Физика
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Сабақ 39
|
Сабақтың аты
|
§45 Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары
|
Жалпы мақсаты
|
Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары жайлы мағлұмат беру
Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары туралы оқушыларға алғашқы түсініктер беру, жаңа білімді қалыптастыру.
|
Күтілетін нәтиже
|
Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары жайлы мағлұмат алады
Күн жүйесі планеталары қозғалысын бақылай білуге үйренеді
|
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау парақшасымен таныстыру
|
Топқа бөлу
|
Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.
|
Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар
|
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
|
Үй тапсырмасын пысықтау
Қызығушылығын дамыту
|
Миға шабуыл әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталау
Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Нақты және орташа күн тәуліктерінің бір-бірінен айырмашылығы неде?
Бүкіләлемдік уақыт Жер бетінде қай орынның жергілікті уақытына сәйкес келеді?
Қазақстан жері арқылы қанша және қандай сағаттық белдеулер өтеді?
Астан уақыты ендік мәні қанша градус болатын орынның жергілікті уақытан дәл келеді?
Алматы мен Астана жергілікті уақыттары бірдей ме?
Астана мен Алматы белдеулік уақыттары бірдей ме?
Өліаралық және жұлдыздық ай астрономиялық жолмен қалай анықталады?
Тропиктік жыл ұзақтығы қалай анықталады?
Ежелгі Мысыр күнтізбесінде жыл ұзақтығы неше тәулік болған?
Юлиан күнтізбесінің ұзақ уақыт қолданыста болуы қандай қателік тудырды?
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарды жазып сандықшаға салады. Әр оқушы сандықтан сұрақ алып жауап береді.
Домино ойыны
|
Уақыттың негізгі бірліктері?
|
Тәулік, ай, жыл
|
Өліаралық ай ұзақтығы қаншаға тең?
|
29,53 тәулік
|
Тропиктік жыл дегеніміз не?
|
Жер орбита бойымен Күнді 365 тәул. 5 сағ 48 мин 46с айналып шығуын
|
Күнтізбе түрлерін ата?
|
Ай, Күн, жұлдыз, Ай-күн
|
Декреттік уақыт қай кезде ендіріледі?
|
1930 жылы
|
Қазіргі кезде халықаралық деңгейде қолданылып жүрген күнтізбені кім, қашан енгізді?
|
Рим папасы Григорий, 1582 ж
|
Тәулікті тең 24 сағатқа бөлген кім?
|
Грек астрономы Птоломей
|
Юлиан күнтізбесі бойынша бір жылдың ұзақтығы қандай?
|
365 күн 6 сағ
|
Не орнынан қозғалмай жүреді?
|
Уақыт
|
|
|
Жаңа сабақ
Есептер шығару. Топтық жұмыс
Иоганн Кеплер (1571-1630) заңдары:
1. Кеплердің бірінші заңы – планета орбитасының пішінін анықтайды: барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады.
Элипстің симметрия центрі – О, үлкен АА1 = 2 a және кіші ВВ1 = 2 b екі симметрия осі бар, мұндағы а – үлкен жарты ось, b – кіші жарты ось деп аталады. Оның фокусы центрден OF1 = OF2 = C = a2 – b2 қашықтықта орналасқан.
Эллипстің негізгі қасиеті: эллипстің кез келген нүктесінің фокустардан қашықтықтарының қосындысы үлкен ось ұзындығына тең болатын тұрақты шама:
MF1 + MF1 = 2 a .
e = c/a қатынасы эллипстің эксцентрисиенті деп аталады.
Астрономияда Жердің күннен орташа қашықтығы Күн жүйесінде қолданылатын қашықтық өлшеу бірлігі ретінде қабылданған. Ол астрономиялық бірлік (а.б.) деп аталады: 1 а.б. = 149 600 000 км.
Кеплердің екінші заңы – аудандар заңы планета қозғалыстарының бірқалыпты емес екендігін анықтайды: планетаның радиус-векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады.
3. Кеплердің үшінші заңы планеталардың орбиталық периодтары мен олардан Күнге дейінгі қашықтық арасындағы байланысты анықтайды: кез келген екі планетаның Күнді айналу периодтары квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының үлкен жартыосьтерінің кубтарының қатынасына тең болады.
Топтық жұмыс Есептер шығару
Есеп. Марс орбитасының үлкен жарты осі 1,5 а.б. оның Күнді айналу периодын есептеп шығарыңдар.
Берілгені:
a1=1.5 а.б.
a2=1 а.б.
T2 = 1 жыл
Шешуі:
жыл
ж/ы: T1 =1,9 жыл
т/к: T1 - ?
|
Сергіту сәті
|
|
|
|