Сабақтың бөлімі: Жаратылыстану Сабақтың тақырыбы



Дата04.04.2023
өлшемі1,9 Mb.
#79331
түріСабақ
Байланысты:
жартылыстану


Мектеп: М.Жұмабаев мектеп-лицей

Сабақтың бөлімі:

Жаратылыстану

Сабақтың тақырыбы:

Табиғат құбылыстарының ерекшелігі неде?

Күні : 30/01/19

Мұғалімнің аты - жөні: Жаханова А.Ж

Сынып/топ:
0 «ә»

Қатысқандар саны:



Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-нің мақсаттары

0.2.2.1. Табиғат құбылыстарын сипаттау (жел, тұман, найзағай, жаңбыр және т.б.)

Күтілетін нәтижелер

Барлық балалар:
• табиғат құбылыстарын атай алады;
• табиғатта болатын өзгерістерді анықтай алады;
• жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін көрсете алады.
Көпшілік балалар:
• табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін анықтай алады;
• маусымдық өзгерістерге байланысты табиғат құбылыстарының өзгермелілігін айта алады;
Кейбір балалар:
• бақылау үдерісін талқылай алады және қорытынды шығара алады.

Тілдік мақсаттар

Дағдыны дамыту:
бақылау үдерісінде сұрақ қоя білу, болжамдар айту, ұғымдарға анықтама беру, жүйелеу, бақылау, қорытындылау және ойша тұжырым жасау.
Көптілділік:
табиғат құбылысы – природное явление – a natural phenomenon Негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Табиғат, құбылыс, мезгіл, табиғат құбылысы және т.б.
Сабақта диалог/хатта пайдаланылатын тіл:
Талқылауға арналған сұрақтар.
Табиғат құбылыстары дегеніміз не?
Табиғат құбылыстарына қандай құбылыстар жатады?
Қар қай мезгілде жауады?
Жаңбыр қалай пайда болады?
Найзағай қай кезде пайда болады?

Өткен ҰОҚ-де алған білім

Жанды жансыз табиғатты ажырата біледі.

Сабақтың барысы

Жоспарланған
уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс,
әсерлі көңіл
күй орнату.
0–1 мин

«Табиғат » өлеңінің көмегімен дұрыс әсерлі көңіл күй жасау.
Табиғат — біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.







II. Өмірлік
тəжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты
болжам.
3-5 минут

ҰОҚ-ның ортасы


III. Тақырып
бойынша жұмыс
6 – 27мин.

Жұмбақ жасыру арқылы екі топқа бөлемін.
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. ( күн )
Күнді жабады,
Жаңбыр болып жауады. ( бұлт )

Өткен сабақты қайталай. «Белсенді қатыс» әдісімен орындауға тапсырма беремін.
Шарты: Екі топқа жанды және жансыз табиғаттын суретін беремін, жанды табиғатқа жататын табиғатты жанды жағына жапсырады, ал жансыз табиғатқа жататын табиғатты жансыз жағына жапсырады.
Дескриптор: Жанды жансыз табиғатты ажырата біледі.
Бағалау: Екі топ бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Жаңа тақырыпты жұмбақ, аудиожазба, сурет арқылы ашамын.
Жұмбақтарды шешу арқылы маусымдық өзгерістер туралы түсінік беру.
1Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Бөбектерім, айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? (Қыс).
2. Қар, мұз еріп, су көбейіп,
Сай-салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып,
Гүл бәйшешек басады.
Бөбектерім, айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? (Көктем).
3. Өрік, алма, жидек жүзім піседі.
Қауын-қарбыз, қияр, сәбіз дүкендерге түседі. Астық пісіп, орақ түсіп, қырман дәнге толады. Бөбектерім, айтыңдаршы ,
Бұл қай кезде болады? (Жаз)
4. Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай, денең мұздап тоңады. Бөбектерім, айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? (Күз)
-Жылдың қанша мезгілі бар екен?
-Төрт мезгілі бар: қыс, көктем, жаз, күз.
Маусымдық өзгерістерге анықтама беріп көрейікші.

- Ненің дыбысын естідік?
-Жаңбыр,жел, боран,найзағай.
- Қандай суреттер көрдік?
-Кемпірқосақ,тұман, бұршақ.
- Бұларды бір сөзбен қалай атауға болады?
-Табиғат құбылыстары.
-Дұрыс айтасындар,қай табиғат құбылысы сендерге ұнайды?
-Оқушылар өз ойларын айтады.
-Балалар қандай табиғат құбылысы, қай жыл мезгілінде болады?
– Бұлт – ұсақ су тамшылары. Биік аспанда қалықтап жүреді. Ауа райы жылы мезгілдерде жаңбыр болып жауады. Ал суық кезде бұршақ және қар болып жерге түседі.
– Тұман – табиғат құбылысы. Ол да ұсақ су тамшылары. Ол жерге таяу жиналады. Қатты тұман көлік қатынастарына бөгет жасайды. Мысалы: ұшақтар ұша алмайды т.б.
-Жаңбыр – бұлттан бөлініп жерге түсетін су.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
1 тапсырма. Қандай табиғат құбылыстарын білесін? Ата.
Д: Табиғат құбылыстарын атай алады.
Б: Смайликпен бағалау.

2 тапсырма. Аққаланың орнын тап. Сызып көрсет. Әр жыл мезгілінде болатын табиғат құбылыстарын ата.
Д: Аққаланың орнын табады.
Табиғат құбылыстарын атай алады.
Б: Смайликпен бағалау.
Сергіту сәті.
Жаңбыр жауды — тырс,тырс
Боран соқты — гу, гу.
Жел тұрды — ыли,ыли,
Найзағай ойнайды — тарс-тұрс
3 тапсырма. Табиғат құбылыстарына жатпайтын суретті белгіле. Себебін түсіндір. Әр жыл мезгілінде болатын табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін айт.
2 топқа төрт жыл мезгілінің суретін берімін, табиғат құбылыстарын қай жыл мезгілінде кездесетінін жапсырады, түсіндіреді.
Д: Табиғат құбылыстарына жатпайтын
суретті белгілей алады.
Себебін түсіндіре біледі.
Әр жыл мезгілінде болатын табиғат
құбылыстарының ерекшеліктерін
ажыратады.
Б: Смайликпен бағалау.


Суреттер
Карточкалар

Аудиожазба, суреттер, слайд



Әліппе-дәптер
Смайликтер





IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия.
26–30 мин

(Ө) Қалыптастырушы бағалау. Қалыптастырушы бағалау өз жұмысыңды бағалаудан тұрады. Балаларға «Күн-бұлт» әдісімен кері байланыс жүргіземін.
1. Күн – түсіндім,
2. Күн мен бұлт –жартылый түсіндім .
3. Бұлт –түсінбедім.

Балаларды «Басбармақ» әдісімен бағалаймын








Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет