СЫНЫП:4 Д
|
Қатысқандар : 12
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Дұрыс және бұрыс жай бөлшек. Аралас сан
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
5.1.1.10 Дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату
5.1.1.11 Аралас сан анықтамасын білу
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек және аралас сандарды оқи алады;
Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек және аралас сандарды ажыратады;
Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек және аралас сандарды жазады.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Аралас сандарды бұрыс бөлшекке айналдыра алады.
|
Кейбір оқушылар:
Аралас санды бұрыс бөлшек түрінде және натурал санды аралас сан түрінде жаза алады.
|
Бағалау критерийі
|
Дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажыратады;
Аралас сандарды біледі.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
-Бұрыс бөлшектерді аралас сан түрінде және аралас натурал сандарды бұрыс бөлшекпен жазуды түсіндіре алады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
жай бөлшек , бөлшектің алымы мен бөлімі ,дұрыс және бұрыс бөлшектер, аралас сандар, аралас санның бүтін және бөлшек бөліктері;
|
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер
Аралас сан бүтін және бөлшек бөліктен тұрады.
|
Дұрыс бөлшек алымы бөлімінен кіші болады.
|
|
Алымы бөлімінен үлкен немесе тең болатын бөлшек бұрыс бөлшекке жатады.
|
Кез келген дұрыс бөлшек 1- ден кіші болады
|
Құндылықтарға баулу
|
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы,оқушылардың бір бірінің пікірін тыңдауға, өз ойларын ашық, еркін жеткізе білуге тәрбиелеу
|
Пәнаралық байланыс
|
Жаратылыстану
|
Алдыңғы оқу
|
Жай бөлшектер, бөлшектің алымы, бөлшектің бөлімі, жай бөлшектердің негізгі қасиеті, жай бөлшекті қысқарту, қысқартылмайтын бөлшектер туралы түсініктері бар.
|
Сабақ барысы
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10 мин
|
3 мин
2 мин
3 мин
2 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, күндеріне сәттілік тілеу
Топқа бөлу «Өз жартыңды тап». Оқушыларға әртүрлі формада қиылған суреттер бейнеленген бөліктер таратылады. Олар басқаларға таратылған осы суреттердің бөліктерін табу арқылы 5 адамнан тұратын «Жай бөлшек», «Дұрыс бөлшек», «Аралас сан» топтарға жинақталады
Ой қозғау сұрақтары:
-Не себепті тобымызды былай атадық?
- Бұл бөлшек сандардың натурал сандардан айырмашылығы неде?
«Сұрақ менен, жауап сізден.....» әдісі Өткен тақырыпты еске түсіру
оқушыларды 1,2 екі топқа топтастырамыз. 1-ші топ ішкі шеңбер түзеді,2-ші шеңбер сыртқы шеңбер түзіп, ішкі шеңберге қарама қарсы тұрады.Сыртқы шеңбер дегі оқушылар ішкі шеңбердегі оқушыларға бір сұрақ қояды, жауап алған соң, оңға бір қадам жылжып келесі оқушыға басқа сұрақ қояды.
Жұптық жұмыс Үй тапсырмасын тексеру
«Сен маған-мен саған» әдісі бойынша (дәптермен жұмыс, дәптерлерін алмастырып үй жұмысын тексереді)
Жұптық бағалау
Парталас көршіңе бір пікір таңдаңыз
Жарайсың!
Мен сенің жұмысыңа ризамын
Сен жақсырақ жұмыс істей алар едің
|