Сабақтың жоспары: Қоғам ұғымы және оның негізгі түрлері Қоғамдық-экономикалық формациялар жүйесі


дәріс. Қоғамдағы демографиялық процестер



бет19/25
Дата13.06.2022
өлшемі153,06 Kb.
#36776
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
Байланысты:
дәрістер

12 дәріс. Қоғамдағы демографиялық процестер
Жоспары:
1.Демография пәні,зерттеу объекті
2.Әлеуметтік көші-қон ұғымы



  1. Демография ғылымын тұрғындар жайлы ғылым деп айтуға болады. Бұл сөздің шығуы грек тіліндегі “демос” халық, “кратос”-жазамын сөзімен байланысты. Демография сөзі алғаш рет ғылымда ХІХ ғ. қолданыла бастады. Оны енгізген француз ғалымы Жан Клод Ашил Гииар болды. 1855 ж. Оның “Салыстырмалы демография” деген кітабы шықты. Ұзақ уақыт бойы демография сөзі тұрғындарды талдау сөзімен тығыз байланысты болды. Ол демографияға тұрғындар туралы,иолардың қозғалысы, физикалық, ақыл-ой және рухани жағдайы туралы матеметикалық ілімдердің жиынтығы ретінде анықтама береді. Тек ХХ ғ. ортасына қарай демографтар бұл ғылымның тек халық санының өсуін ғана емес, тұғындар санының үздіксіз жаңару процестерін зерттейтінін мойындады.

Кез-келген ғылым секілді демография да халықтар жайлы ақпаратсыз және соның ішіндегі процестерсіз өмір сүруі мүмкін емес. Тұрғындар туралы мәліметтер халықтың өсуін болжау үшін және әртүрлі жоспарлар мен бағдарламаларды жасап шығу үшін ғылыми зерттеұқу мақсатында да, сонымен қатар практикалық мақсатта да қолданыла береді.
Ол жерде эмпирикалық мәліметтердің шешуші ролін түсіндіріп жатудың қажеті болмас. Себебі кез-келген теория онсыз абстрактілі болады.
Ғылым ретінде демография тұрғындардың көлемін, орналасуын, құрылымын және өзгеруін зерттейді. Яғни халық санын және белгілі кезеңдегі сол халықтың кеңістікте таралуын, тұрғындардың жастық және жыныстық құрылымын, сонымен қатар тұрғындардың тұтастай немесе оның белгілі бір бөлігінің өсу ін немесе азаюын зерттейді.
Қоғамдағы демографиялық процестер деп-тұрғындардың көшіп-қону миграциясын, және табиғи өсуін, немесе азаюын айтамыз.

  1. Әлеуметтік көші-қон (миграция) – тұрғындардың басқа аймақтарға көшуі, қоныстануы нәтижесінде белгілі бір аймақта халық санының өсуі немесе кемуі. Көші-қон қонысішілік , қонысаралық және ауданаралық облысішілік немесе облысаралық, мемлекеттің өз ішінде және мемлекетаралық, аймақішілік және аймақаралық, ұлтішілік немесе ұлтаралық, т.б. болуы мүмкін.

Қоныс аударуға себеп туғызатын факторларды “мәжбүр ететін” және “қызықтырушы” деп бөлуге болады. Көп жағдайда екіншіден гөрі біріншісі басымдау. Әсіресе бұрынғы Кеңес Одағының ыдырауы ұлттық республикалардағы орыс тілділердің қоныс аударуын күшейтіп отыр. Қазақстанда да көші-қон қозғалысының жеделдігін атап өткен жөн.
Қазақ елінің тәуелсіздік алуына байланысты алыс және жақын шетелдердегі қазақтардың туған жерге қайта оралуымен бірге республика ішінде бір аймақтан екінші аймаққа қоныс аудару да жиілей бастады. Көші-қон қозғалысына жаңа шаруашылық қатынастарымен қатар, кейбір аймақтардағы өте нашар эколгиялық жағдай әсер етуде(экоқашқындар). Орыс тілділердің Қазақстаннан қоныс аударуының экономикалық мәселелерді шешуде қиындық туғызары сөзсіз. Себебі, жергілікті(немесе мұсылман) ұлт өкілдері арасында жаңа техника, технология салаларының білікті мамандары аз. Миграцияның екі түрі бар. 1.Эммиграция-адамдардың басқа мемлекетке қоныс аударуын айтамыз. 2. Иммиграция-адамдардың өзге мемлекеттен қоныс аударуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет