Сабақтың жоспары: Қоғам ұғымы және оның негізгі түрлері Қоғамдық-экономикалық формациялар жүйесі



бет2/25
Дата13.06.2022
өлшемі153,06 Kb.
#36776
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
2 дәріс. Қоғам әлеуметтік шындық.
Сабақтың жоспары:
1.Әлеуметтік қозғалыс ұғымы
2.Қоғам мен әлеуметтік институттар

1. Әлеуметтік қозғалыс дегеніміз-әлеуметтік өзгерістерді тудыратын күш. Көптеген авторлар әлеуметтік қозғалыстың маңызды ролін көрсетеді, “қазіргі қоғамды өгертетін басты әдіс ретінде”; “әлеуметтік өзгерісті жасаушы” және “тарихи қайраткерлер” ретінде қарайды. Әлеуметтік қозғалыстар басқа әлеуметтік өзгерістердің субъектілерінің ішінен қандай орын алады? Бұл сұрақтың шешімін табу үшінәлеуметтік өзгерістердің пайда болу жолдарын қарастыру керек. Олардың кейбіреулері “төменнен”қарапайым адамдардың көпшілігінің белсенділігінен болады; басқалары “жоғарыдан”, үстем таптың басқаруынан келеді.(басқарушылар, менеджерлер, әкімдер т.б), олар өздерінің қалауларын қоғамның басқа мүшелеріне орындаттыра алады. Кейбір өзгерістер алдын-ала ойластырылған іс-әрекеттің, алдын-ала жасалған жобаның нәтижесі болып табылады; басқалары іс-әрекеттің жанама нәтижесі, басқа мақсатқа жету арқылы істелінген іс болып табылады.


Бұл екі жікжарғының бірлігі(орналасу және қайраткердің ниеті) әлеуметтік қозғалыстың 4 түрін береді.

  1. Астарлы(жасырын, айқындалмаған) өзгерістер, “төменнен пайда болатын (Мысалы, күнделікті өмірде адамдардың арқасында, өздерінің жеке мақсатын қанағаттандыру үшін шешім қабылдап, экономикада, демографияда т.б) өзгерістер келтіруі.)

2.“Жоғарыдан” орындалатын латентті(астарлы, жасырын) өзгерістер (Мысалы, үкіметтің іс-әрекетінің арқасында күтпеген жанама нәтижелер әкелетін немесе жорамалданған өзгерістерге қарама-қарсы болатын өзгерістер)
3.“Жоғарыдан шығатын айқын өзгерістер (Мысалы, жоспарлардың табысты орындалуы, үкіметтің, әкімшіліктің немесе басқару аппаратының реформаларды әрекетке келтіруі)
4.“Төменнен” шығатын айқын өзгерістер (мысалы, көпшіліктің қысымымен үкіметтің саяси реформаларға кірісуі), қоғамға өзгерістер енгізу үшін адамдардың бірігу және топтасу жағдайы.
Қоғам әрдайым өзгеріп, бір жағдайдан екінші жағдайға ауысып, үздіксіз даму үстінде болады. Осыған байланысты социологтар қоғам қозғалысының екі бағытын көрсетеді. Олар: прогресс және регресс деп аталады.
Прогресс (лат. Progressиs-алға жылжу) –дегеніміз қоғамның төменнен жоғарыға жылжуын айтамыз. Бұның негізінде қоғам ғылым мен мәдениетте жетістіктерге жетіп, аадамдардың тұрмыс жағдайы жақсарады. Әлемдік әлеуметтік прогресске біз тек қана адамдардың әлеуметтік қорғалуы мен атериалдық байлықтарын ғана емес, сонымен қатар әртүрлі елдер мен кластар арасындағы қайшылықтың бәсеңдеуін, және жалпы адамзаттық қызығушылық пен өркениеттің дамуын да жатқызамыз. Бұған мысал ретінде К.Маркстің 5 қоғамдық формациясын айтуға болады. Ол- тарихи даму өткеннен болашаққа қарай, ескі сападан жаңа сапаға өту арқылы жүретінін дәлелдеп берді.
Алайда қоғамда прогрессивтік күштермен қатар керітартпа реакцияшыл күштер де әрекет етіп, әлеуметтік жаңалықтарға кедергі жасауы, тіпті тарихи кері қайтаруға әрекет жасауы мүмкін. Ол ол ма, тоқырау кезеңдері мен кері кету фактілері де болып тұрады. Бұл жеке елдер мен мемлекеттерде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет