуетін жүзеге асырудың қажетті шарттары болып табылады. Мектеп оқулықтарындағы пәнаралық мазмұнды есептер көптеген тақырыптарды қамтиды. Бірақ, белгілі бір тақырып аясында кездескен осындай есептерді шешу кезінде мұғалімнің өте көп дайындық жұмыстарын жүргізуіне тура келеді, себебі мұндай есептер оқушы бойында жоғары ойлау деңгейінің дағдылары болуын қажет етеді. Осы курс барысында оқушылардың физикалық мазмұнды есептерді шешу арқылы білім алудың қолданбалылық құраушысын жетілдіруге мүмкіндік пайда болады. 8-сыныпқа арналған алгебраның "Квадрат түбір және иррационал өрнектер" тарауын осы курстың «Жуықтап есептеулер» бөлімі толықтырады. Яғни,
«Математика сабақтарында физикалық мазмұнды есептерді шешу» курсында «Физикалық шамалардың сандық мәндерін стандартты түрде жазу», «Жуық мәндер», «Сандарды дөңгелектеу»,
«Мәнді цифрлар», «Сандардың жуық мәндерін жазу ережесі», «Жуықтап есептеулердің негізгі әдістері», «Жуықтап есептеулердегі дәреже шығару амалы», «Жуықтап есептеулердегі түбір табу амалы», «Қосымша цифрлар ережесі» сияқты тақырыптарда физикалық мазмұнды, практикалық тапсырмалар қарастырылады. Сондай-ақ курс мазмұнына сызықтық , квадраттық теңдеулер және теңдеулер жүйелері көмегімен шығарылатын физикалық мазмұнды есептер енгізілген. Оқушылар 8 сынып алгебрасындағы «Квадраттық функция» тарауын оқып-үйренуге қажетті пәнаралық білім, білік дағдысын осы курстың «Квадраттық функция», «Квадраттық теңсіздік» бөлімдерінде функция ұғымына берілген пәнаралық ескертпелер мен квадраттық функцияны қолданып физикалық мазмұнды есептерді шешу тақырыптарында дамытуға мүмкіндік алады. Физикалық мазмұнды есептерді шешуде оқушылар анықтамалық құралдар мен ғаламторды пайдаланады, тақырыптар бойынша есептер топтамасы бағдарламада қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет