11 дәріс.Дін және қоғам
Сабақтың жоспары:
1. Дін әлеуметтік құбылыс ретінде.
2. Дін социологиясының зерттеу объектісі мен пәні, діннің мәні..
3. Дін социологиясының атқаратын қызметтері.
1. Дін дегеніміз не ? Ол қашан, неге пайда болды? Дін деген сөздің өзі латынның” байланыстыру”, “қосу” деген етістігінен алынған. Яғни дін адамды бір сенімге біріктіреді. Дін ілімі және оған жақын объективті идеалистік пайымдаулар діни феноменді мәңгілікпен, құдайдың өзі берген мәңгілік нәрсе деген тезистер негізінде түсіндірді. Екеуі де дінді дүниедегі тылсым күштен шығарды. Оны теология “құдай” деп атаса, ал идеалистік философия “абсолюттік ой” деп атады.
Дін ілімінің объективті-идеалистік концепциясымен қатар діннің субъективті –идеалистік концепциясы бар. Бұл концепцияның авторы америкалық У.Джеймс (1842-1910) дінді адамдардың субъективті ішкі күйзелісінен кенеттен туындайтын жеке сананың қалыптасуы ретінде қарастырды.
Діннің әлеуметтік негізі –дінді туғызып, үнемі оған дем беріп отыратын өмірдің объективтік жағдайлары. Бұл жағдайдың бірі адамның табиғатқа, ал екіншілері адамдар арасындағы қарым-қатынасқа байланысты болады. Адамдардың табиғатқа қатынасы олардыағы еңбек құрал-жабдықтары негізінде жанама түрде қалыптасады. Бұлар неғұрлым нашар дамыса, табиғат алдында дәрменсіз келеді. Сөйтіп табиғат күштері оларға көбірек үстемдік етеді. Ф.Энгельс алғашқы қауымдық кезеңдегі діннің әлеуметтік қайнар көзі ол кезеңнің “ экономикалық негізі”.
Дін социологиясы –социология пәнінің бір бөлігі болып табылады. Дін социологиясы ХІХ ғ. ІІ жартысында Европада, дәлірек айтқанда , Франция мен Германияда пайда болды. Дін бұл елдердің қоғамдық өмірінде сол кезде де үлкен орын ала бастады: діни мекемелер мен діни ұйымдар және дін басшылары өздерінің насихат жұмыстарын белсенді түрде жүргізді. Дінге деген қоғамдық ынтасы оянды. Сонымен бірге тарихи-әлеуметтік ғылымдар саласында да ғылыми зерттеу жұмыстары өсті. Дін социологиясын социология ғылымының саласы ретінде қалыптастырған ғалымдар қатарында Э.Дюркгейм, М.Вебер, К.Маркс, Т.Парсонс болды. Э.Дюркгейм 1858-1917 ж.ж. аралығында өмір сүрген француз ғалымы, көрнекті социолог. Оның басты шығармасы:”Діни өмірдің алғашқы түрлері Австралиядағы тотемдік жүйе” деп аталады. Ол еңбектегі автордың негізгі пікірлері-дін өздігінен пайда болады және ол адамдардың алғашқы қауымдастықтарын топтастыру қажеттілігнен туады.
М.Вебер 1864-1920 ж.ж. аралығында өмір сүрген неміс ғалымы, талантты социолог. Оның басты шығармасы: “Протестант және капитализм рухы” деп аталады. Өзінің осы еңбегінде ол діннің мәні адамдардың мінез-құлықтары мен іс-әрекетіне ой элементтерін, парасат енгізу, осылайша олардың өмірлеріне биік мақсаттар әкелу екенін айтты. Ол діннің шығу тектерін шаруашылық қажеттіліктеріне байланысты қарады.
К.Маркс (1818-1883ж.ж.)-марксизм ілімінің негізін қалаушы, аса көрнекті философ және публицист. Оның дін социологиясы саласындағы шығармасының ең бастысы –“Гегельдің құқық философиясына сыны туралы” атты еңбегі. Онда К.Маркс дін адамдардың ауыр әлеуметтік жағдайына байланысты пайда болды және ол жағдайлар жөнделген кезде дін өзінен-өзі жойылады деп қорытынды жасады.
Т.Парсонс (1902-1979ж.ж.) американ социологы, профессор. Оның басты шығармасы: “ Социологияның жалпы теориясының мәселелері” деп аталады.
Осындай социолог ғалымдар, философ-ойшылдардың еңбектерінің негізінде діни социология ғылымы дүниеге келді.
Дін социологиясы өз алдына жеке ғылым болуына байланысты, оның басқа ғылымдар сияқты зерттейтін пәні, іргетасы іспетті категориялар жүйесі, заңдары мен қызмет салалары және арнайы әдістері қалыптасты. Діни социологияның ғылым ретіндегі пәні дін мен қоғам арасындағы диалектикалық байланыстардың жалпы заңдылықтары. Дін мен ғылымның байланыстары 2 жақты диалектикалық байланыс болғандықтан , олардың байланыстарының бірінші жағы- қоғамның, қоғамдық қатынастардың дінге жасайтын ықпалдары. Ал екінші жағы –діннің, діни көзқарастардың, діни элементтер мен функциялардың қоғамға тигізетін кері ықпалы.
Дін деген қоғамдық сананың ертеде пайда болған формасы. Қоғамдық сана қоғамдық болмысты бейнелейтінін және қоғамдық болмыстың түрліше жақтары мен қырларын бейнелейтін қоғамдық сананың формалары көп болады. Діни сананың пайда болған уақыттарына келсек, ол “адамгершілік сана” және “көркемдік сана” түрлерінен кейін , бірақ “саяси”, “құқықтық” санадан бұрын өмірге келді. Діни сананың қоғамдық болмысты бейнелеу тәсіліне келсек, онда ол айналадағы шындықпен қатар одан да жоғары тұратын шындық-бір тылсым күштер бар деп қияли бейнелеуінде. Діннің мәні-қоғамның, болмыстың, адам өмірінің, суреттеп айтқанда “төрт бұрышы түгел болмауына” байланысты, өйткені адам жас кезінде арман тілегі көп болады, бірақ оны орындауға тәжірибесі жетпейді, бірақ олардың орындалуы көңіл толтырмайды, ал кәрілік кезінде өмір көрген түстей болса керек. Ал енді адамдар өмірдегі мұндай ірі-ірі белес сатыларды былай қойсақ, онда олардың орындалуы көңіл толтырмайды. Сонымен өмір болмысының жетімсіздігі –адамдардың мүмкіндігінше бақытты өмірге талпыну мақсаты, оларды көмектесе алатын бір құдіретті күшті іздеуге алып келеді. Халықтың санасында ол құдіретті күш , ол абсолют, еңалдымен ылғи да бар болуы керек, яғни ол мәңгілік болуы керек. Өйткені ол қай заманның адамдары болмасын , оны іздемесе де, ол өзі табылуы керек: өткен адамдар болсын, қазіргі адамдар болсын , болашақ адамдары болсын , бәрі солай түсінуі керек. Ол абсолют екіншіден бәрін естуші , бәрін көруші, білуші болу керек. Өйткені кім қай жерде мінәжат жасап, тілек айтса, оған ол жетуі керек. Ол абсолют үшіншіден ұлы құдірет иесі болуы керек. Адамзаттың барлық болмысын жетілдіре алатын ондай абсолют бұл дүниелде болуы мүмкін емес. Ол бұл дүниеден тысқары және жоғары тұратын тек құдай ғана болуы мүмкін.
“Құдай” ұғымы барлық діндердің , соның ішінде әлемдік діндер-Будда дінінің, Христиан және Ислам діндерінің ең басты ұғымы болып табылады. Сонымен , діннің мәні бір құдіретті күшті , абсолютті табиғаттан тысқары тұратын құдай деп түсініп, сол құдайға құлшылық жасау болып табылады.
3. Діннің адам өміріндегі атқаратын қызметтері сан алуан, көп қырлы, және көп қабатты болып келеді. Діннің қызметтері негізінен 6 салаға, 6 бағытқа бөлінеді. Дін қызметінің бірінші бағыты дүниеге көзқарастық қызметі. Дүниеге көзқарас адамдардың, олардың қауымдастықтарының құдай туралы, дүние туралы жүйеге келтірілген білімдердің жиынтығы. Дін-құдай дүниені де, адамдарды да жаратқан алып күш, теңдесі жоқ құдірет, яғни абсолют күш деп түсіндіреді. Дүние мен адам және олардың өмірлері тек сол абсолюттен туындайды және сол абсолютке тәуелді болады. Осылайша дін дүниенің діни келбетін, діни бейнесін, діни суретін жасайды. Сол бейне , сол сурет негізінде адамдардың сыртқы дүниеге көзқарастары қалыптасады.
Дін қызметінің екінші бағыты-бағалаушылық қызметі болып табылады. Дін қызметінің осы саласы адамның түсініктерін, ұғымдарын, ойларын және мінез-құлықтарын құндылықтар жүйесіне сәйкестендіріп, және қадағалап отырады. Олардың түсініктерінің мазмұны мен мінез-құлықтарының сипаттары осы құндылықтарға сай келсе, онда олар “жақсы” деп бағаланып, алсай келмесе, онда олар “жаман” деп бағаланады.
Дін қызметінің үшінші бағыты –реттеушілік қызметтері. Діни сана, қоғамның құқықтық санасы сияқты, адамдардың бір-бірінің қатынастарын, адамдардың қауымдастықтарға қатынастарын, адмдардың құдайға, мемлекетке қатынастарын, яғни адамның туғаннан бастап, өлгенге дейінгі барлық қарым-қатынастарын реттеп отырады. Ол реттеудің негізіне діни қауымдастықтарың құндылық туралы түсініктері жатады. Сол діни түсініктер адамның барлық қатынастарын реттеп отыратын ережелерден, нормалардан, принциптерден тұрады. Сол ережелер мен нормалар орындалса “дұрыс” болады деп, ал орындалмаса “бұрыс” болады деп есептеп отырады.
Дін қызметінің 4 бағыты -өнерпаздық қызметі. Қандай дәуірде, қоғамда болмасын, адам өмірінің төрт құбыласы түгел бола бермейді. Адамдардың әрқайсысының өмірде міндетті түрді шешілмеген мәселелері болады. Ол мәселелер біреулерде кедейліктен құтылмау, екіншісінде ғашығына қолы жетпеу, үшіншісінде –ел билеушілік дәрежеге жете алмау , төртіншісінде ауру-сырқаудан қорлық көруі, енді біреулерде не мәселені шешуді қолға алса да, ылғи да сәтсіздікке ұшырауы. т.с.с. Сол мәселелерді адам баласы болған соң шешуге тырысады. Сол тырысушылық табиғаттан тысқары тұратын тылсым күш-құдайдың көмегімен шешуге ұмтылыс туғызады.
Дін қызметінің тағы бір бағыты –топтастыру қызметенен тұрады. Дін, дін иелері діни нанымдағы адамдарды белгілі бір мақсаттар төңірегінде топтастырып, ұйымдастырып жатады. Ол мақсаттар негізінен этностардың өзін-өзі сақтау, басқа этностармен араласып жоқ болып кетпеу сияқты қажеттіліктерінен және сол үшін өздерінің жеке мемлекеттерін құрып, оны қорғау сияқты қажеттіліктерінен туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |