Сабақтарында физикалық мазмұнды есептерді шешу
мат физ
Аптасына 1 сағат, Жылына 34 сағат Ақпараттық-әдістемелік бөлім Бағдарлама жаңартылған білім беру мазмұны негізінде жасалынды. Бағдарлама негізгі мектеп курсындағы бағдарлама мазмұнына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Бұл курсты оқып-үйренуде оқушылар: 5-7 сыныптардағы математика курстарында өтілген материалдарды қайталап, білімдерін жүйелейді; басқа пәндерді оқып-үйренуде қолдану арқылы 8-сынып алгебра курсында алған білімдерін тереңдетеді; алгебра және физика курстарынан алған білімдеріндегі олқылықтарды түзете отырып, пәнаралық білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді; графиктерді оқуды, модельдеу мен талдауды меңгереді; пәнаралық есептерді құрастыру және шешу дағдыларын меңгереді; өздерінің математикалық сауаттылығын арттырады, дүниетанымдық деңгейін көтереді; сыни ойлауға дағдыланады, топтарда және жеке жұмыс жасай біледі; өмір бойы білім алу, еңбек және бірлесе жұмыс атқару, ашықтық сияқты құндылықтарды назарда ұстайды; АКТ, интернет ресурстарын, т.б. қосымшаларды пайдалану арқылы физикалық құбылыстарды математика құралдарымен зерттеуге ізденеді; «білу және түсіну», «қолдану» деңгейлерін ғана емес «талдау», «жинақтау», «бағалау» сияқты ойлау дағдыларының деңгейлерін қарастырады. Оқушылардың білімін бағалау: жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес критериалды бағалау жүйесі формативті бағалау мен жиынтық бағалауды қамтиды. қалыптастырушы және жиынтық бағалау жүзеге асырылады, қалыптастырушы бағалауда баға қойылмайды, яғни, қалыптастырушы бағалау - оқу нәтижелерін жақсарту үшін критерийлерге сәйкес жүргізілетін бағалаудың түрі, ал жиынтық бағалау – тест, сынақ, бақылау жұмысы түріндегі белгілі бір мерзімдегі нақты білім. Бағалау критерийлері: Тақырыптың мазмұнын түсінуі пәнаралық есептердің ерекшелігін білуі; физикалық шамалардың өзара тәуелділігінің математикалық сипатын түсінуі; графиктік сауаттылықты меңгеруі; есептерді шығаруда анықтама, ережелер мен формулаларды қолдана білу деңгейі физикалық құбылысқа сәйкес математикалық модельді құра білу деңгейі Оқушы жұмысын бағалау түрлері, нәтижені бағалау өлшемі: Тақырыпты өту барысында сынақ, оқушының өзі құрастырған есептерден жасаған кітапшасы, жоба қорғау, физикалық мектеп құралдарын қолдану барысында жасаған өлшемдерге қатысты зерттеу жұмыстары, жоба қорғау, презентация, физикалық құбылыстарды сипаттайтын графиктер, математикалық модельдерді жинақтау, т.с.с. жұмыс түрлері болуы мүмкін.
Жазбаша жұмысты бағалау: «5» бағасы -80%-100% дұрыс жауап үшін; «4» бағасы -60%-79% дұрыс жауап үшін; «3» бағасы -50%-59% дұрыс жауап үшін; «2» деген баға басқа жағдайларда қойылады. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі: Бекжигитова М.Т. Элементар математика. Физикалық мазмұнды есептер жинағы. Оқу құралы. Алматы, - 2010ж.,-140 б. Серікбаева В.Е. Математиканың пәнаралық байланыстары. Оқу-әдістемелік құрал. Алматы,-2007ж., -191б. Ю.Н.Макарычев, С.Б. Баймұханов , т.б. Алгебра 7, 8, 9 Жалпы білім беретін мектептің математика пәнін тереңдетіп оқытатын сыныптарына арналған оқулық.. Алматы:Атамұра, 2003. Демкович В.П., Прайсман Н.Я. Приближенные вычисления в школьном курсе физики: книга для учителя.-М.: Просвещение, 1983.-107с. Ә. Көшеров, т.б. Пәнаралық шығармашылық тапсырмалар.-Қазақстан мектебі, 2007, №11-12, 62 бет. О. Мұсабеков Шығармашылық пәнаралық проблемалық есептер.-И.Ф.М., 2000, №1, 5-6 б.б. Володарский В.Е. Физические задачи на уроках математики. // математика в школе, 1976, №4, с. 35-37. Гранатов Г.Г., Ретюнский В.Н. Задачи с физическим содержанием по теме «Предел функций».-Математика в школе, 1976, №2, с. жүктеу/скачать 66,04 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |