СӨЖ тақырыптары: 2) Физикалық орта. 3) Мәдениет 4) Топтық тәжірибе
Бақылау сұрақтар1. Адам, индивид, жеке тұлға
9 дәріс Жеке тұлға әлеуметтенуы.
Сабақтың жоспары:
1. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі.
2.Жеке тұлғаның статустары мен рольдері.
1. Адам дүниеге келгенде әлі негізінен биологиялық жан. Нәрестеде әлеуметтік өмір туралы ешқандай түсінік жоқ., онда адам болудың тек мүмкіндіктері ғана бар. Нышан деп аталатын ол мүмкіндіктер басқа адамдармен қарым-қатынас жасап, қоғамдық қатынастар жүйесіне енуі нәтижесінде ғана адамдық қасиеттерге айналады. Сондықтан да К.Маркс адамның мәні, сайып келгенде, барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады деген болатын.(К.Маркс, Ф.Энгельс)
Демек, адам адам болып туылмайды, қалыптасады. Адамның адам болып қалыптасуы оның физиологиялық және психикалық дамуына сәйкес табиғи нышандардың негізінде жүзеге асады: мұнда әлеуметтік-экономикалық жағдайлар , мәдени құндылықтарды меңгеру, мектеп пен семьяда тәрбиелеу, замандастарының ықпалы сияқты факторлар шешуші роль атқарады. Адамның бұл қалыптасу процесі социологияда әлеуметтендіру деп аталады.
Өскелең ұрпақтың әлеуметтену мәселелері алғаш рет субъективтік тұрғыдан біржақты Батыс Европада жарық көрген ғылыми еңбектерде , атап айтқанда, австриялық психолог З.Фрейдтің психикалық анализі мен осы ілімнің негізінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Германияда пайда болған антропологиялық мәдениет теориясын дамытушылародың еңбектерінде аталып, жасөспірімдердің психикалық және жыныстық пісіп-жетілуі олардың әлеуметтенуінің қайнар көзі ретінде қарастырылды. Ал необихевиоризм өкілдері “әлеуметтену” ұғымының мазмұнын “әлеуметтік өмірді оқытып-үйрету” мәселелерді құрайды деп есептейді. Символдық интеракционизм мектебінің мүшелері “әлеуметтену” дегеніміз “әлеуметтік мқарым-қатынас нәтижесі” деп түсіндіреді. Гуманистік психология ағымының өкілдері “әлеуметтену” терминінің мазмұнын “ мен” ұғымының баламасы ретіндегі “пайымдап, дайындалған болашаққа қатысты көзқарастың” өзіндік маңызды мәселелерді құрайды деп біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |