Сабақтың барысы: I. Психологиялық дайындық. Қуан шаттан (2) Қуанатын күн бүгін, Қайырлы таң, қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін



бет13/13
Дата11.06.2023
өлшемі0,77 Mb.
#100435
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
сабак 2

«КЕЗБЕ ТІЛШІ» әдісі
Топтарда жаз айларында шомылатын жерден жаңалықтар бағдарламасын жасау қажет.
1-топ: телефон соғып жатқанға ұқсап, тәуілік бойы алып жатқан оқиғалар туралы хабарлайды.
2 – топ: телестудиядағы диктор. Жиынтық ақпарат береді.
3 – топ: тілші. Оқиға орнынан ақпарат ұсынады.

Оқушылар оқулықты ашып, мәтінді оқиды және жұптасып өздерінің шешімдерін ұсынады.
Оқушылар «Оқушы дәптеріндегі» 1–2-тапсырманы орындайды.

5 мин

Жаңа тақырыпты түсінгендерін тексеру

Оқулықтағы 53 беттегі мәтін бойынша жұптық жұмыс.
«Жолдан өтудің қандай қауіпіті жағдайына» не істеу керектігін жазады.
Дәптердегі 4-тапсырманы орындатады.
Сергіту жаттығулары
Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)
Түлкi болып қашамыз, қашамыз (Бiр орындарында тұрып жүгiредi)
Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,
Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады).

53 беттегі жағдаядтардан шығуды жұппен ақылдасады.
Дәптердегі 4-тапсырманы орындайды.

Оқушылар жаттығудағы қозғалыстарды орындайды.





5 мин

Жаңа тақырыпты бекіту

Мұғалім:
– Бөлмеде, үйдің маңында қауіпті болуы мүмкін кейбір орындарды атаңдар.
– Топта жұмыс орындай отырып, өзін ұстаудың қауіпсіздік ережелерін құрастырыңдар:

  1. үйде;

  2. қоғамдық орындарда;

  3. көшеде;

  4. табиғат аясында (суқоймасында).

Оқушылар:
– Үйде: газ плитасы, электр құралдары;
– қаладағы көп қабатты үйде: балкон, ашық терезе;
– Үйдің айналасында: жол, бос алаңқай;
– қала сыртында: суқоймасы (өзен, тоған, көл).
Топтық жұмыс.
Дайын ережелердің нұсқалары
1) Үй ішінде жүріп-тұрудың қауіпсіздік ережелері:
– балконда немесе ашық терезе алдында ойнама;
– өткір, кесетін заттарды пайдаланғанда сақ бол;
– сіріңкемен ешқашан және ешбір жерде ойнама;
– ересектер жоқта тұрмыстық химия және дәрі-дәрмектерді қолданба;
– ересектердің қарауымен ғана газ плитасын, электр қондырғыларын пайдалан.
2) Қоғамдық орындарда жекебас қауіпсіздік ережелері:
– бөгде ересектердің ешбір ұсыныстарына келіспе;
– бөгде ересек адамдармен ешқайда баруға келіспе және көліктеріне отырма;
– үйдегі ересектерде көп ақша бар екеніне ешқашан мақтанба;
– үйде ешкім болмаса, бөгде балаларды үйге шақырма;
– үйге қайтарда көшеде т.б. жерлерде кідіріп қалма;
– кеш түскенде әсіресе құрылыс алаңдарында, алаңқайларда және қазба жұмыстары жүргізілетін аймақтарда серуендеме.
3) Көшеде жүріп-тұрудың тәртібі:
– жолды бағдаршамның тек жасыл белгісіне жүріп өт;
– жақын жүріп келе жатқан көліктің алдынан кесіп өтпе;
– жол үстінде ойнама;
– көше қиылыстарындағы жолды жаяу жүргінші жолағымен жүріп
өт.
4) Суқоймасында өзін ұстау тәртібі:
– ересектердің қарауымен ғана суға түс;
– таза суға түскен дұрыс;
– суда қауіпті ойын түрлерін ойнама;
– бейтаныс суқоймада сүңгіп ойнама.

7 мин

Рефлексия
(ой қорыту)
Қорытындылау

Балалар, мен сендерге қауіпсіздіктің тұжырымды қорытындысын шығаруды ұсынамын. ... («Миға шабуыл» әдісі)
Мұғалім оқушылар ұсынған нұсқаларды тақтаға жазады:

  • Қауіпті алдын ала көру.

  • Қауіптен аулақ болуға тырысу.

  • Қажет болған жағдайда батыл әрі нақты әрекетке көшу. Соңына дейін күресу, көмекке шақыру және көмек қолын созу.

Мұғалім: Егер де қауіптілікті алдын ала көруді үйрене білсеңдер, сендерге одан құтылуға немесе оқыс оқиғадан шығынсыз аман шығуға болады.
«Бағдаршам» әдісіне рефлексия «Оқушы дәптеріндегі»
6-тапсырма.
Алдыңда бағдаршам суреті. Сабағымыздың соңында үкінің қандай түсін таңдайсың? Таңдалған түске өз атың жазылған қыстырғышты қой: қызыл түс – мүлдем түсініксіз; сары түс – тағы бір қайталау қажет; жасыл түс – барлығы оңай әрі жеңіл.

Оқушылар мүмкіндігінше өздерінің болжамдарын айтады.


Оқушылар өздерінің әрекеттеріне рефлексияны (ой қорыту) жүргізеді.

1 мин

Үй тапсырмасы

«Оқушы дәптеріндегі» 3-тапсырма.

Оқушылар күнделіктеріне тапсырманы жазады.

Оқу істері бойынша


мектеп директор орынбасары: ____________________

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет