Топтық жұмыс (5 минут)
1 топ 1 заңы
2 топ 2 заңы
3 топ 3 заңы
Кеплер заңдары не жайында айтылған?
Кеплер заңдарын ата?
Күннің қозғалысын түсіндір?
Кеплер заңдарын салыстыр?
Кеплер заңдарына мысал келтір?
Кеплер заңдарын білу біз үшін маңызы қаншама?
Сабақты пысықтау. Кім жылдам? (6 әріптен келетін сөздерді табу) Тақтаға ватманға әріптер жазылып ілінеді,оқушылар сол бойынша 6 әріптен тұратын сөз құрастыруы керек.
Жауаптары: Орбита, эллипс, Иоганн Кеплер, радиус-вектор, афелий
Есеп шығару. 35 жаттығу, №2
Сабақты бекіту. Толықтыруды қажет ететін тестілер.
1. Поляк ғалымы .............. планеталардың шеңбер бойымен тұрақты жылдамдықпен қозғалады деген қағидасын сақтап қалды.
А) И.Кеплер Ә) Н.Коперник Б) Т.Браге В) И.Ньютон
2. Барлық планеталар Күнді ............ бойымен айналады, оның ......... Күн тұрады.
А) шеңбер, фокустарында Ә) эллипс, центрінде
Б) эллипс, фокусының бірінде В) шеңбер, фокусының бірінде
3. Орбитаның Күнге ең жақын нүктесі .........., ең алыс нүктесі ........... деп аталады.
А) афелий, перигелий Ә) афелий, перигей
Б) апогей, перигей В) апогей, перигелий
4. Планетаның радиус-векторы .......... уақыт аралығында шамалары бірдей ........ сызып шығады.
А) тең, көлем Ә) тең, аудан Б) бірдей, көлем В) бірдей, аудан
5. Күн жүйесінде қолданылатын қашықтық өлшеу бірлігі .......... деп аталады.
А) күннің бірлігі Ә) астрономиялық бірлік
Б) астрономиялық қашықтық В) күн қашықтығы
6. Кез-келген екі планетаның Күнді айналу ......... квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының ............. кубтарының қатынасына тең болады.
7. Кеплер заңдарын......... жүйелерінің қозғалыстарына да қолдануға болады.
А) күн денелері Ә) жер денелері Б) планета В) аспан денелері