Сабақтың барысы: I. Психологиялық дайындық. Қуан шаттан (2) Қуанатын күн бүгін, Қайырлы таң, қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін



бет2/13
Дата11.06.2023
өлшемі0,77 Mb.
#100435
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
сабак 2

Сабақтың басы 5минут


Сабақтың ортасы
25 минут

Сабақтың соңы


10 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Ана тілім – бала шағым, өркенім,
Ана тілім – болашағым, ертеңім,
Ана тілім – сайын далам, жер, көгім,
Ана тілім – арман, ойым, өрнегім.
«Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін айтады.
Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б.
«Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік, сенімділік, алаңдау) Сабақтың мақсатын айқындау.
Өлеңнің негізгі ойын анықтай алады. Екі ақынның өлеңдеріндегі ортақ мәселені тауып, одан шығу жолын ұсына алады.
Ширату тапсырмасы Парақшалардағы мақал - мәтелдердің ұйқасын тап.
1. Ана тілін білмейтін адам............... (Надан)
2. Бал тамған тілден...... ..... ( у да тамады)
3. Тіл тас жарады........... (тас жармаса бас жарады)
4. Ана тілім -........... (дана тілім)
«Ойлан» айдары
(Ө) Оқып, сөйлемдердегі ойды аяқта.
Менің ана тілім – ... .
Біздің мемлекеттік тіліміз – ...
Әркім өз ана тілінде ... .
Мен ойымды, қуанышымды, ренішімді ана ... ... ...
Мен ана тілімде ән ... .
Әр ұлттың өз ана тілі ... .
Мағынаны тану
М ұзафар Әлімбаев (1923-2017) - ақын, аудармашы, балалар жазушысы. Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында дүниеге келген.
« Балдырған» журналының бас редакторы болып, қызмет атқарған. 
Ғафу Қайырбеков (1928-1994)- ақын. Қостанай облысы Торғай қаласында дүниеге келген. «Дала қоңырауы» (1956) поэмасы, «Жер астындағы жұлдыздар» (1965), «Қанатты жылдар» (1973) жинақтары, «Беласар» ,«Жұлдызды тағдырлар» атты өлеңдер жинағы бар.
«Түсініп оқы» айдары бойынша Мұзафар Әлімбайдың «Ана тіліне тағзым» өлеңі мен Ғафу Қайырбековтың «Ана тілі» өлеңін түсініп оқиды. Екі өлеңнің мазмұнын салыстыра отырып, негізгі идеясын тауып, қажетті ақпаратты белгілеп отыру тапсырылады. Өз бетінше оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі. Өлеңнен қажетті ақпаратты алу үшін оқушылар стикермен белгілеп отырып оқиды. Белгілеп алынған қажетті ақпаратқа стикерлер жапсырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет