Отбасының бірінші міндеті –ұрпақ жалғастыру қызметі. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды қызметі болып келеді. Бірақ жұбайлардың балалы болу тілегі , қоғамның қай кезеңінде болмасын, оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған., қазір де солай. Мысалы патриархальды отбасы –шаруашылық экономикалық қажеттіліктен туған. Қоғам әртүрлі әлеуметтік саясатты басшылыққа ала отырып, яғни өмірге адам әкелудің экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайларын жасай отырып, ерлі-зайыптылардың өз тілегінен көп не аз баласы болуына итермелейді. Мыс, Қытай отбасында бір бала ғана болу саясаты жүргізілді. Бұл тарихи факт. Мұның зиянды жағы-отбасында бір баланың болуы ұрпақ жалғасуына, халқтың өсуіне кері әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде туу азаяды да, елдің еңбек ресурстарының негізі болатын жұмысқа қабілетті адамдар азайып кетеді. Бірақ халқының саны 1 млрд-тан асқан Қытайда шектеулі жер аумағына шамадан артық адам санын орналастыру мүмкіндігінің жоқтығы бала табу мөлшеріне шек қоюға мәжбүр етті.
Отбасының екінші маңызды қызметі- материалдық-экономикалық және тұрмыстық-шаруашылық мәселелері. Отбасының бұл қызметі қазіргі уақытта бірінші орынға көтерілді., себебі халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Сонымен бірге отбасы мүшелерінің экономикалық тәуелділігі артты., әсірісе көп балалы отбасында.
Отбасы мүшелерінің шаруашылық-тұрмыстық қызметін ерлі-зайыптылар бірігіп атқаруы қажет. Бұрынғы кезде әйел үйде үй шаруасын жүргізді, бала туды, оны тамақтандырып тәрбиеледі, ал ері шаруашылық жұмысын жүргізді, отбасының экономикалық дербестігіне жағдай жасады. Қазір жағдай өзгерді. Әйелдер ерлермен бірдей жұмыс істейді. Сондықтан шаруашылық-тұрмыстық қызметті бірігіп атқару өмір талабына айналды.
Отбасының қызметтерінің бірі-тәрбиелеушілік қызметі; оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі-баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік –мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру , үлкен ұрпақтың тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің маңызды міндеті.
Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, оған сәйкес тәрбиелеу бағдар беру қажет.
Отбасының жыныстық міндеті де бар. Отбасының бұл міндеті жайлы соңғы уақытқа дейін айтылмай келді, ал бұның маңызы басқа қызметтерінен бір де бір кем емес. Зерттеушілердің көрсетуіне қарағанда, жыныстық жағынан сәйкестік рухани сәйкестіктен кейін үшінші орын алады.
Отбасының қүұрамы деп олардың мүшелерінің өзара жиынтығын айтамыз, оған туысқандықтан басқа рухани, азаматтық қатынастар, билік, бедел қатысы да жатады.
Отбасының туысқандық құрылымы, біріншіден жұбайлар мен балалар, екіншіден балалары мен жұбайлары және әйелдің не болмаса ерінің бірге тұратын туыстары , немере-шөберелерден тұрады.
Жұбайлардың өзара билік белесіне сәйкес отбасының екі түрі болады. 1. Демократиялық; 2. Традициялық немесе авторитарлық.
Бала санына байланысты 4 түрлі отбасы болады: 1. Көп балалы; 2. Орташа (екі балалы) 3. Бірбалалы; 4. Баласыз отбасылар. Отбасы әртүрлі басқа жағдайларға байланысты да топқа, түрге бөлінеді. Олардың шартты сипаты түрліше. Мысалы, баланы тәрбиелеу әсеріне қарай жайлы және жайсыз отбасы болады. Материалдық жағдайына қарай, табысына қарай да отбасы жоғары, орта,төмен болып бөлінеді