Сабақтың жоспары: Қоғам ұғымы және оның негізгі түрлері Қоғамдық-экономикалық формациялар жүйесі


Этникалық қауымдастықтардың негізгі формалары



бет25/25
Дата13.06.2022
өлшемі153,06 Kb.
#36776
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
дәрістер

Этникалық қауымдастықтардың негізгі формалары.


Қауымдастық түрі

Негізгі белгілері


Өмір сүру кезеңі

Ру

Қандас туысқандар тобы



Алғашқы қауымдық кезең.



Тайпа

Территориялық, шаруашылық, тіл бірлігіне байланысты біріккен рулардың жиынтығы.

Халық

Ортақ территориясына, шаруашылығына, тіліне, мәдениетіне қарай біріккен тайпалар жиынтығы.

Құлиеленушілік және феодалдық кезең.



Ұлт

Ортақ территориясына, экономикасына, тіліне , мәдениетіне, ұлттық танымына және белгілі бір мемлекетке бірігуіне байланысты біріккен адамдар қауымдастығы.

Капиталистік кезең

2. Адамзаттың этникалық даму процеі өте күрделі және әрдайым жүріп отыратын процесс болып табылады. Яғни этностар пайда болады, бөлінеді, бірігеді, өркендейді және кейде жойылады да. Мысалы, финикийлер, скифтер және т.б сол сияқты ірі қауымдастықтар бір уақыттарда жойылып кетті. Ал қазіргі этностардың көбісі ерте заманнан ақ пайда болған. (мыс,армяндар б.э.д VI-IV ғ.ғ; грузиндер-б.э.д І-мыңжылдықта) Ал ағылшын (XVIғ.), орыс(XVII-XVIII ғ.ғ), неміс (ХІХ ғ.) және т.б ұлттар кейіннен пайда болды. Ал ХХ ғ. І-жартысында түрік, ХХғ. Ортасында австралиялық, ХХ ғ. ІІ-жартысында куба сияқты ұлттық қауымдастықтар пайда болды.
Этностардың бірігуіне мысал ретінде галлдардың, франктердің және т.б халықтардың француз ұлтына бірігуін айтуға болады.
Ал этникалық бөлінуге ежелгі русьтердің (XIV-XV ғ.ғ.) белорустарға, украиндарға және орыс ұлтына бөлінуін жатқызамыз.
Қазіргі кезде ұлттар мен халықтардың 2000-ға жуық түрлері бар. Әлемнің көптеген елдері көпұлтты болып келеді. Мыс, Қазақстанда 130-ға тарта, Қытайда 55, Индияда бірнеше жүздеген, Ресей федерациясында да жүзден аса ұлттар мен халықтар бар. Әлемдегі адамдардың ұлтаралық некелері, көшіп-қону миграциясы, мемлекеттердің көпұлттылығын көтере түседі.
Қазіргі қоғамдағы ұлттардың көптүрлілігі адамдардан, басқа ұлттармен қарым-қатынаста шыдамдылықты, мейірімділікті, ашықтықты талап етеді. Өйткені көпұлтты пәтерде бейбіт өмір сүру үшін өзіміздің көршілерімізбен тату-тәтті тұруымыз керек. Бірақ адамдардың кейбір бөліктері жалпыға ортақ бұл талаптармен санаспай, ұлтшылдыұ идеясын жоғары ұстайды.
Ұлтшылдар өздерінің “үлгілі” ұлттарын басқаларға қарсы қоя отырып, басқа ұлттарға сенімсіздікпен қарап, өз елдеріндегі қолайсыз жағдайлар мен кризистік құбылыстарды әрдайым солардан көріп отырады. Ұлтшылдық негізгі екі формаға бөлінеді: “жаулаушы” және “қорғанушы”. (6-схема)
Жаулаушы ұлтшылдық-ұлтшылдықтың ең агрессивті түрі болып табылады. Мұндай ұлтшылдық әртүрлі жағдайларда, әсіресе колониализм саясатында , яғни ұлы державалардың (Ұлыбртания,АҚШ, Франция) әлсіз ұлттың үстінен үстемдік жүргізуінде көрінеді.
Колониалдық кезеңдерге(XVI-XX ғ. ортасы) тарихи баға бергенде , ұлтшылдық идеология мен саясаттың бұл түрі-ұлы державалық шовинизм(Никола Шовен) деген атқа ие болды. Шовинизмге жақын адамзатқа қарсы идеологияларға расизм, апартейд және антисемитизмді жатқызуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет